Қазіргі заманның жаһандық
сипаты және
түрлері. Қазақстан Республикасының жаһандану
үрдісіндегі орны. Жаһандану ұғымы қазіргі заман-
да біздің санамызға күн артқан сайын тереңдеп
еніп бара жатқаны ешкімге де жаңалық емес.
Жаһандану дегенде тұтастанған, бір-біріне тәуелді,
өзара
біте қайнасып, мидай араласқан әлем көз алдыңа елестейді.
Мемлекетаралық экономикалық, мәдени, ақпараттық, "қаржылық, техникалық,
терроризм мен ұйымдасқан халықара-лық қылмысқа қарсы күрес туралы
байланыстар тереңдеп барады.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалис
т а жүйелердің арақатынасында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық
қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.
Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды
(латынша «глобус»
- жер деген сөзден шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы
әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген
келісімдер идеологиялық сенімге сәйкес бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке
"глобальды тұрғыдан ойлап, локалды (аймақтық) тұрғыда іс істе"
деген қағида
басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екі жақты және
ғаламдық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Жаһандық болжам туралы мектептің негізін қалаушы американдық ғалым
Дж. Форрестер келешекте жаһандық мәселелерді шешуде адамзат осы әлемдік
ұлттан жоғары институттарға арқа сүйейді дейді. Бұл идеяны жақтаушылар-
дың алға тартатын басты аргументі әлемдік дамудағы
басты стратегиялардың
айқындығы. Ол - экологиялық, экстремизм мен терроризм, денсаулық пен
азык-түлік, ең бастысы өркениеттік даму.
Аталған мәселелерді шешуде
егемендік билік ақырындап әлемдік халықаралық институттардың құзырына
көше бастады.
Жаһандык деңгейдегі ұлттан тыс институттарды қалыптастыру туралы
бірнеше ұсыныстар жасалды. Енді соларға азырақ тоқталайық. Алғашқылары
қазіргі саяси-экономикалық жағдайды реттеуде
өркениеттік деңгейде ықпал
ете алатын қабілеті бар әлемдік ұйым құру керек десе, екіншілері ондай
ұйымдар бар (Б ¥¥), бірақ олар өз қызметін толықтай орындай алмады, сол
себептен енді олардың орнына модернизацияланған
жаңа мекемелер құру
керек деп пайымдайды. Сондай-ақ оларға көбірек ресурстар бөлумен қатар
егеменді мемлекеттерге көмек көрсетуде жаңа әдістерді қолданатындай
Достарыңызбен бөлісу: