Сбалансированная система показателей и ключевые показатели эффективности


Сауаттылық (жақсы тілмен сөйлеңіз және жазыңыз)



бет5/12
Дата07.12.2023
өлшемі1.33 Mb.
#485737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Корпоративтік мәдениет

6. Сауаттылық (жақсы тілмен сөйлеңіз және жазыңыз)

Мекеме шектеулеріне бағытталатын ішкі құжаттар немесе хаттар түсінікті тілмен меңгерілуі тиіс, ал меншік атаулары қатесіз жіберілуі тиіс. Әдепсіз сөздерді қолдануға болмайды. Тіпті егер сіз басқа адамның сөзін келтірген жағдайда, қарамағындағыларға бұл сіздің жеке сөз қорыңыздың бөлігі ретінде қабылданады.

Іскерлік қарым-қатынас жағдайға байланысты тікелей және жанама бола алады. Бірінші жағдайда адамдар қарым-қатынасының тікелей байланысы арқылы өтеді, екінші жанама байланыс тіркелу немесе техникалық құралдар көмегімен өтеді.

Тікелей байланыс сияқты жанама байланыста адамдарға әсер ету және әрекет етудің түрлі әдістері қолданылады. Көп қолданысқа түсетіндердің арасынан келесілері бөлінеді – сендіру, дегеніне көндіру, мәжбүрлеу.

Сендіру – фактілер және қорытындыларды логикалық ретке келтірудің тікелей дәлелінің әсер етуі. Өз позициясының әділдігіде, өз білімінің шындығында, өз әрекетінің этикалық дәлелдігінде өз-өзіне деген сенімділікті тұспалдайды. Сендіру – күштеп емес, бұл дегеніміз қарым-қатынас бойынша әріптеске әсер етудің адамгершілік тәуір көрінетін әдіс болып табылады.

Дегеніне көндіру – тәртіп бойынша адамға әсер ету үшін фактілер мен құбылыстардың логикалық талдауын және дәлелін талап етпейді. Беделдің әсерінен, құрылатын қоғамдық жағдайдың, әсемділіктің, қарым-қатынас субьектілерінің ішінен біреуінің ой-өрісі биік және жігерлі үстемділігінен құралатын адамның сеніміне негізделеді.

Мәжбүрлеу – адамға әсер етудің ерекше күштеу әдісі. Индивидке ықтиярсыз зардап келтіретін жазалау немесе басқа да әрекеттерді қолдана отырып, адамды өзінің ықтиярсыз және көндіру арқылы өзін ұстауға мәжбүрлеуді талап етеді. Төтенше жағдайда ғана мәжбүрлеу этикалық ақталған болады. Адамға әсер ету әдісін таңдауда әртүрлі факторлар әсер етеді, соның ішінде қарым-қатынастың сипаттамасы, мазмұны және жағдайы (әдеттегі, айрықша) қарым-қатынас субьектісінің қоғамдық және қызметтік жағдайы (биліктегі өкілеттілік) және адамның жеке қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет