Саясаттану



Pdf көрінісі
бет50/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Дүниежүзілік саясат 
ұгымы


алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау
мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақта- 
суының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға 
дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс- 
әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.
Қазіргі кезеңдегі ғаламды қ проблемалар - бұл адамзаттың әлеуметтік 
дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламды қ проблемалардың айры қш а белгілері -
барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады
адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет 
пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі ғаламды қ проблемалардың негізгі топтары:
• Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау 
мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындық- 
тарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.
• Қоғам мен жеке адамның өзара қарым-қатынасымен байланысты: аштық 
пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, 
адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
• Табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасымен байланысты: экология- 
лық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктік және дамографиялық.
Қазіргі кезде дүниежүзілік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен 
қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр. Бірақ, халықаралық қатынас- 
тарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік 
топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. 
Сондықтан оған баска елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар 
жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілеттіліктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны 
көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер 
күшінің арақатынасы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында 
деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді 
жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. 
Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды 
басқа елдердің қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмай- 
тындығы анықталды. Қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал 
болмаса, оны қайткен күнде де қолға түсіріп, өз елін қорғау үшін толығымен 
пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп- 
төстеу өте қымбатқа түседі және қандай бай елді болмасын айтарлықтай
148


әлсіретуі мүмкін. Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы 
Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын алуға болады. Қазіргі таңда 
мемлекеттің күші көптеген көрсеткіштерден тұрады. Оған мемлекеттің жер 
көлемі, халық саны, табиғи байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық 
өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты, әлеуметтік- 
саяси, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.с.с. кіреді.
Халықарлық қатынастардың қалыптасу эволюциясына келсек оның адамдар 
арасындағы өзара қатынасты ерекше түр ретіндегі бөлінуі әріден алғанда 
алғашқы этностардың шығуынан және олардың өзіндік санасының қалыпта- 
суынан басталады. Адамзат қоғамының дамуына байланысты олардың 
арасындағы қатынаста күрделене түсті. Халықаралық қатынастың қалыптасу 
тарихындағы сапалық кезең мемлекеттің пайда болуымен байланысты, яғни, 
осыған байланысты мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастары жіктеле 
бастады. Әр мемлекеттің шекарасының анықталуы біріншіден оның егеменді- 
гін анықтаса, екіншіден мемлекеттің сыртқы саясатын анықтады.
Бүгінгі күнде халықаралық қатынас саласындағы зерттеулер жаңа сапаға ие 
болды. Халықаралық қатынас халықаралық құқық нормалары мен қағидала- 
рына негізделеді. Бүгінде халықаралық қатынастағы биполярлық жүйе 
жойылған. Саясаттанушылардың болжамы бойынша халықаралық қатынас 
жүйесі блоктарға бөлінген көпполюсті жүйеге айналуы мүмкін. Қазіргі 
халықаралық қатынастың басты ерекшелігі жалпы адамзаттық мәселенің 
бірінші орынға қойылуы, барлық елдің бейбіт өмір сүру қағидаларының басты 
болуы.
Кез келген уақытта мемлекеттің сыртқы саясаты ішкі саяси-экономикалық 
даму ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Сыртқы саяси байланыстар 
жасаудың маңызды құралы дипломатия болып табылады. Дипломатия-сыртқы 
қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқығымен мүддесін 
қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа 
түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым- 
қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі нысаны болып 
табылады.
Қазақстан мемлекетінің саяси мәселелері және 
оны реттеу жолдары. Қазақстанның сыртқы саяси 
ерекшелігіне келсек, бүгінгі әлемдік реттілікті 
немесе НАТО ұсынып отырған «Бейбітшілік 
жолындағы әріптестік» принципін іске асыру 
барысында, біздің еліміз өз сыртқы саяси стратегиясын жасауда. Одақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет