ІІ Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
2.1. Сауат ашу кезеңін ұйымдастыру жолдары
Мамандар даярлаудағы заман талабының қойып отырған әлеуметтік сұранысы мен мемлекеттік тілді кәсіби бағдарлы оқытудың теориялық, әдістемелік тұжырымжамасының ғылыми – теориялық негізін айқындау өзекті мәселе. Мектеп өмірінің іс-тәжірибесі дәуір талабына сай жас ұрпаққа білім беру, оларды ғылым саласына қызықтыру, өмір сүруге деген талпынысын ұйымдастыру мектептегі басты тұлға ұстазға жіктелген.
Колледж балаларына берілетін оқу материялын меңгертуде әр түрлі әдістерді қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Сауат ашу пәні бойынша балалардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, Байланыстырып сөйлеу, сөздікқорын байыту, граматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, алғашқы грамматикалық мағыналарды меңгерту, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншілік құрмет мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, ізгіліккеі отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі » пәні бойынша өткізілген білім мен білікті практикада қолдану сабағының жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Дайындық кезеңінің жоспар конспектісін жасау.
Сабақтың мақсаты: Балаларға дайындық кезеңінің сабақ жоспарларын жасауды меңгерту
Сабақ міндеттері: Балаларға сабақ жоспары, оның құрылымы типтері жөнінде алғашқы түсініктер беру, сабақ жоспарын құру жолдарын үйрету балалардың сөздік қорын молайту, өз ойын жүйелі баяндай білу дағдыларын жетілдіру сабаққа ынтасын арыттыру. Балалардың өз мамандығын құрметтей білу сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілгі: Сызбалар, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың түрі: Білім мен білікті практикада қолдану сабағы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Жаңа сабақты хабарлап, мақсатын қою.
Дайындық кезеңінің міндеттері және сауат ашу кезеңдері туралы қысқаша айтылып еске түсіріледі.
Қай жұмыс болмасын, бүгінгі күннің болсын, яғни қай нәрсенің болсада жоспары болады.
- Ал сендер қалай түсінесіндер? – деп проблемалық сұрақ қоямын.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |