Саяси конфликттердіњ шешілуі


Педагогикалық жанжалдың шығу себептері



бет7/10
Дата09.05.2023
өлшемі121.5 Kb.
#473419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -konfliktti-sheshu-zholdary-24

4. 2. Педагогикалық жанжалдың шығу себептері.
Күрделі кикілжің жағдай оқытушы мен оқушылардың қиын жағдайдағы өзара әрекетімен ерекшеленеді, онда мақсаттардың, тапсырмалардың, дәлелдердің және оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің келіспеушілігі бақыланады. Келіспеушілік деңгейі кикілжің жағдайдың қиыншылығы мен күрделілік деңгейін анықтайды. Өте жиі келіспеушілік оқушылардың жаман қылықтарын тудырады, бұл мұғалімнің оқушыға көңілінің болмауынан шығады. Оқушыға, оның ойынша, оқытушының ерекше назарына ие болуы керек деп ойлайды, ал өз көңілін ойламайды. Оқушы өзіне көңіл аударғысы келеді. Егер оның талаптары назарсыз қалса, ол да осыған сәйкес мінез – құлыққа көшеді. Мектептік практикада мұндай жағдайды қаншалықты байқаймыз. «Иванов сабақта ештеңе жазбайды, бар сыныпқа кедергі болады, оған айтылған ескертулерге жауап қайтарып, дөрекіленеді,» - деп Надежда Петровна айтады. «Иә? Ал менің сабағымда ол тамаша жұмыс жасайды, бар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, тіпті тоқсандыққа 9 балл алғысы келеді!» - деп жауап береді Мария Павловна. Алайда, Ивановқа ұқсас оқушылар, жиі көз алдыңда –ақ түрленеді: жаңа ғана айқалап, ұрысып, мұғалімге сөз қайтарып, біреуді үркітіп, бірақ Мария Павловнаның даусын естіп, сол мезетте өзгере салады. Жаңа ғана болған жанжалдық жағдайдан ештеңе қалмайды. Оқушылар шынымен мінез –құлықтарын таңдайды, ал бұл дегеніміз, оқытушылар олардың таңдауларына әсер ете алады, және әсер ету керектігін білдіреді, және де күрделі тжанжалдардың алдын алу керек.
Жанжалдар көбіне оқушылардың мансапқор қылықтарынан туындайды. Қазір мектептерде кішкентай мансапқорлардың саны көп кездеседі. Олар қазіргі заманның күшті, заманына сай тұлғаларға еліктейді. Кейде балалар «сен маған ештеңе істемейсің» деген тип бойынша өздерінің мінездерін көрсетеді. Мансапқор оқытушылармен, оқушылармен ашық конфронтацияға жиі түседі. Мұндай кикілжің жағдай әдеттегіден тыс артық болып табылады, және оны өнімді өзара әрекет арнасына бұру педагогтан шығамашылық икемді талап етеді, оған жоғарғы педагогикалық мәдениет пен оқушыларға деген адамгершілікті қатынас қажет.
Күрделі педагогикалық жағдайдың жалпы белгілерін анықтауға болады: оқушылардың өз еріктеріне төнетін қаупін білу; педагогтың оқушылардың объективті мүмкіндіктеріне деген талаптарының сәкес еместігі; оқушылар мен педагогтардың оқу қызметіндегі дәлелдемелерінің келіспеушілігі; оқушылардың үйреншікті оқу қызметінің образының бүлінуі, белгілі мақсаттар мен дәлелдерге жету жолындағы пайда болатын кедергілер; психикалық ширау жағдайы тұлғаның қиындыққа реакциясы ретінде, ол қиындықты жеңу субъект үшін маңызды өзгерісі, мінез – құлықтың, қатынастың өзгерісі, тұрақты қатынастардың шеңберінен тыс шығуы.
Өзінің жағымды шешімін таппаған жанжалды жағдай көбіне дауға айналады. Бұған кикілжің жағдайдың қатысушыларының өте тез шиеленісуі, олардың арасындағы қайшылықтар мен күрестің басталуы себепші болады. Бұл жағдайды В. И. Андреев инцидент деп атайды, ол кикілжің жағдайды жанжалға айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет