Саясаттану



Pdf көрінісі
бет24/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

For reference
Representatives of the most num erous nations in the territory o f the USSR according to
the 1926,19^ 7 censuses.
Nationality
1926
1B37
1937 in % as com pared to 1926
Russians
77 7S1 124
93 933 065
120.7%
Ukrainians
31 194 976
26 421 212
84,7 %
Oelarusisns
4 738 923
4
Ә74 061
102.9 
%
Uzbeks
3 056 238
4 550 53Z
115%
Tatars
3 023 995
3 793 413
125,2%
Kazakhs
3 966 2Й9
2 
862 456
72,1 %
Jews
2 672 499
2 715 106
101,6%
Airerbatjanians
1
7oe e o s
2 134 643
125,1 
%
Georgians
1 821 -F64
2 097 069
115.1 %
Armenians
1 56S 197
1 966 721
125,5 %
Мысалы, мүндай саясатта 1915 жылы түрік мемлекетінің армяндарды
фашистік Г ерманияның еврейлер мен сығандарды қыруы, екінші дүниежүзілік 
соғыс кезінде ішінара славян халықтарын қырғынға үшырату (онда Беларусь 
халқының төрттен бірі қырылды) жатады. Бүрынғы Кеңес мемлекетінің 
тарихында жаппай жауапқа тарту репрессияға үшыраған халықтарға қолда- 
нылды. Оған Еділ бойында түрған кеңестік немістер, қырымдық татарлар, 
месхеттік түріктер, шешендер, ингуштер, қарашайлықтар, қалмақтар, кәрістер 
және т.б. халықтардың тағдыры мысал бола алады. Сонымен бірге қазақ еліне 
Ф.Г олощекиннің жасаған геноцидін атауға болады. Қазіргі кезде мемлекетара- 
лық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып, адамгершілік 
көзқарастарын басшылыққа алған шақта үлттардың теңдігі мен өздерінің 
мемлекеттік қүрылысын өздері шешу қүқығына, үлттық автономия мен 
федерация қағидаларына негізделген саясатты көпшілік оң қабылдап, дүрыс 
деп тауып отыр. Ұлттардың өзінің мемлекеттік қүрылымын өзі шешу мәселесі 
алғашында 
Еуропада 
буржуазиялық-демократиялық 
революциялардың 
жеңуіне байланысты пайда болды. Ең бірінші пікір 1776 жылы Америка 
Қүрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.
Ұлттардың өзінің мемлекеттік қүрылысын өзі шешу қағидасының заңдық
84


және саяси жағы бар. Заң жүзінде қай халық пен үлт болмасын өз мемлекеттік 
қүрылысын өзі шешуге тиіс. Бүл қүқықтың қандай түрде шешілуі (халық не 
үлт бөлініп шыға ма, федерация қүра ма, әлде басқа жол таба ма) мәселенің 
саяси жағына жатады. Қазіргі кезде федерализм мемлекеттік өкіметтің 
үйымдастырылуы түрі ретінде саясаттанушыларды, философтарды, әлеумет- 
танушыларды, мемлекеттанушыларды толғандырып жүрген мәселелердің бірі 
болып отыр.
XX ғасырдың бірінші жартысында барлық елдердің дамуы өкіметтің, 
биліктің бір ортаға бағынып, шоғырлануымен сипатталады. Ал 60 жылдардың 
аяғынан бастап, керісінше, үлкен орталықтар ыдырап, жергілікті жерлер 
билікті өздері алуға тырысу, автономия, федерациялар қүрушылық көбейді. 
Федерализм деп автономиялық, тәуелсіз құрылымдар одагын айтады. Мүнда 
біреу біреуді бағындыру арқылы емес, мемлекетаралық одақтарының қүрылуы 
мәселелерді үйлестіру арқылы шешуді басты мақсат деп атайды. Федерация 
мүшелерінің арасында бәрінің мүмкіншіліктері бірдей, тепе - теңдік болғаны, 
алаланбағаны жөн. Кейде арасалмақ уақытша бүзылуы мүмкін. Бірақ біреуінің 
шектен тыс күшеюі барлық одақтың түтастығына нүқсан келтірді. Бүлай 
болмауы үшін жоғарғы және жергілікті екі өкіметтің арақатынасы, олардың 
міндеттері және т.б. конституциясында айқындалуы керек.
Қоғамның әлеуметтік қүрылымы мен жіктелуін оқып-білудің мәні зор. 
Өйткені, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, 
жағдайда түратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам 
институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. 
Қоғамның түрпаты, саяси және мемлекеттік қүрылымы оның қандай әлеумет- 
тік топтардан түратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді 
жағдайда екендігіне байланысты.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілермен сипатталады. 
Оған үлты, түратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы (не қатыспауы), 
қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс қүралдарына меншік қатынасы, 
еңбекті қоғамдық жолмен үйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмүны мен 
сипаты), кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асырауға қатынасы 
және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар 
жиынтығын әлеуметтік топ деп атайды. Мысалы, жүмысшы, шаруа, зиялылар, 
студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және 
т.с.с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әртүрлі әлеумет-
85


тік топтардың мүшесі бола алады. Мысалы, студент, қазақ, үлкен қаланың 
түрғындары т.б.
Адамдардьщ қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік 
бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен 
әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде 
көрініс табады. Оған әртүрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, 
мәртебеге және т.с.с ие болу мүмкіншіліктері жатады.
Адамдар саяси процеске белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі 
ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің оның ішінде саяси процестің 
басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс - 
қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі түрады.
Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жүмыс істейтін әлеуметтік топтар мен 
олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын коғамның әлеуметтік қүры- 
лымы дейді. Қоғамдық өмірді әртүрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттес- 
тігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі 
белгілеріне қарай қоғам қүрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Оған 
әлеуметтік-демографиялық (жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа 
бөлу), әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік қүрылым жатады. Марк­
систа қоғамтану әлеуметтік қүрылымының негізгі түрі деп қоғамның таптық 
қүрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы 
қоғамдық өндіріс жүйесінде қүрылады.
В.И. Ленин «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынандай анықтама 
береді: «Таптар деп адамдардың үлкен топтарын, қоғамдық өндірістік тарихи 
белгілі бір жүйесінде олардың алатын орнына қарай, өндіріс қүрал- 
жабдықтарына олардың (көбінесе заң мен бекітіліп, қалыптасқан) қатынасына 
қарай, еңбекті қоғамдық жолмен үйымдастырудағы рөліне қарай, ал олай 
болса, қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және 
ол үлесті алу әдістеріне қарай ажыратылатын топтарын айтады». Мүнда 
таптың негізгі белгісі ретінде өндіріс қүрал-жабдықтарына қатынастың бірдей 
болмауы көрсетіледі. Қалған белгілердің бәрі соған байланысты дейді. Ол 
адамның қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнын және оның жалпы әлеуметтік 
жағдайын айқындайды деп санайды. Әрине, қоғамдық жағдайда бүл белгінің 
мәні зор. Бірақ сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да 
белгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік қүрылымындағы орны мен 
рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік мәртебесі т.с.с. Ал оларды адамның 
немесе әлеуметтік топтың қоғамдық өндіріс жүйесінен әркашан тікелей туады 
деп айту қиын. Әлеуметтік қүрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін 
зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік стратификациялану деген үғым кіргізілді. 
«Страт» латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер 
қыртысының кабаттарын білдіретін үғым ретінде қолданылады.
Әлеуметтік жіктелуге (стратификациялануға) қоғамның қүрамына кіретін
86


белгілі бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік қүрылымды зерттегенде 
волюнтаризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық 
жіктерді (топтарды) қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру 
керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы 
жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап 
алған жөн. Әлеуметтік жіктелу теориясы, міне, осы талаптарға сай келетін 
әдістемелік және теориялық қүрал. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынан- 
дай белгілерді (өлшемдерді) басшылықка алады: меншікке ие болудың 
сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, үлттық ерекшеліктері 
және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының 
мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге 
жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелуі 
болады.
Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, түтынушы 
ретінде де қарастырады. Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара 
алатын объектісінің (өндіріс қүралдары мен түтыну заттарының) аумағы мен 
түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. 
Осылардың арқасында ол коғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және 
қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Қоғам үздіксіз дамып, өзгеріп отырады. Марксистік тапқа бөлу теориясы ол 
өзгерісті байқап, көрсетуге икемсіз болатын. Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, 
біріншіден, бүл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның 
әлеуметтік топтарының казіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлүмат 
береді.
Шет елдерде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға жуық табысты 
пайдаланып келеді. Ал Кеңес Одағында оны марксистік- лениндік таптар мен 
тап күресі теориясына қарсы қойып қолданбады. Себебі, бүл әдісті қолданса, 
кешегі КСРО - дағы әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің бет пердесі ашылып 
қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идеологияның оны қолдануға, 
насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін өзгертіп, бүрмалауға 
тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет