Партиялық жүйелер және олардың түрлері.
Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруғ шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. 1.Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы оппазияциялық партиялардың жоқтығы пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. 2.Екіпартиялық жүйе басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі 2 партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей салау нәтижесінде екі партияның бірі өзіне-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. 3.Көппартиялық жүйе деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығынпайдаалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады.
Қоғамдық саяси қозғалыстар.
Саяси қозғалыс деп өкімемт билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың пайда болуына: 1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. 2. Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа өзендегі (1989ж) әлеуметтік жағдайға наразылықтан «Бірлік» деген ұйым құралды. 3. Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, «Азат», «Желтоқсан» партиялары солй құрылған.
Қазіргі Қазақстан Республикасының партиялық саяси жүйесінің сипаттамасы.
Саяси партиялар ҚР-ның саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесінғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындғы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар. 2002 жылы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Жаңа заңда саяси партия азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру. Өкілді жжәне атқарушы олрды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркінбілдіретін ерікті бірлестігі ретінде айқындалады. ҚР-ғы партия – халқ пен билік арасындағы байланыстыратын алтын көпір. Әлеуметтік экономика жағынан үкіметті көтер, демократияны дамыту. Партия сот билігіне, құқық қорғау билігіне, банк саласына, пчтасына, қаржы институттарына араласа алмайды. Қоғамда болып жатқан іс әрекеттерге араласады. Қазір ҚР-дағы партиялар: Нұр Отан, Ақжол, Ауыл, ҚКП, Бірлік, Азат.
Достарыңызбен бөлісу: |