Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет59/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Вердиман Е. Женщина в древнем мире. Пер. с нем. М.С.Харитонова. Послесл. А.А.Вигасина.-М.:Наука. Главная 
редакция восточной литературы, 1990. -335с.:ил.(по следам исчезнувших культур Востока). 
2. Сәкенов С.Б. Қазақ тарихи жырларының сюжеттері: тарихилығы мен типологиясы. -Алматы, 1995. -145 б. 
3. Бердібаев Р. Эпос - ел қазынасы. Алматы: Рауан, 1995. Б. 344. 
4. Жирмунский В.М. Сказание об Алпамыше и богатырская сказка. М., 1960. -335 стр. 
 
 
Сыдықова С., 
 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
 университетінің магистрі 
 
АХАТ ЖАҚСЫБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ 
 
 Қазақтың сөз өнерінің киесі қапасыз дарыған шынайы қаламгер, іші-тысыңды бірдей өзектеп, 
өрнектей алатын қас суреткер һәм қоғам қайраткері әрі бәрінен кереметі – ұлы мұраты, үлкен 
ұлағатты азамат жөнінде не айтқан 
болар едік!? 
Халық қашан да өзінің ақиық адамзаттарымен құдіретті. Халықтың атын шығарып, әлемге 
танытатын – сол ұлттың озық ой мен өнегелі өнер қуған, жанын жалдап, тілін безеп, халқы үшін 
бойындағы бар жігер-қайратын сарқа жұмсаған, адамгершіліктің ақ жолын мұрат тұтқан перзенттері. 
Туған жұртының әдебиеті мен мәдениетін, рухани өмірін дамытуға үлес қосқан, елі үшін есепсіз 
еңбек етіп, туған халқының мерейін мейлінше үстем етуге тер төккен азаматтарын елі әрқашан есінде 
ұстайды.
Белгілі бір кезеңде өз халқына шамшырақ болып талмай қызмет еткен тұлғаны бетке ұстау
қалтқысыз қастерлей білу елдік қасиеттің өлшемі болса керек.
Өткенін еске алу – елдіктің белгісі, өткенін ұмыту – өшкендіктің белгісі, - дейді халық даналығы.
Барын базарлай білу, мақтан тұтып, қадіріне қанығу өсетін елдің қасиеті, жақсылықтың нышаны 
болса керек.
«Көркем әдебиетті тек ұлы ақын-жазушылар жасамайды. Оның үлкенді-кішілі, ірілі-уақты 
өкілдері болады. Әдебиет тарихы әр кезеңде әдебиетке ат салысқан, оған өзінше аз да болса үлесін 
қосқан ақын-жазушыны ұмытпайды, ұмытуға тиісті де емес!» - деген Т. Кәкішевтің пікірі Ахат 
Жақсыбаевтың әдебиеттегі еңбегіне де арналғаны сөзсіз. 
Ахат Жақсыбаев – ешкімге ұқсамайтын қаламгер. Ол-түсінікті жазушы, танымал жазушы, 
талантты жазушы. Шерхан Мұртазаевтің сөзімен айтсақ: «Талантты тану-қиын, танымау –қиянат!». 
Оның мінезі де, жазуы да басқалардан өзгеше.
Ахат Жақсыбаев өмір тәжірибесі мол, қоғамдық ойы биік, ел тірлігінің түйінді мәселелерін терең 
толғай білетін белгілі жазушылардың бірі болып саналады. Оның қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, 
өндіріп еңбек етіп келе жатқан қалам иесінің әдебиеттегі жолына тағы бір көз жібере отырып, ол 
тындырған шаруаларды, алған асуларын қалың оқушы қауымның есіне сала отырып, әдебиет 
саласында биік дәрежеде орнын алған жазушыға, қазақ әдебиетінің бүгінгі таңдағы жемісті бір 
бәйтерегі болып отырған қалам иесі.
Қазақ әдебиеті мен аударма саласының дамуына өз үлесін қосқан шығармашылық жолында өз 
жолын салып кеткен тұлғаның бірі - Ахат Жақсыбаев.
Алаштанушы, белгілі жазшы Тұрсын Жұртбай Ахаң жайлы: Шындығында да, ол бір жұлдызды 
жылдар екен-ау! Марқұм Бекең мен Ғафакеңнің, Оралхан мен Сағаттың, Маршал мен Кәрібайдың
Жарасқан мен Мараттың, Асқардың бейнелері әр қазақтың көз алдынан кетер ме десеңші! Жұлдыз 
десе – жұлдыз, жайсаң десе – жайсаң, азамат десең – азамат, жазушы десең – жазушы еді ғой 
сабаздар! Ахат Жақсыбаев сол жұлдыздардың береке басы бола білді. Сол жұлдыздардың қадірін 
біліп, қасиетін арттыра білді. Нағыздың нығызы дейтініміз де сондықтан», - деп жазады.
Тұрсын ағамыз осы мақалада Ахаң жайлы ағынан жарылып: «Әдетте аса орнықты көрінетін Ахат 
Жақсыбаев қызмет барысындағы өзі әділ деген пікір жөніндегі «Егеске» келгенде кез-келген 
«Бөгетті» жеңіп, қызметкерлеріне нағыз «Қорған» бола білетін «Қайтпас қайсардың» өзі. Кезінде 
Н.Тихоновтың: «Мұндай адамдарды кез-келген жерге, кез-келген уақытта шеге етіп қағуға болады. 
Сонда қайтып ол жерге ешқашанда алаңдамайсың», – деген өлеңі мәтел ретінде айтылып жүретін. 
Жалпы алғанда, Ахаң – Ахат Жақсыбаев сондай мықты да сенімді, шеге сияқты тұрақты, мық 
азаматтың нағызының нығызы». 


135 
Егерде адамды және оның еңбегін бағалауда және әділдікті ұстануда бойымнан бір нышан 
байқалып қалса, ол сол «Жұлдыздың» жұлдыздарынан, соның ішінде Ахат Жақсыбаевтан да, алған 
тәлім деп есептеймін»,- деп Ахаңның жақсы ұстаз да бола білгенін айтады.
Оның шығармашылық өмірі XX ғасырдың 40-шы 70-ші жылдарына сәйкес келіп соңына көптеген 
туындылар қалдырды. Ол туындылары тұтастай бірнеше буынға рухани азық болды. Ахат 
Жақсыбаевтың қаламынан туған жұмысшы тақырыбындағы романдар мен повестер және басқа да 
естеліктер мен аудармалар биік дәрежеде әдебиетіміздің үлгілі шығармалары болды. Ахат 
Жақсыбаев «Егес», «Бөгет», «Қорған» сияқты шығармаларымен елге жақсы таныс. Жазушының 
бертін келе шыққан «Иса ақын» романдары қазақ әдебиетіне үлкен табыс алып келді. Сондай-ақ, 
қаламгер ақын-жазушылардың алдыңғы-кейінгі буын өкілдерімен жиі жақын араласып, қызметтес 
болуы «Жаны жайсаң жақсылар» атты естеліктер жинағы жарық көруіне себеп болды.
Ахаң жоғары білімді әрі жан жақты сауатты, қайраткер тұлға. Өз кәсібінің білгірі ғана емес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет