Саурыкова жулдыз мейрхановна


Кесте 1. Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар 1 - сынып



Pdf көрінісі
бет21/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

 
Кесте 1. Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар
1 - сынып 
2 - сынып 
3 - сынып 
4 - сынып 


83 
Өзім туралы 
Өзім туралы 
Тірі табиғат
Менің Отаным - 
Қазақстан 
Менің 
мектебім 
Менің отбасым 
және достарым 
Жақсыдан үйрен, 
жаманнан жирен
Адами 
құндылықтар 
Менің отбасым 
және достарым 
Менің мектебім Уақыт 
Мәдени мұра 
Бізді қоршаған 
әлем 
Менің 
туған 
өлкем
Сәулет 
Мамандықтар 
әлемі 
Саяхат 
Дені саудың – 
жаны сау 
Өнер 
Табиғи 
құбылыстар
Салт-дәстүр 
және 
ауыз 
әдебиеті 
Салт-дәстүр 
және 
ауыз 
әдебиеті 
Атақты тұлғалар 
Қоршаған ортаны 
қорғау
Тағам 
және 
сусын 
Қоршаған орта 
Су – тіршілік көзі 
Ғарышқа саяхат 
Дені саудың – 
жаны сау 
Саяхат 
Демалыс 
мәдениеті. 
Мерекелер 
Болашаққа саяхат 
Мысалы, пәнаралық байланысты «Тіл және әдебиет: Сауат ашу, Қазақ 
тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі» және 
«Өнер: Музыка, Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу» білім беру салалары бойынша 
пәндері 
жүзеге 
асыру 
түрлі 
пән 
сабақтарында 
оқушылардың 
шығармашылдағын арттырудағы олардың қызығушылығы мен танымдық 
белсенділік әрекеттерін зерттеуде өнер туындыларының мазмұнын ашып, 
материалды таныстыру барысында мұғалім суретшінің өмірбаянын, суретті 
жасау тарихымен таныстырады. Оқу материалын игеріп, талқылау және талдау, 
оқушылар назарын ортақ тақырыптық негізінде ұсынылған деректерге баса 
назар аударады, бұрынғы игерген білім негіздеріне сүйене отырып таным 
өрістерін кеңейтеді. Мәселен, бейнелеу өнері пәнінің сабағында суретпен 
танысу нәтижесінде оқушылар шығармашылық туындыда бейнеленген өмірдің 
ақиқаттығы мен шындық бейнесін танып, үйренеді, яғни, оқушы өзінқоршаған 
әлемді тұтастықта танудағы логикалық ойлауын сабақтастықта, тізбектестікте 
құрады және дамытады. Ал, «Тіл және әдебиет»: / Сауат ашу, Қазақ тілі,
Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі / топтамасын 
құрайтын пәндерден сабақ өту барысында, оқушылардың көңіл-күй сарайына 
әсер ететін пәндер жиынтығы екендігі рас. Өйткені, бұл топтамыны құрайтын 
оқулықтар мазмұнындағы оқу материалдарын оқушылардың игеретін білімдері 
дәйекті, деректі мәліметтерге сүйене отырып тасымалдау арқылы жүзеге 
асырылуында тілдік қарым-қатынастың басымдық орынға ие болуы және 
олардың көңіл-күй сезімдерімен, ой толғаулары мен тығыз байланыста болып 
тікелей жағымды әсерлер туғызады. Бұл өте маңызды, білім беру құндылығына 
ие. Және де, оқу барысында оқу материалында визуальды-көркемдік сазды 


84 
әуендерді ұтымды түрде кіріктіре ұсыну - бұл әртүрлі пәндерден оқитын оқу 
тапсырмаларын жүйелеуге көмектеседі, оқушылар оқу материалының 
мазмұнын жақсы түсінеді, зерттелген материалды оңай және еркін түрде игеріп, 
меңгеруге қабілетті болады, педагогикалық барыстар жақсы нәтиже береді. 
Мысал келтірген пәндер бойынша оқу бағдарламаларындағы материалдар 
жүйесін және оқулықтың білім мазмұнын өзара байланыстырып немесе 
кіріктірілген жағдайда ықпалдасу қағидат заңдылығын басшылққа алып, жүзеге 
асыру - бүгінгі білім беру мен оқыту және тәрбие жұмыстарын қойылып 
отырған талаптар. 
Білім беру бағытында қоғамдық-ізгілендіру пәндер жиынтығын құратын 
пәндердің оқу материалдарын өзара байланыстырып, кіріктіру мүмкіндіктері 
өте кең, өйткені оқу сабақтарында тарих және қоғамдық құрылым мен 
әлеуметтік мәселелерге қатысты мәліметтер мен деректік білімдері беру және 
тәрбиелік бағыттағы қоғамдық сананы қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғары 
екендігі анық. Бұл тұрғыдағы сабақтарда бастауыш сынып оқушылары табиғи 
дамудың диалектикалық заңдылықтарымен танысады және жаратылыс 
болмыстың бірлігін тануда алғашқы қадамдары берік болады.
Ал, дүниетану мен жаратылыстану пәндерінің ортақ тақырыпқа 
бағындырылған оқу материалдарының жүйесінде – бастауыш білім беру 
кезеңінде оқушылардың танымдық білімдер қорын дамыта отырып, оларға 
жаратылыс болмыстың қыр-сырын тереңірек түсінуге және табиғатқа 
құрметпен қарау көзқарасына тәрбиелеу, эстетикалық білім мен тәрбие беру, 
табиғат сұлулығын қабылдауға үйрену, әрі сақтап қалу мен қамқорлық жасауға 
тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады. Яғни, білім берумен оқыту және 
тәрбиелеудегі педагогикалық міндеттер әрбір жеке оқу пәнінің өзіндік 
атқаратын қызметтік міндеттеріне кедергі келтірмейді, оларды шешу 
педагогикалық жаңышыл түрлі әдіс-тәсілдерді оңтайлы пайдалану қажет етеді. 
Дүниетану және жаратылыстану оқу сабақтарында оқушылардың жаратылысқа, 
табиғатқа деген әсем, сұлулық сезім қарым-қатынасын жеткізуде эстетикалық, 
көтеріңкі көңіл-күй, шаттану көрінісі тұрғысынан қабылдау мәселесін шешу 
керек. Оқуға арналған ортақ тақырыптар мен нысандардың болуы, дүниетану 
және жаратылыстану оқу пәндерінің сабақтарында олардың әртүрлі бағыттық 
қырлары мен кешенді әдіс-тәсілдерінің болуы осы бағыттағы ғылыми-
танымдық болмысты дамытуға мүмкіндік береді. 
Пәнаралық байланыс сабақтарында әртүрлі пәндерден алынатын 
ақпараттық мәліметтердің қызметі, олар бір-бірін толықтырып, ғылыми 
білімдерді тереңдетіп беруге бағытталған жоспарды құрастыруға негізгі өзек 
болуы тиіс. Осы тұғыдан келгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының 
жаратылыс туралы және табиғат тұрғысындағы танымдық болмысын дамыта 
отырып, олардың адамгершілік сезімдерін арттыру міндеттері шешілетін 
болады. Әртүрлі оқу пәндерінің оқу материалдарына сүйене отырып өзара 
байланысты танымдық зерттеудің құралына айналдырғанда басымдылық, 
сезімге әсер етуден басталады яғни, біздер сезімнен сезімге, оқытудан оқуға, 
оқушының танымдық көкжиегін кеңейте отырып өзін-өзі бағалауға, 


85 
тәрбиелеуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал жасай отырып, рухани жан 
дүниесін дамытамыз. Пәнаралық байланыс сабақтары оқушылардың ғылыми 
білімді неғұрлым қолжетімді, қызықты түрде алуына мүмкіндік жасайтын 
педагогикалық үдеріс ретінде қызмет атқаруы тиіс. 
Бүгінгі күндегі жаңартылған білім беру бағдарламасына пәнаралық 
байланысты енгізу, оқу пәндерінен қамтылатын оқу материалдарын жеке дара 
беру мәселесін қарастырмай, оқушының танымдық болмысын дамытудағы 
ғылыми білімдерді кешенді беру мәселесін қарастырып, шешу арқылы, 
оқушының бүкіл дүниетанымдық көзқарасын сыңаржақты емес, жан-жақты 
жетілдіру болып табылады. Оқушы игерген, меңгерген өз білімін жүйелеуге 
және әртүрлі көкейтесті мәселелердің шешімдерін өзі таба алуға қолдану 
мүмкіндігіне ие болып, білігі мен іскерлік дағдысын дамытуға ықпал жасайды – 
бір қыры болса. Екінші бұл – мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі кәсіби іс-
әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеу әдістерін түрліше пайдалануға 
қозғау болады: мәселен, оқушының қабілеттерін және білімін жақсы бағалауға, 
оны түсінуге көмектеседі, дәстүрлі емес жаңа оқыту әдістерін іздейді. 
Үшіншіден, оқушылар үшін шығармашылық қабілеттерінің көрінісі табатын 
үлкен алаң және мүмкіндіктер: мұнда мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар 
қазіргі оқушылардың танымдық салада олардың қажеттіліктері мен 
қызығушылығын түсінетін, оларды жақсы көретін және өздерін көрсететін 
мектептегі басты тұлғалармен байланысты орнатады. 
Бұл жағдайда пәнаралық байланыстар оқушылардың арасында 
біртұтастық білім жүйесін қалыптастырады және жеке пәндер бойынша ортақ 
іс-әрекетте жалпы танымдық дағдылар жүйесі орын алады. Әртүрлі білім 
жүйелерінің әсерінен оқушы болмысының тұлғасында қалыптасатын жеке 
қасиеттерді дамытуда пәнаралық байланыстардың ықпалы жайындағы ой-
пікірлер түрлі ғылым саласындағы ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. 
Пәнаралық байланысты сипатайтын педагогикалық құбылыс, ол бір 
жақты «түзу сызықтық» жүйені немесе қандайда бір «қатаң сақталатын 
қағиданы» берік ұстану деген ұғым-түсінікті бермейді. Себебі, оқушы тұлғасын 
дамытуға бағытталған білім беру мен оқыту, оқу және тәрбие жұмыстарына 
кешенді көзқараспен келуді талап етелін қыры мен сыры көп, тереңнен талдап, 
қарастыруды талап ететін шығармашылық қатынасты талап ететін үдеріс. 
Өйткені, жеке бір пәннің оқу материалы екінші бір нәрсені зерттегенде өз 
көмегін тигізіп отыратынын негізге алу қажет.
Оқушылардың пәнаралық сипатқа негізделген жаттығулар мен 
тапсырмаларды орындау барысында жеке белсенділіктері артып, есте сақтау, 
ойлау, эмоционалды-еріктілік үдерістер, қиял мен сөйлеуі жетік дамиды. 
Сондай-ақ, өзара байланыстыру немесе кіріктіру үдерісі оқушыларды 
ынталандыру рөлін атқарады. Пәнаралық байланыста оқытудағы алдыңғы 
тәжірибенің нәтижесінде оқушылардың алған білімі танымдық реттеушілер 
болып табылады. Мұндай барыстар психикалық үдерістің өнімділігін 
арттыратын білімді өзара байланыстыру немесе кіріктіру арқылы анықтайтын 
қызметтерді орындайды. Алған білімді түсіну, меңгеру, сіңіру мен қорыту 


86 
әрекеттерінің нәтижесі болып табылады және келесі бір жаңа білімді игеру 
әрекетіне жаңа әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен енгізілу жолында ізденістер 
орын алатын қүрделі құбылыс болып табылады. 
Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының ерекше бөлігі немесе мән 
беретін жағдай ол - пәнаралық байланыс болып табылады. Себеп, бүгінгі 
қоғамдық, әлуметтік-экономикалық т.б. салалар мен ғылымдардың сараланып 
бөлшектенуі және олардың өзара ықпалдасуы /интеграциалау/ сипаты жалпы 
білім беретін мектебіміздің деңгейлік кезеңі мен бағыттық мазмұнын анықтауға 
негіз болып отыр. Яғни, мұнда педагогикалық үдерістегі қамтылатын оқу-
тәрбие тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда пәнаралық байланыс жүйесін 
басшылыққа алу керек деген сөз. Ал, оның жүзеге асыру жолдарындағы мақсат 
пен қажетті міндеттері мектептегі педагогикалық тәжірбие арқылы анықталады. 
Пәнаралық байланысты өзекті мәселе ретінде қарастырып, зерттеушілер оның 
философиялық, психологиялық мәнін құрылымын зерттеп өз пікірлерін айтты. 
Пәнаралық байланысты оқу бағдарламаларының ішкі мазмзмұндық 
құрылымдарының өзара үйлесілімділігі деп те қарастыруға болады.
Көптеген ғалымдар М.А. Данилов [133], В.В. Давыдов [134, 135], И.Д. 
Зверев [116], И.Я. Лернера, И.К. Журавлева [136] және тағы басқа пәнаралық 
байланыстың философиялық, психологиалық мәнін құрылымын әдіснамалық 
қызмет мазмұнын басшылыққа алады. Түрлі пікірлерді ұстанып, өзіндік 
ғылыми ой-тұжырымдарын ұсынушы ғалымдар - пәнаралық байланыстың 
психологиалық негізін - жеке тұлға санасында берілген ғылыми білімдердің 
орналасуы және оның нәтижелік көрінісі өмірлік тәжірибеде – «оқушыға» 
үнемі әрекет жасау арқылы ілгері ұмтылыс негізінде дамуға қолайлы жағдай 
жасап және оны итермелеуші, ықпал жасаушы күш деуі, яғни ол бір күйден
екінші күйге өту барыстарын реттесе бұл «құбылыс» болып табылады. 
Оқушының шығармашылық іс-әрекетке дайын бола алатынын дәлелдейді. 
Бұдан біздің зерттеуміздегі пәнаралық байланысты «педагогикалық құбылыс» 
деуіміздің негізі бар болып шығады. Осы негізде педагогтар мен әдіскерлер 
жалпы білім беру мазмұны пәнаралық байланыс негізінде жетілдіреді, 
педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы білім беру мен оқыту және оқу мен 
тәрбие барыстарында орын алатын іс-әрекеттің нәтижесі оқушыда пәнаралық 
байланыс іскерлігін қалыптастырады. Пәнаралық байланыс танымдық әректтің 
екі қырын жетік ұғынуға мүмкіндік береді. Біріншіден, табиғатты және бар 
шындықты өмірдегі дүниемен заттарды оқу, үйренуді ғылымдардың 
интеграциялану негізінде орын алатын пәнаралық байланыс арқылы көрсетсе, 
ал екінші жағынан пәнаралық байланысты дидактикалық заңдылықтарға 
бағанатын «педагогикалық құбылыс» ретінде түсіндіру. Пәнаралық байланыс 
оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы шындық пен ақиқатты 
тасымалдап беруші және оқушының танымдық әрекетін күшейтетін құбылыс. 
Пәнаралық байланыста дидактикалық талаптар сақталып, білім беру мен 
оқытудың заңдылықтарын құрайтын құрылымдар мен құрамалардың әрекетке 
түсе отырып, педагогикалық үдерістің жүзеге асырылуын және олардың 
әдіснамалық қызметін береді. Сондай-ақ ол дамытушылық сипатының 


87 
арасындағы байланысты құру болып есептеледі. Пәнаралық байланыс оқу-
тәрбие үдерісі арқылы жүзеге асырылады. Оқыту барысында оқушылар 
танымдық, тәжірибелік, мақсатты бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. 
Педагогикалық үдерістегі білім беру мен оқыту және оқу мен тәрбиелеу 
барыстары мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады оқушының ғылыми-
танымдық іс-әрекетпен айналысуын жүйелейді. Оқу-танымдық ғылыми 
зерттеулер сияқты ақиқаттық тұрғыдан шындық дүниені тану болып табылады. 
Оқушы таным үдерісінде объективті дүниенің жаңа мәліметтік деректерін және 
олардың өзара байланысының жаңа қырларын ашады әрі өзара тәуелділіктерін 
біледі. Педагогикалық үдерісте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың 
көптеген жолдары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет