1. Саясаттану пәні, оның қызметі туралы.
2. Саясаттану ғылымының дамуы.
3. Қоғамдық пәндерден алатын орны.
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін қоғамның саяси өміріндегі саяси
ғылымының пайда болуы мен қалыптасуын (тарихи әр кезеңдері) салыстыр-
малы
тұжырымдар арқылы анықтап, оның әдіс-амалдары мен қызметтері,
негізгі парадигмаларының негізгі мәселелеріне теориялық анықтамалар беру
керек. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен: тарих, этика, психоло
гия, философия т.б. байланысын анықтау. Жіктеп көрсету және де бүгінгі
қоғамның саяси өмірін түсінудегі «саясаттану» курсының оқытылу маңызын
жете талдау аса қажет пе? Неге? Не үшін? деген
сұрақтарға жауаптар іздеу
керекболады.
Әдістемелік нұсқау:
Пәннің дамып қалыптасуына себеп жайттарын әр кезеңдегі тарихи
заңдылықтарының әсері мен ықпалы болғандығын айта келе, антика дәуірі,
ежелгі Шығыс
елдері ойшылдарының мемлекет, саяси билік, қоғамдық
құрылыс жайлы айтқандарын басшылыққа алу, оқу, талдау.
Аристотельден
бастап ортағасырлық Ф.Аквинский т.б. халықаралық, мемлекет аралық
қатынастар кеңейіп, саяси қызметтер мен күрделенген кездегі саясатты
зерттеумен айналысқан Ш.Монтескье, Ж.Ж. Руссо және XIX ғасырдағы АҚШ
пен Еуропа елдерінің тарихында осы ғылым саласын оқытуға жасалған негізгі
іс-шаралардың тууы, XX ғ. басында саясаттану жеке
дара пән, ғылым ретінде
енгізілгендігін қоғамның саяси өмір заңдылықтарынан түсіндірудің принцип-
терінен екендігін түсіндіру, баяндау.
Саясаттану пәнінің әдіс-тәсілдері, қызметі мен негізгі теориялық үлгілері
(парадигмалары) туралы түрлі мағлұматтарды бүгінгі
адамзат тарихында да
кездесетіндігін салыстырмалы түрде түсіндіру. Қоғамдық пәндердің өз
зерттеулері бар. Ал саясаттанудың зерттеу объектісі: саяси билік, саяси өмір
мәселелері, т.б. оның мәнін және маңызын айқын білуі керек.
Саяси сауатты-
лық үшін тиімді екендігін өзіндік тұжырымымен баяндауға үйрету. Саяси
ақпараттарды талдау, бағалау, анализдеу мен өзіндік ғылыми тұжырымдауға,
дағдыға айналдыру.
Достарыңызбен бөлісу: