Сауат ашуға даярлау



бет4/6
Дата23.05.2024
өлшемі34.22 Kb.
#501726
1   2   3   4   5   6
Тусупова Айзат

2.2. Тасмалданбайтын сөздер
Балаларға тасымалданбайтын сөздер туралы түсінік бере отырып, сөз, сөйлем ішінен тасмалданбайтын сөздер таба білуді меңгеру, өлеңді түсініп сауатты жаза білуге, оқуға дағдыландыру.
Ойын түрлері арқылы ізденпаздық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау барысында іскерлік , танымдық, есте сақтау, қабілеттерін арыттыру.
Балалардың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, білімділікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Адам өмірінде ауызша сөйлеу тілінің алатын орны орасан зор. Өйткені ол – адамдар арасындағы қарым-қатынаста қолданылатын басты құрал. Баланың есту қабілетінің бұзылғандығынан сөйлеу тілі дамымай қалады, сондықтан арнайы үйретіп – оқытпай бала тілі дамымайды, сөйлемейді. Естімейтін балаларға арналған мектептердің басты міндеті - баланың есту қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін байланыс қызыметін, функцияларын дамыту. Осы міндет жекелендірілген сабақтарда жүзеге асырылады.
Жекелендірілген сабақтың негізгі уақыты естімейтін балаға сөйлеу тілін естіп қабылдауға үйретуге жұмсалады. Бұл жұмыстар естуге, жаттықтыруға брілген жаттығулардың көмегімен өткізіледі. Әрбір естімейтін баланың есту мүмкүншілігін, ерекшеліетерін ескере отырып оған тиісті талаптар қойылады. Жекелеген сабақ барысында мұғалім баланың қалдық есту қабілетінің өте төмен екенін білуі керек. Сондықтан әр сабақты тәрбиеші баланың сөзді еститіндігіне сенімін арыттырып, тынталандыратындай етіп өткізу қажет.
Жекелеген сабақта әр баланы аптасына үш рет 20 мин оқытады. Сабақ мерзімі 2 кезеңге бөлінеді: 10 мин сөйлеу тілін қалыптастыру ( дыбыстану), 10 мин есту қабілетін дамытуға арналады. Саңырау балалардың есту қабілетін дамыту және сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысында дыбыс күшейткіш аппараты қолданылады.
Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:
1)Көргенді, естігенді, сезінгегнді, түсініп оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру:
2) Айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жосапр түзу, әнгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен анықтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту:
3) Балалардың сөздің қоры мен жұмыс жасау ( жаңа сөзер мен ұғымдарды синонимдерді, аноонимдерді игеру, кітап суреттермен және көркем әдебиет тілімен танысу):
4) Сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: Дыбюысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.
Сауат ашудың бастапқы кезеңіндегі міндет- балаларды әр түрлі дыбыстарды тыңдай білуге үйрету. Дыбыс деген ұғымды меңгерту. Арнайы жасалған дидактикалық материялдарды, сөздік ойындарды суреттерді пайдалана отырып, сөздің дыбыстық құрамын түсіне, талдай білуге үйрету. Ойын – логикалық жаттығу, көрнекілік әдістерін кеңінен қолдана отырып, ана тіліндегі барлық дыбыстарды, әріптерді үйрету. Сөзді буындап және тұтас оқуға жаттықтыру.
Сауат ашу сабақтары процесінде сөздік қорды байыту, байланыстырып сөйлеуді үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Жазу. Балалар осы кезеңде тақтаға бормен түрлі ілмек ( үш ), сопақша (екі), тікбұрыш (екі) сияқты ритмикалық өрнектерді жазуды игереді. Балалардың қолын, саусақ бұлшық еттерін дамытуға байланысты жаттығулар жасалынады.
«Сауат ашудың негізгі мақсатын- оқу, жазу дағдысының негізін қалау: балаларды тыңдауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларды сөздің дыбысьтық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және могологтық сөйлеуін дамыту».
Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан да бір жылда ма, ені айда ма, үш айда ма әйтеуір бала толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет