«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы ақпанда құрылды. Төрағасы – Қ. Сұлтанов. Саяси қозғалыстар арасында бұл одақ беделді болды.
Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
«Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы» (ҚХКП) 1994 жылғы желтоқсан айында құрылды. Төрағасы – У. Сәрсенов. Әлеуметтік базасы – ауыл еңбеккерлері, кооперативтік қозғалыс жұмыскерлері.
«Қазақстанның өрлеу партиясы» (ҚӨП) 1995 жылғы қаңтарда құрылды. Төрайымы – А. Жағанова, мүшесі – 5 мың адам. Мақсаты:
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық топтарының мүддесін қорғау.
Білім және денсаулық саласын қорғау.
«Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) 1995 жылдың басында құрылды. Мүшесі 42 мыңнан астам адам. Мақсаты: Ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделерін қорғау.
«Қазақстанның демократиялық партиясы» (ҚДП) 1995 жылы жазда құрылды. Төрағаларының бірі – Т. Жөкеев. Мүшесі – 19 мың адам. Мақсаты:
Әлеуметтік-нарықтық экономика құруға атсалысу.
Азаматтық қоғам орнату.
Демократиялық құқықтық мемлекет құру.
«Ақ жол» қоғамдық қозғалысы 1998 жылы қарашада құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты:
Президент Н. Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау.
«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.
Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.
«Отан» партиясы 1999 жылы қаңтарда құрылды. Төрағасы – С. Терещенко. Бұл партия Н. Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.
«Қазақстанның отаншылдар» партиясы 1999 жылы 14 қаңтарда құрылды. Мүшелері қатарында: «Азат» қозғалысының жетекшісі – Хасен Қожа-Ахмет, жазушы – Н. Асышев, «Мемлекеттік тіл» қоғамының төрайымы А. Османова болды. Мақсаты:
Ұлттық ынтымақтастыққа рухани тәрбиелеу жолымен жету.
Патриоттық сезімді қалыптастыру және өсіру.
Қазақстан қоғамы проблемаларына анализ жасау және дағдарыстан шығу жолдарын көрсету.