Саясаттану бойынша білімдерін тексеру үшін сұрақтар Саясаттың табиғаты және әлеуметтік мақсаты


Мемлекеттік егемендіктің негізгі белгілерін атаңыз



бет8/26
Дата21.12.2023
өлшемі56.98 Kb.
#487517
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
саясаттану

Мемлекеттік егемендіктің негізгі белгілерін атаңыз.

Егемендікмемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол берілмейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істер мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Негізгі белгілері: 1) Аумақтық (территориялық) бөліну.(аул,аудан,қала,облс) 2) Ерекше үкімет аппараты. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. 3) Мемлекеттің егемендігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. 4) Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандард еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. 5) Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппараты ұстау үшін халықтан салық алынады. 6) Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы тиіс. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында тұратын халқы болуы керек.

  1. Құқықтық мемлекет: ұғымы және қағидаттары.

Құқықтық мемлекет – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамассыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Қағидаттары: 1) Қоғамдағы барлық мәселе заңмен қаралады. 2) Адам құқығы ең жоғары құндылық. 3) Мемлекетік билікті бөлу теориясының нақтылы дәрежеде бөлінуі. 4) Мемлекеттің жеке адам алдында жауаптылығы, жеке адамның мемлекет алдындағы жауаптылығы. 5) Плюрализм (көппікірлік). 6) сот билігінің тәуелсіз болуы.

  1. Демократиялық мемлекет: ұғымы және қағидаттары.

Деморкатия – сөзі (гр. demos – халық, kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Демократиялық мелекет деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Қағидаттары: 1) Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден бір бастуы саналуы. Халық өз өкілдіктерін билік басына сайлайды және конституциялық шекте жүйелі түрде ауыстырып отырады. 2) Халық мемлекеттік істерде, заң шығаруда, орындауда т.с.с болуға тиіс. 3) Табиғи ерекшеліктеріне байланыстты адамдар әртүрлі. Ол үшін заң, құқық алдындағытедік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. 4) Әділеттілік болу керек. Әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен ййқындалады. 5) Бостандық, еркіндік.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет