Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет23/41
Дата30.10.2022
өлшемі191.88 Kb.
#463636
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Саясаттану лекциялар (1)

Бақылау сұрақтары:

        1. Мемлекеттің пайда болуы жайлы қандай теорияларды білесіз?

        2. Мемлекет қандай қызметтерді атқарады?

        3. Азаматтық қоғам дегеніміз не?

        4. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?

        5. Мемлекеттің белгілері қандай?



ӘДЕБИЕТТЕР:

          1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

          2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

          3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

          4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

          5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

          6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №8 Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Сабақтың мақсаты:
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қоғамдағы атқаратын ролі

Негізгі мәселелері:



  1. Мүдделі топтар, ұғымы, функциялары, типологиясы

  2. Саяси партия, ұғымы. Саяси партияның мақсаты, партия типологиясы.

  3. Партиялық жүйелер ұғымы, оның жіктелуі

  4. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

Жалпы анықтама бойынша мүдделі топтар немесе қысымды топтар деп - әртүрлі типтегі (мәдениетті, ұлтты, кәсіпті) азаматтардың бірігуін айтады. Бұл топ мемлекеттік билікке қарсылық көрсетпейді, олар өздерінің алға қойған мақсаттарын және қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті қолдайды. Жалпы қоғамның бірігуі мүдделі топ болып табылады. Ол үшін оның мынадай белгілері болу қажет: ұйымдастырушылық және қоғамда қалаулы сипаты; нақты әлеуметтік қызығушылықтарды қорғауы; материялды ресурстардың көптігі; өз қызығушылықтарын қорғауда қабілетінің болуы қажет болып табылады. Мүдделі топтар қоғам пайда болғаннан бастап пайда болған. Осыған байланысты әр саясаттанушы ғалымдар мүдделі топтардың қоғамдағы орнын әрқалай сипаттаған. Мысалы: Платон, Г. Гоббс, және Ж.Ж. Руссо сияқты ғалымдар мүдделі топтардың қызығушылықтарына олардың қоғамдағы орнына, мемлекетке әсерін сипаттайды. Ал кейбір саясаттушы ғалымдар осы мүдделі топтардың қоғамға кері әсерлері туралы өз пікірлерін айтқан.


Жалпы мүдделі топтар арасында болып жататын бәсекелестіктер заң бойынша шешілуі тиіс. Мысалы мүдделі топтар қоғамда ашық және қоғамға адал болулары тиіс. Егер бұл айтылғандар орындалмаса, қоғамда коррупция мен мафия кеңінен тарап кетеді.
Қазіргі заманғы саясаттану ғылымында мүдделі топтар белгілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет