Саясаттану бойынша білімдерін тексеру үшін сұрақтар Саясаттың табиғаты және әлеуметтік мақсаты


Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі элементтері



бет10/26
Дата21.12.2023
өлшемі56.98 Kb.
#487517
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
саясаттану

Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі элементтері.




  1. Саяси жүйенің (жүйешіктердің) негізгі құрылымдық элементтері.

Зертеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі 4 бөлігін айтады: 1) Саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет; 1) САЯСИ ИНСТИТУТТАР (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. -Институттардың ішіндегі ең негізгісі – МЕМЛЕКЕТ. Ол қоғамда белгілі бір тәртіп орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Еріксіз кондіретін күшімен (полиция, әскер, сот) адамдардың іс-әрекетін реттейді. – Саяси партиялар мемлекет билігін жүзеге асыруға, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады. – Кәсіптік одақтар – еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды. Дденсаулық тұрмыстық қажеттілігіне қамқорлық жасайды. – Діни ұйымдар қоғамның саяси жүйесіне кіреді. 2) САЯСИ ҚАТЫНАСТАР – Экономикалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар. Басқа қатынастан айырмашылығы – билікке қатынасы көрінеді. 3) САЯСИ ЕРЕЖЕЛЕР (нормалар). Саяси институттардың өзара бірлесіп әркет етуін қамтамассыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы КОНСТИТУЦИЯ және заңдар. 4) САЯСИ МӘДЕНИЕТ. Саяси сана мен іс әрекетте, саяси көзқарастарда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. / Саяси жүйенің басты қызметі – қазына байлықты бөлу саласына бақылау жасау.

  1. Азаматтық қоғам: ұғымы және белгілері.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ деп – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. – Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік береді. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. БЕЛГІЛЕРІ: 1) Саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы. 2) қоғамдық түпкілікті нақты объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы. 3) Адамдардың өзара ынтымақтасуы. 4) Қоғамдық мүдде – мақсат тілек арқылы қарым-қатынастарды ретеп басқару. 5) Қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың мемлекеттік биліктің өмірге келуі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет