Саясаттану глоссарий



бет17/24
Дата07.02.2024
өлшемі69.3 Kb.
#491297
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
КАЗ глосарий (1) (копия)

Революциялық партиялар-қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысқан партиялар.

Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.
Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.
Саясат-алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдіреді.Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:1)өз мүдделерін іске асыруға,қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға,қолында ұстауға,оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер,топтар,ұлттар,үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме,бірлестіктердің қызметі;2)мемлекеттің істеріне қатынасу,оның қызметінің түрін,мақсат,мазмұнын анықтау;3)адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін,мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;4)әдеттегі тілде – адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс әрекеттің сипаты ;5)мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат-ғылым-біріншіден, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып , ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді,екіншіден,нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады,оларды ашып ,іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет
Саясат субъектілері –Іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ.Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне,жағдайына ықпал ететін,саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады.
Саясаттану- саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым.Саясаттанудың зеттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады.Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет