Сауат ашуға даярлау



бет6/6
Дата23.05.2024
өлшемі34.22 Kb.
#501726
1   2   3   4   5   6
Тусупова Айзат

Сабақтың тақырыбы: М дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаттары: 1) М дыбысы және әріпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталату. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту;
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арыттырып, тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
Ұқыптылыққа, әдептілікке, ұжымдылыққп, адамгершілікке тәрбиелеп баулу.
Әдіс-тәсілдері: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, ойыншықтар, үлестірмелі суреттер, әліппе-дәптер т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, балаларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Өтілген әріпті еске түсіру
Й әріпі мен дыбысы.
Ай,ой,үй
ІІІ. Жаңа сабақты өтіп, түсіндіру.

  1. Жұмбақ шешу.

Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)
-«Мысық » деген сөзді бірінші қандай дыбыс естіледі?
-М дыбысы.
-М дыбысы дауыссыз дыбыс.
Ж.Смақов «Кішкене әліппе».
Бұзау «М-ны» «Ө-ге» қосып:
«Мө» дейді
Ал мен «М-ны» «А-ға» қосып;
«Ма»- деймін,
«Мама!» - деймін.
Мама – М әріпінен басталады.


IV. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сергіту жаттығуы
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.


V. Көрнекілікпен жұмыс
Түйенің суретін көрсету.
Түйе өркешін қарайық,
Құсайды оған қай әріп? (М)


VІ. Бір буынды екі буынды сөздерді оқу.
Ма,мо,мә
Мал,мол, ма-са, ал-ма.
Ұйқасын тап.
Іші толған щәрбат,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзіп,
Оның аты – (Жүзім)
«Жүзім» деген сөзде М дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр.
М дыбысы сөздің басында, ортасында да, соңында кездеседі. [4]








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет