136
– Менің өзімде идеядан туады. Әуелі, ақыл тәрізді.
Шығарманың негізгі идеясын, жалпы
бағытын айқындап алмай, жазуға қалай кірісуге болады – дейді Ғабең.
Бұл қасиеттер жас жазушыға да, тіс қаққан жазушыға да аса қажет ұлағатты дүниелер, автордың
естелігі осы жағынан да, өмірді зерттеп, болжамдау жағынан да құнды екендігіне дау жоқ, Мұның өзі
– ескірмейтін ұдайы бір – бірімен сабақтасып, жаңарып отырған – бір тарих.
«Тектілік табиғаты» естелігі академик Әлкей Марғұлан жайлы сөз етсе, «Тума талант» халық
суретшісі Әбілхан Қастеев жөнінде ой тарқатады. Автор Әлкей ағаның ғұлама ғалымдарын, оның көп
білетіндігін әңгімеге арқау етсе, суретші Әбілхан ағаның жаратылысынан
тума талант екендігін
көсілте жазады.
Кітаптағы «Қайсеновтің қасиеті», «Қасым қайсенов туралы сөз» естелігі «Қайсар қайтпас» роман
– эссесінен өзгеше дүниелер. Қаһарман партизанның тыныс – тіршілігі, соғыстағы ерлігі туралы аз
жазылған жоқ. Бірақ Ахат шығарма табиғатын дараландырып, әрі көркем, әрі тарихи туынды жазды.
Қасым Қайсеновтің өмірбаяндық портретін шебер қиюластырып, өзінде де, өзгеге де таныта білді.
Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иeci Ахат Жақсыбаев
көркем шығармашылықпен бipгe өз заманындағы әдеби өмірдің зәру мәселелері төңірегіндегі пікір
алысуларға да батыл араласып, жазу өнepi жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған.
Қалай болғанда да уақыт кідірмейді, бірақ адамның арманшыл әрекетшілдігі басым: ол
бәрін
жеңеді ілгері асуларға жетелейді. Біз әрдайым осы жолда сана ағысын сарқып еңбек етіп танылған
азаматтарға олардың үрдісті өмір жолынан үлгі алуға тиістіміз. Осы санаттағы тұлғаның бірі, әрі
бірегейі Ахат Жақсыбаев.
Достарыңызбен бөлісу: