6 Семинар сабақтарының міндеттері
«Семинар» термині латын тілінің «semmarmm» сөзінен аударғанда
ауыспалы мағынасында - «мектеп», «училище» дегенді,
соңғы уақыттарда
оқытудың жеке бір түрі ретінде немесе оқу процесін ұйымдастыру нысаны
ретінде қолданылады. Энциклопедиялық анықтама бойынша, семинар жоғары
және арнаулы орта білім беру жүйесінде,
белгілі бір мамандықтың оқу
жоспарына енген, ғылыми пәндердін арнаулы бөлімдерін оқытуға арналған
жүйелі оку сабақтарының бір түрі.
Сонымен, оқытуды ұйымдастырудың барысында тыңдаушылар оқытушы-
ның бақылауымен белгілі оқу пәнінің
немесе курстың жеке тақырыбын,
бөлімдеріне қатысты сұрақтарын топ болып талқыға салады. Өздік тұжырым-
дарын ашық айтады.
- Лекцияда алған теориялық білімді бекіту (әр түрлі жолы бар);
- Тыңдаушының тиесілі әдебиеттердің қажетті бөлімінен өз бетінше жұмыс
істеуі;
- Қосымша мәліметтер негізінде теориялық танымды кеңейту;
- Оқу мазмұнын анализдеу және синтездеу
тұрғысынан логикалық-
танымдық теорияларды меңгеруге, ойын дәлелдей білуге,
дәлел негізін таба
білуге уйрену;
- Теориялық ұсыныстарды (рекомендацияларды) жеке және топтық
тәжірибелермен салыстыру т.б.
Семинар сабақтарының түрлері өте көп. Мысалы, семинар-әңгіме,
тақырыптық, баяндамалық, проблемалық, пікір-сайыс, танымдық т.б.
Достарыңызбен бөлісу: