Сауатты жазуға үйрету жолдары,жүргізілетін жұмыстар


Бір сабаққа қысқаша шолу жасайық



бет2/2
Дата23.11.2023
өлшемі26.8 Kb.
#484215
түріСабақ
1   2
f603eff7d82f930

Бір сабаққа қысқаша шолу жасайық
Сабақтың тақырыбы: Т т дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Т т дыбысы мен әрпін тану арқылы,сөздерді оқу мен жазуға, әріп элементін дұрыс таңбалауға үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі:Т т әрпінің баспа ,жазба түрі., суреттер
Сабақтың барысында үй тапсырмасы й әрпін мұқият тексеріп , берілген сөздерді оқыттым.Тапсырманы жақсы орындаған оқушыларды мадақтап, ал нашар жазғандар болса түзетіп ескерту жасау керек.
Жаңа сабақ бойынша суреттерді көрсете отырып ,сөз ішінде таныс емес әріпті табу.
Қай әріп таныс емес?
-Т т әрпі.
Әр сабақ сайын әріпті көреміз және жазамыз деп айтып отырамыз.
-Тт әрпін ауада жазып көреміз.
Т бас әрпінің жазбаша түрі 4 элементтен тұратынын және т кіші әрпінің жазбаша түрі 3 элементтен тұратынын айтып, жазып көрсетеміз.Оқушылар кітаптан қарап Тт әрпінің жазылуын тақтада көрсетілген әріппен салыстырып көреді. Тт әрпінің жазбаша түрін оқушыларға тақтаға жазғызып әдемі жазғандарын мадақтап , дұрыс жазбаса үлгіге қарап жазуды ескертеміз.
Әрбір әріпті , сөзді дұрыс жазуды ескертіп отырамыз.Әріптерді дұрыс қосып жазуларына көп көңіл бөлемуіміз керек.
Ат ай ас а-та от тай тас а-на
А-нау а-ла тай. А-ла тай а-сау. Тау-ман Ма-рат тай су-ар. Сөйлемдерін жазғызғанда әріп таңбаларын , әріптерді қосып , сөздерді дұрыс буынға бөліп жазуларын қарау керек.
Бірінші сыныпта әліппеден әріптерді өткен кезде үнемі оқушыларға әріп элементтерін дұрыс ,әдемі жазуды ,дұрыс қосып жазуды қадағалап отырса, сауатты көркем жазуға қалыптасады.
Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді.Оқу мен жазудың негізі –ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды.Бағдарлама талабына сәйкес оқушыларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым орфографиялық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалыптасуы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден құралады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу,дыбыстардың реттілігін сақтау, дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу, бейнелеу. Басқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады.Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді.Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.
Екінші сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі. Оқушылардың бірінші сыныпта жазуға қалыптасқан әрекеттері, бұл сыныпта дамытылып, ары қарай әдемі жазуға үйрене түседі. Екінші сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты жазу қарқынын жеделдету, біркелкі ырғақпен жазуға үйрену.Бұл сыныпта біркелкі ырғақпен жазу мен тез жазуға арналған жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.
Үшінші сыныпта оқушылардың жазу дағдысы одан әрі жетілдіріледі. Әріптерді әдемі, тез жазуға арналған жаттығулар жүргізіледі. Әр сабақта көркем жазуды қадағалап отырған жөн. Сынып жоғарлаған сайын кейбір оқушылар әріп элементтерін бұзып ,қате жазады. Мұндай оқушыларға үнемі ескерту жасап , қадағалап отыру керек. Сонда ғана білімді , сауатты оқушылар қатары көбейеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет