Зайырлы мемлекет: ұғымы және қағидаттары.
Зайырлы мемлекет – мемллекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізінде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты. / Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы дәни тісініктерге қарама қайшылықпен емес одан азат болуымен анықталады. / Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы, барлық конфессия айрықша өкілдер заң алдында бірдей. Діни мекемелерммен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Мемлекет дін ісіне араласпайды. Діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп бақылайды. Қағидаттары: 1) мемлекет өзі шығарған заңдарында діни ережелер мен қағидаттарды басшылыққа алмайды. 2) мемлекет ешқандай діни ағымдарды қолдамайды. 3) Білім беру мекемелерінде діни дәрістер жүргізілмейді. 4) мемлекеттің ішінде мемлекет ұйымдары тарапынан діни үгіт насихат жүргізілмейді.
Әлеуметтік мемлекет: түсінігі және белгілері.
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын ішкі мүліктерін үстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сқтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет түрі. Белгілері: 1) әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті. 2) Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуы. 3) Бюджеттік әлеуметтік төлемдер. 4) Әлеуметтік қамсыздандыру жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамассыз ететін мемлекеттік жүйенің болуы. 5) Қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі.
Қазіргі саяси идеология сипаттамасы.
Саяси сананың (адамдардың саяси өмірді түсініп сезінуі) құрамдас бөлігі. Саяси идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс әрекетіне бадар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеологияның негізгі 3 бөлімі бар. 1) Либерализм (лат. либаралис – еркін деген сөзінен). Негізін салушы Дж. Локк, Ш. Л. Монтьеске, А. Смит. Негізгі принципі: 1) Еркін бәсекелестік, сауданың еркіндігі, кәсіпкерліктің еркіндігі. 2) Азаматтардың құқықтық теңдігі. 3) Мемлекеттің келісімді табиғаты. 4) Діни төзімділік, ол плюрализм және конституциялизм. 5) мемлекеттің жеке адам өміріне араласпауы. Жаңарған либерализм (неолиберализм) құқық пен әлеуметтік теңдікті қамтамассыз ету. 2) Консервативтік (лат. консервативус – қорғаушы деген). Негізін салушы: Эдмунд Берк, жозеф де Местр. Тарихи қалыптасқан саяи және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік саяси көзқарастар теор. жүйесі. Негізгі тезистері: 1) Адамнан қоғамның басымдылығы. 2) реформадан бас тарту. 3) Бостандықпен әділеттілікке жетудің теңсіздігі. 4) жеке меншіктің басымдылығы. / Неоконсерватизм – негізгі құндылықтары дәстүрлі құндылықтар отбасы, дін. 3) Социализм (қоғам деген сөзді білдіреді). Социализм ол жеке адам емес дәстүрдің емес ол қоғамның пікірінен туындайды. Платонның кезінде алғашқы социал мемлекет белгілі болған. Негізгі тезис: 1) Жеке адамның экономикалық бостандығын жоққа шығару. 2) Әлеуметтік және экономикалық процестерді саяси тұрақтандыру, реттеу. Социализм 2 бөледі: Коммунистік және социал-демократия идеологиясы. Коммунистік (лат коммунис – жалпы деген сөзінен). Негізін салушы: Карл Маркс, Ф. Энгельс. Революция, жеке меншік жоқ, теңдік, табысты болу. / Социал-демократия. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық.реформа, жеке меншік, теңдік, табысты табу мүмкіндігі. 4) Фашизм (италиянның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан) негізін салушы Ф. Ницще. Басты ерекшелігі – еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түтрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік- монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау. Мысалы Гитлердің «Менің күресім» (1925 ж) деген кітабында баяндалады. Онда неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан «артықшылығы» дәріптеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |