Мемлекеттік билік-барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Ментолитет-1)ойдың бағыты,жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3)рухани өмірдің ерекшелігі.
Метрополия-қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм-жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация-қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемдеу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің ,бағдарлама, тұжырымдардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
Монархия- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан,шах және т.б.деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мындай түрі кең тараған бастаған, мәуір жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония , Иордания,Ұлыбритания және т.б. жатады.
Мороторий-ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындау уақытша тоқтату, ұзіліс жариялау.
Нәсіл-шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы. Негізгі нәсілдерге негроидтар, монғолоидтар және европоидтар жатады. Негроидтар терісі қара, шатары бұйра келеді, монғолоидтардың терісі сары, шаштары тік және қара болады. Европоидтардың терісі ақ келеді.Олардың бұлай бөлінуіне өте ерте замандарда тұрмыс кешкен табиғи жағдайлары себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |