Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар:
Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.
Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.
Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.
Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.
Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады
Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда. Екіншіден, ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуге байланысты материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі. Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда базалық ортаның аз қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы оқу бағдарламасын өзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.
Қорытынды Қорытындылай келе айтарым, көрнекілік әдісі бұл ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады. Ағылшын тілінің Мемлеткетіміздің дамуында, оның алдыңғы қатарлардан көрінуіне маңызы зор. Сондықтан да, бұл тілді әлемдік деңгейде игерту- тікелей мұғалімдердің салған күштеріне, үйретуде қолданған тиімді деген әдіс- тәсілдеріне тікелей байланысты дегім келеді. - Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 1993.
- Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. Алматы, 1995 жыл.
- Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. Алматы, 1997
- Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж
- Интернет желісі
Достарыңызбен бөлісу: |