Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет14/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

Мақсатты-мотивациялық – ортақ тақырыпқа бағындырылған білімдерге 
қызығушылық; «шиыршық» жүйесімен ұсынылған кешенді білімнің 
маңыздылығын сезіну және меңгеру; түрлі ғылымы саласынан білім беретін 
пәндердің мазмұндылығы жағынан тұтастықты беретін танымдық жүйе 
тұрғысынан қатынас жасау, ынта-жігердің артуы. Іс-әрекеттік - танымдық іс-
әрекет бағыты бастауыштағы жеке пәндер бойынша берілетін білімдерді ортақ 
тақырыптар жүйесімен игеру; әлемді ғылыми тұрғыда тануға негізделген 
алғашқы білімдер жүйесін меңгеру; танымдық білімдері туралы түсініктердің 
қалыптасуы және өмірлік тәжірибемен үйлесуі, оқушының жеке тұлғалық 
болмысын дамуындағы өзін-өзі тәрбиелеу әрекетінің орын алуы; оқу-танымдық 
әрекеттегі оқушының белсенділігі және т.б. 
1-ші шарты: Oқy пәндеp apacындaғы өзapa бaйлaныcтың бoлyы – түрлі 
ғылым салаларын меңгеpy және танымдықтың /оқу-жаңа білімді алу, тәрбие, 
даму/ кешенді түріне ие болу арқылы тілдік қатынастың ерекшелігін ескеру – 
бұл: бастауыштағы орын алатын пәнаралық байланыстарда оқушылардың 
әртүрлі ғылыми ұғымдар жүйесімен таным-түсініктерінің қалыптасуын 
зерделеу, ауызша және жазбаша нормаларын меңгеруі, сөйлеудің мақсаты мен 
мазмұнына сәйкес қарым-қатынастың түрлі жағдайында мәнерлік тілдік 
құралдарды пайдалану білігі. Сауатты сөйлеу мен сөздік қорының артуына, 
алға қойылған мақсатты айқындауда, танымдық әрекеттегі оқыту 
технологиясының табиғатында жатқан дүниетаным логикасының қазақ ұлттық 
дүниетаным жүйесінде де танылған бейнесін салыстыра отырып, оқушылардға 
ана тілі арқылы білімді төл табиғатына жақын етіп беруді басшылыққа алады. 
2-ші шарты: Дүниені ақиқаттық және шындық тұрғысынан танудағы 
бiлiм мaзмұнының бapлық құpaмды бөлiктеpiн оқудағы бірізділіктің болуын 
басшылыққа алу – бұл: оқытудағы бірізділік – жаңа оқу материалын оқу 
бұрынғы оқытумен қамтамасыз етілетін көрсететін білім беру және оқытудың 
талабы. Білім талаптың орындалуы оқыту үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз 
етеді. Жаңа материалды баяндауда мұғалімнің үнемі оқушылардың қабылдаған 
білімдеріне сүйенуді бұл олардың жұмысын жандандырады, бұрынғы оқылған
материалдарды қалпына келтіріп, оқушы санасында берік бекуіне көмектеседі. 
Бұл талаптың тәжірибеде пайдаланылуы оқытудың қарапайымынан күрделіге, 
жақыннан алысқа, жеңілден ауырға, нақтылыдан абстрактіліге деген 
ережелерін орындауда байқалады. Бастауыштың оқу жоспарлары мен
бағдарламалары оқытудағы бірізділігін қатаң сақтай отырып жасалады және 
оқудағы бірізділік пәнаралық байланыстады жүзеге асыруда ерекше мәнге ие 
болады.
3-ші шарты: Пәнapaлық бaйлaныc жaн-жaқты танымдық білім мен 
тәpбие беpyде жеке пәндерді топтастыруда ортақ тақырыптардың болуын 
жүзеге асыру – бұл: оқушылардың ақыл-ойы және күш-қуаттық қабілеттерінің, 
дүниеге көзқарасын, моралін, жүріс-тұрысын, қоғамдық өмірге және еңбекке 
даярлығының меңгеруін қамтамасыз ететін ғылыми білімдердің, біліктердің, 


62 
дағдылардың, қатынастардың және шығармашылық іс-әрекеттің барыстары. 
Білім беру және тәрбиенің көзі болып мәдениеттің бүкіл көп түрлілігі қызметін 
шиыршықтық жүйемен оқу-тәрбие жұмысында теория мен тәжірибенің 
байланысын жүзеге асыру жолы, оқушыларды өмірге даярлаудың маңызды 
шарты.
4-ші шарты: Пәнаралықты ұйымдастырудың әдістемелік-жаңашылдық 
жүйесін қолдану, оқушыларға біліми-танымдық және тәрбие беру 
барыстарының барлық салаларын кешенді жүзеге асыруға ықпал жасау – бұл: 
нақыт міндеттерді шешуге бағындырылған, шындықты меңгерудің тәжірибелік 
немесе теориялық салыстырмалы біркелкі тәсілдері мен амалдарының 
жиынтығы. Педагогикалық жаңалықтарды жасау, қабылдау, бағалау, меңгеру, 
қолдану барысын басқару мен жеке пәндерді оқыту саласының тәсіл, 
айлаларын жақсы және білікті қолдану, соның негізінде оқушыларды оқыту 
мен тәрбиелеу міндеттерін орынды шеше алу. 
5-ші шарты: Пәнapaлық бaйлaныcтағы білім беру мен оқыту және 
тәрбиелеу барыстарын ізгілендіру /гуманизациялау/ – бұл: оқытудың 
мазмұнына, формасы мен әдістеріне рухани-адамгершілік пен ізгілендіру 
идеяларын тарату; білім беру үдерісімен тұлғаның еркін және жан-жақты 
дамуын, оның қоғам өмірінде анық әрекетті қатысуын қамтамасыз ету. Оқытуда 
әрбір білім алушы оқушыға рухани бай, технократия мен адамгершіліксіздікке 
қарсы тұра алатын дамыту мақсатында жаратылыстану-математика
гуманитарлық және эстетикалық білім мен тәрбие беру пәндер циклдері 
арасында үйлесімді тепе-теңдікті орнату. Оқушы тұлғасының берік және 
үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін өмірге құндылық қатынастарды 
қалыптастыру. Оқушы болмысының істері мен ойларына жоғары сипат беруге 
қабілетті борышын сезіну, әділдікті, шындықты, жауапкершілікті және т.б. 
тәрбиелеу.
6-шы шарты: Пәнаралық байланыста әр оқушының тұлғалық жеке 
ерекшеліктерін дамыту мен оқыту және тәрбиелеудегі бірлескен ұжымдық 
әрекетті ұйымдастыру – бұл: педaгoгикaлық үдерісте орын алған пәнаралық 
байланыстарды жүзеге асыруға қатынасушылардан өзара келiciм мен 
ынтымақтастық, бірлескен іс-әрекетті үйлестіру, тұрақты өзара әсер 
жағдайында болу біліктерін талап ететін жеке, ұжымдық және топтық жұмыс 
болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінде әлеуметтену, өзара әрекет, оқушы 
тұлғасының жеке және ғылыми-танымдық мүдделерін біріктіреді.
7-ші шарты: Пәнаралық байланыс - мұғалімнің кәсіби қызметіндегі 
шығармашылдық және педагогикалық әрекетті ұйымдастыру мен белсенділігі –
бұл: жеке пәндердің оқу материалдарын өзара кіріктіру жағдайындағы оқу-
тәрбие үдерісіндегі, оқушылармен қарым-қатынастағы тиімді және қалыпты 
жағдайдағы емес педагогикалық шешімдерді мұғалімнің жасап шығаруы және 
жүзеге асыруы. Кәсібип шығармашылық педагогта терең және жан-жақты 
білімдер, оларды сын көзбен өңдеу және мағыналы ұғынудың бар екендігімен 
сипатталау; педагогикалық әрекеттерге теориялық және әдістемелік 
қағидаттарды бірінен-біріне ауыстыру білігі; өз бетімен білім алу және өзін-өзі 


63 
жетілдіру, жаңа әдістемелерді, формаларын, тәсілдер мен құралдарды және 
олардың түп нұсқалы біріктірілуін, іс-әрекет жүйелерінің диалектілігі, 
өзгергіштігі, жаңа жағдайларда қолда бар тәжірибені қолдану тиімділігі; өз іс-
әрекетін және оның нәтижелерін рефлективтік бағалауға қабілеті; білімдер мен 
алдын ала сезінуге негізделген түрлендіруге қабілеті; көп мәнділікті көре білуі. 
8-ші шарты: Оқушылардың білімділік, дамушылық және тәрбиелік 
деңгейін анықтау, пәнаралық байланыстағы оқушылардың әрекеттерін іске 
асыру, диагностикалау – бұл: педагогикадағы пәнаралық байланыс құбылысын 
талдау 

өзінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін, жағдайын мұғалімнің өзі 
зерттеуі, педагогикалық құбылыстардың құрамалары арасындағы себеп-
салдарлық байланыстарды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жетілдіру 
жолдарын онан әрі анықтау. Педагогикалық талдаудың қызметтері: 
/диагностикалық, танымдық, түрлендіргіштік, өз бетімен білім алушылық/. 
Педагогикалық үдерістегі пәнаралық байланыс жағдайларын объективті және 
жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін 
есепке алу тәсілі; танымдық барыста орын алып отырған барлық өзгерістерді 
анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық 
деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты 
айқындаудан және одан әрі дамудың болжамын құру. 
Жоғарыдағы нобайда берілген педагогикалық шарттары - оқу 
материалдарындағы білімдерді пәнаралық жүйе негізінде ұйымдастыру мен 
басқарудың құрамдаушы құрылымының танымдық және мазмұндық 
сәйкестілік бағыттылығы заңдылығына сүйене отырып, жүйелі және бірізділік 
жолымен жалғасып жатады. Бұнда жаңа білімдер негізінде педагогикалық 
басшылық жасау құралдары арқылы оқушылардың тұлғалық жеке болмысының 
дамуына ықпал жасау жиынтығының тұтастық бейнесі қалыптастыруда 
пәнаралық байланыс шарттарын өз алдына дербес қарастыру мен анықтау 
арқылы жүйесін көрсету орын алды. Бұл өз кезегінде, зерттеу 
тақырыбымыздың ғылыми-теориялық және тәжірибелік мазмұнына негізделген 
– алдыңғы уақытта орындалатын - жаңартылған бастауыштың білім мазмұны 
аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына 
негізделген құрылымдық-мазмұндық нобайды жасуға негіз болды және сол 
бағытқа бағыттады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет