Саясаттану



Pdf көрінісі
бет59/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

№3 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Саяси билік
Мақсаты: Билік ұғымы мен тұжырымдары және билік қызметтері мен 
легитимділігі түрлеріне тоқталып, Қазақстан Республикасындағы билік 
тармақтарының мәні жөнінде түсініктер беру.
Тапсырма:
1. Билік ұғымы мен теңсіздігі, қызметі.
2. Билік легитимділігі.
3. Билік түрлері мен саяси тәртіп.
Бұл сұрақтар бойынша студенттер саяси билік пен саяси тәртіп мәселелері 
туралы сұрақтар мәнін ашуға тырысулары керек.
Әдістемелік нұсқау:
«Биліксіз қоғам бола ма?» деген сұраққа жауап іздей отырып, билік бар 
жерде теңсіздіктің әртүрлі қызметі мен билік легитимділігіне сипаттамалар 
береді. Мемлекет, саяси билік ұғымдарына және де саяси билікпен бірге 
қоғамның саяси өмірінде саяси тәртіптің болатындығы және оның пайда болу 
себептері мен әр түрлі берілген теориялы тұжырымдарды салыстыру арқылы 
мәселенің бір қарағанда жеңіл талдауда күрделі екендігін студенттер өз 
тараптарына жүргізілетін зерттеулерден анықтауы қажет. Қосалқы әдебиеттер
163


көмегімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саяси билік мәселелері 
туралы және де билік легитимділігі мәселелерінің елдің саяси қоғамында 
алатын орны туралы жан-жақты мәліметтер беру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Биліксіз адамзат қоғамы болуы мүмкін бе?
2. Мемлекеттік билік не себепті егеменді болуы керек?
3. Саяси билік пен билік легитимділігі деген не?
4. Қазақстан Республикасындағы билік түрі, билік қорлары туралы не 
білеміз?
№4 тәжірибелік сабақ 
Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі
Мақсаты: Саяси жүйе туралы ұғымды ала отырып, оның жіктелуі және 
демократия мәселелері туралы мағлұматтар беру.
Тапсырма:
1. Қоғамның саяси жүйесі мен жіктелуі туралы.
2. Демократия, оның мазмұны.
3. Демократия туралы түрлі теориялар тұжырымы.
Бұл сұрақтарға студенттер жауап іздер кезде қоғамның саяси жүйесі мен 
оның жіктелуі туралы және саяси жүйедегі демократия мәселелері жөнінде 
толық мәліметтер бере отырып, Қазақстан Республикасындағы демократия 
мәселелерінен түрлі мәліметтер беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет