Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Саяси- әлеуметтік конвергенция –



бет4/41
Дата30.10.2022
өлшемі191.88 Kb.
#463636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Саясаттану лекциялар (1)

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.
Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.


Әлеуметтік-саяси элита-қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
Бедел-белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағыәрекеті.
Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
2. Дәрістер


Тақырып №1 Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Сабақтың мақсаты:
Саясаттану пәнін,қызметтерін және әдіс-тәсілдерін анықтау
Негізгі мәселелері:
1. Саясаттану объектісі мен пәні
2. Саясаттану саясат туралы билік саяси жүйе, процестер жөніндегі ғылым.
3. Саясаттану пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.
4. Саясаттану функциялары.

Саясаттанудың зерттейтін мәселесін қарастырғанда ең алды-мен «саясаттану» ұғымынан бастаған жөн. Саясаттану ұғымы гректің «Politik» және «Logos» - деген сөздерінен шыққан. Біріншісі – мемлекеттік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі – ілім, ғылым деген мағынаны береді. Яғни, қорыта келгенде саясат туралы ғылым. Жалпы алғанда саясаттану дегеніміз – қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, оны ұйымдастыру жолдары тәсілдері, принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда саясаттану- саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда саясаттану – саяси теориялар мен ойлардың бірыңғай жүйесі.


Саясаттануды өз алдына, дербес ғылым дейтін болсақ, оның зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен, оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық-саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар және ұлыстар, әлеуметтік топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасыңдағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясат-танудың объектісі – саяси.
Саясаттану ғылыми жүйенің нақтылы саласы ретінде жалпы алғанда саяси билікке, саяси мүдделерге, саяси қатынастар мен үрдістерге, саяси сана мен мәдениетке, қоғамдағы саяси жүйені ұйымдастыруға байланысты құбылыстардың диалектикалық жүйесін зерттейді деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда саясаттану бір-бірімен диалектикалық байланыста болатын әртүрлі теориядан тұратын табиғи құбылыс. Демек саясаттанудың зерттейтін мәселелерін жіктейтін болсақ, оларды мынандай үш топқа біріктіруге болады. Біріншісіне, саясаттың әлеуметтік және идеялық-теориялық негіздерін, саяси құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіретін белгілері мен сипаттарын, қоғамның белгілі бір нақтылы тарихи кезеңдеріне сәйкес келетін саяси парадигмаларды жатқызуға болады. Екіншісіне, саяси жүйе және саяси мәдениет, саяси сана, әртүрлі саяси жүйелердің ортақ, белгілері мен ерекшеліктері, олардың ұтымды жақтары мен кемшіліктері, саяси режимдер, олардың өзгеріп және ауысып отыру жағдайлары т.б. жатады, үшіншісіне, саяси институттар, саяси процестер, саяси әрекеттер мен адамның саяси мінез-құлықтарын, саяси көсемдік пен саяси элита мәселелерін топтастыруға болады.
Бірінші топтағы мәселелерге байланысты саясаттану саяси идеялардың әртүрлі ағымдарын зерттейді. Мәселен, консерватизм, либерализм, радикализм, экстремизм, конформизм, авантюризм, анархизм, лоббизм, бонапартизм, этатизм, демократизм, социализм, плюрализм, гуманизм, реализм, позитивизм т.б. ағымдар.
Саясаттанудың негізгі қатегорияларының бірі – билік. Осыған байланысты саяси биліктің дәстүрлі теорияларын зерттейді. Оларға: монархия, аристократия, автократия, авторитаризм, деспотизм, охло-кратия, плутократия, тирания, тоталитаризм, этатизм, элитаризм, бюрократия, олигархия (финанс билігі), теократия, технократия т.б. жатады.
Саясаттану саяси ілімдердің утопиялық, діни, ғылыми түрлерін зерттейді. Сонымен бірге саяси білімнің ғылыми емес төмендегідей түрлерін де қарастырады. Мысалы: саяси жалған хабар, саяси көнерген ұғымдар, саяси өсек, саяси эмоциялар, сыбыстар т.б.
Екінші топтағы мәселелерге байланысты саясаттану қоғамның саяси жүйесінің қажеттілігі мен оны құру мәселерін, оның әрекет ету заңдылықтары мен принциптерін қарастыра отырып, саяси жүйенің элементтерінің қоғамдағы орны мен рөліне, қызметіне талдау жасайды. Мемлекеттің, саяси партиялардың, қоғадмдық ұйымдардың, әртүрлі еңбек ұжымдары мен нарықтық құрылымдардың қызметінесаяси баға берін, олардың рөлін көрсетеді. Олардың өзара қатынастарын қарастырады. Мемлекеттің саяси бағдарламаларына талдау жасау, оны болжау және оны іске асыру механизмдерін зерттейді. Мемлекеттік саясаттың жүруін бақылап отыратын өкімет органдарының жұмыстарын қарастырады.
Саяси режимдерге қатысты мәселелерді қарастырады. Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүргізудің заңды тәртібі мен әдістер жүйесі болғандықтан, сондай-ақ, әдетте билікті жүргізу тәжірибесі конституциялық негіздерге сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты саясаттану ғылыми саяси режимдердің демократиялық және анти-демократиялық түрлерін де зерттейді. Мәселен, парламенттік және президенттік режим, авторитарлық, тоталитарлық режимдер, олардың ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтап отырады. Олардың бірінен екінші түріне ауысып отыруы мен араласып келіп отыру заңдылықтарына талдау жасалынады.
Саяси мәдениетке байланысты, саясаттану саяси мәдениет ұғымын, саяси мәдениеттің қалыптасу процесін, оның ішкі құрылымын, саяси мәдениеттің мазмұндық сипаттарын, ұлттық сипаттың ерек-шеліктерін қарастырады. Сонымен бірге саясаттың, саяси нанымдардың рухани негіздерін, саяси актілердің моральдық және аморальдық жақтарына талдау жасайды.
Саясаттану саяси санаға қатысты, оның құрылымын, деңгейлерін, қалыптасу көздерін қарастыра отырып, сонымен бірге саяси сананың әлеуметтік негіздерін зерттейді. Саяси сананың қоғамдық санамен, мәдениетпен, адамның саяси мінез-құлқымен байланыстыра келіп, саяси сана қоғам саяси болмысының субъективтік бейнесі болатындығын дәлелдейді.
Саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің үшінші тобына келетін болсақ, оның негізгілерінің бірі-саяси процесс. Бұған байланысты саясаттану қоғамның негізгі салаларына қарай бөлінетін саясаттың бағыттарын қалыптастыру және оларды іске асыру жағын қарастырады. Саяси шешімдерді, заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесінің қызметтері зерттеледі. Халықтың және оның топтарының саясатқа араласу белсенділігі, қоғамдағы әртүрлі саяси қозғалыстар, саяси тұрақтылық пен оның өзгеру мәселелері, ақпарат құралдарының орны мен рөлі айқындалады. Сонымен бірге бұқаралық стихиялық қозғалыстарды, саяси процестердегі қысым жасау мәселелерін, ымыраға келу, саяси протест, саяси популизм, лоббизм, сайлау жүйесін де зерттейді.
Саясаттануда ең бір маңызды орын алатын, күрделі мәселенің бірі саясаттағы жеке адамның, дара тұлғаның орны мен рөлі. Мұның өзі саясаттың барлық субъектілерінің, сайып келгенде жеке адамның саясатқа араласуы және оның белсенділігі мен енжарлық мәселесін көрсетеді. Саясаттану адамның саяси ойы мен ісінің кейбір жалпы адамгершілік қасиеттеріне көңіл бөледі. Мәселен, шыншылдық, хабардарлық, жауапкершілік, патриотизм, білімдарлық, батыл ой, әділдік, әлеуметтік белсенділік т.б. қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Саясаттану саяси элита, саяси басшы (лидер) мәселелерін де қарастырады. Саяси элитаның қалыптасуының антропологиялық жақтарын қарастыра отырып, оның типологиясын көрсетеді. Саяси элитаның қоғам саяси жүйесіндегі орнын, қызметін анықтайды. Саяси элиталардың ауысу заңдылықтарын қарастырады. Саяси элита мен билеуші таптың, қоғамның арасындағы өзара байланыстың ерекшелігін ашып көрсетеді. Қазіргі дүниедегі элитарлық және партиципаторлық концепциялардың мән-мағынасына талдаулар жасайды.
Саяси басшылардың рөлі анықталып, түрлеріне сипаттама беріледі. Олардың арасындағы өзара байланыстарын көрсете отырып, саяси басшылардың қоғамды нақтылы жағдайлармен байланыстылықтары қарастырылады. Сондай-ақ, саясаттану саяси басшылардың басшылық жүргізу стильдерімен тәсілдерн де зерттейді.
Саясаттанудың зерттейтін мәселесінің тағы бірі – ол халықаралық саяси қатынастар жүйесі. Қазіргі дүниежүзілік аренада болып отырған әртүрлі әлеуметтік-саяси іргелі өзгерістерге саяси баға бере отырып, мемлекетаралық қатынастарға теориялық тұрғыдан тұжырым-дар жасау міндетін атқарады. Сонымен бірге, саясаттану халықаралық қатынастарда бұрынғы таптық мүддеден көрі жалпы азаматтық мүддені бірінші кезекке қоюдың маңыздылығын, қажеттілігін көрсетеді. Жалпы адамзаттың құңдылықтарға негізделетін жаңа ой жүйесін қалып-тастырып отырады. Халықаралық саясатты дүниенің біртұтастығы принципі тұрғысынан жүргізудің заңдылықтарын ашып көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет