Саясаттану глоссарий



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата15.11.2023
өлшемі260.32 Kb.
#483385
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
КАЗ глоссарий (1)

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі 
әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. 
Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан 
ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін 
игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады.Мұндайларды 
маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ,жұмыс орны 
да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған.Сондықтан олар 
қылмыс 
не 
басқа 
арандатушылық 
әрекеттерге 
оңай 
ілесіп 
кетеді.Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де 
жатады.Мысалы, 
метистер. 
Марксизм-өзара байланысты философия, саяси экономика, ғылыми 
коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде 
пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен тұратын коммунистік қоғамды 
орнатуды мақсат етті.Қоғамдық-экономикалық фоормация теориясын ашты. 
Ол бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күші өткен өндірістік қатынастардың 
арасында жанжал шығып, әлеуметтік революцияға әкелді. Нәтижесінде бір 
формация екіншімен ауысады. Сонымен адамзат дамуының ең биік сатысы 
деп саналады. Дегенмен,марксизм әлеуметтік және саяси процестерге жеңіл-
желпі, тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне 


басымдық берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 
Мәміле-Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, 
ымыраға 
келуі. 
Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, 
таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын
бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше 
өкімен аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресмми істерді жүргізуге 
құқылы. Оның заңдарын сол ертедегі адамдардың бәрі сыйлайды және 
орындауға тиіс. Егер орындалмаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет