Демографиялық ресурстар - адамдардың өздері.
Ал, біз мекендеген Қазақстан Республикасы қоғамдық жүйе
ретінде
тәуелсіз, дербес өмір сүре бастағанына 20 жылдан асты. Сондықтан да ондағы
мемлекетте жүргізіліп жатқан биліктердің кейбір кем-кетігі де бар. Алайда,
бүл жағдайдағы бүгінгі басты міндет - осы демократиялық мазмүн ала
бастаған биліктерді әлемдік дәрежеге дейін, заңдылық шеңберден ауытқымай
халыққа қызмет ететіндей етіп жетілдіру.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Қоғам биліксіз өмір сүре ала ма?
2. Билік түсінігіне анықтама бер.
3. Биліктің түрлерін жікте.
4. Биліктің ресуртарын ата.
Әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А., 2000
2. Политология: Учебник //Под ред Т.Т.Мустафина. А., 1993
3. Политология: уч.Пособие. М., 2000
4. Булатова А.Н. Политология. А., 2000
5. Мальцев В.А. Основы политологии. М., 1998
7 - Дәріс
Әлеуметтік топтар және ұлт мәселесі
Сабақтың мақсаты: Студенттерге түрлі әлеуметтік топтар мен ұлт
мәселесі туралы түсінік беру және ұлтаралық келісім мен мен дінаралық
келісімнің Қазақстандық моделінің ролін көрсету.
Сұрақтар:
1. Этнос және ұлт. Қогамдагы ұлттың және этникалық қатынастар
80
2. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлт мәселесін шешудің принциптері
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның орны
4. Этносаралық қатынастың Қазақстандық моделі және Н. Ә. Назарбаев
XX
ғасыр
адамзат
тарихында
маңызды
оқиғаларға толы болды. Соның бірі - этникалық
жаңару, қайта өркендеу мәселесі («этнос»
деген
грек сөзі, тайпа, халық деген мағынаны білдіреді).
Бір жағынан, біздің заманымыз дүние жүзіндегі
барлық адамдардың тағдыры бір, ортақ, өзара
тығыз байланысты және тәуелді екендігін түсініп-білу, сезінумен сипатталады.
Екінші жағынан, барлық континенттерде адамдардың ықыласы кенеттен
өзінің этникалық және аймақ-тық қүрамына деген үмтылыспен, өзінің түп
тамырын, шығу тарихын зерттеп, білуге тырысушылықпен ерекшеленеді.
Бүл жаһандану кезеңіндегі өзін-өзі сақтап
қалу жолындағы халықтың
үлттық санасына эсер еткен заңды қүбылыс болуы мүмкін. Сондықтан, бүл
сүрақ арнайы зерттеуді қажет ететін, шешуін күтіп отырған маңызды мәселе.
Ұлт дегеніміз -
жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет
ерекшеліктері мен психологиялық қүрылымының ортақтыгы негізінде
қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік - этникалық бірлестігі.
Әлеуметтік аспект - үлтты өндірістік қатынастарымен байланысқан қоғам-
дық таптардан түратын әлеуметтік-экономикалық түтастық етіп танытады. Ол
белгі бір жүйенің үлттарында
қандай ортақтық бар, оларды өзара, шын
мәнінде, не жақындастырып, туыстастыратындығын білдіреді. Тіл, жер,
үлттық сана-сезім, мәдениет-этникалық аспектіні көрсетеді.
Осы арқылы біз
үлттардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екендігін, қалайша ажыратыла-
тындығын білеміз.
Ұлттың саясат деп адамдардың ұлттың мщтаждызын өтеуге, ұлттық
қатынастарды реттеуге багытталган қогамдық, ең алдымен әлеуметтік -
құқықтың әрекеттердің ерекше түрін айтады. Бүл мүқтаждықтардың
табиғатын тану үшін әлі зерттеулер жүргізу керек. Дегенмен, оған азаматтық
ар-намысқа тырысу, этнопсихологиялық бірлікті,
табиғи - тарихи ортақтықты
сезіну кіретіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: