ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мемлекетіміздің егемендік алғаннан бері пайда болған заңды құбылыстардың қатарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу мәселелері танылады.
Қандай да бір жер учаскесіне байланысты жалдау шарттарын жүргізудің жолы ретінде Қазақстан Республикасында жер учаскесінің аукцион объектісі ретінде танылуы, Мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзуге және ұйымдастыруға байланысты қатынастар мемлекетімізде 2003 жылғы 13 қарашадағы Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен реттеледі.
Аталған ережеге және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес, сауда-саттық дегеніміз – жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатудың аукциондық, конкурстық нысаны. Сауда саттық мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді Олар: аукцион және конкурс. Аукцион дегеніміз – сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi болып табылады. Ал конкурс дегеніміз – сатып алынатын жер учаскесiн пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын бес жылға дейiн бөлiп төлеп сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi болып табылады. Қазақстан Республикасында сауда-саттықтың екі әдісі қарастырылған: сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi - бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттық әдiсi. сауда-саттықтың голландтық әдiсi - бастапқы баға хабарланған қадаммен қатысушылардың бiрi хабарланған баға бойынша объектiнi сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендейтiн сауда-саттық әдiсi. Сауда саттыққа шығарылған жер учаскесінің сауда саттық түріне байланысты екі түрлі бағасы бар. Олар: ең төменгi баға - жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын бұдан төмен бағаға сатуға болмайтын баға және бастапқы баға - әрбiр жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша сауда-саттық басталатын баға.
Мемлекет сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатқан кезде жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының ең төменгi бағасы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген олардың құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы белгілеген кадастрлық (бағалау) құнынан төмен болуы мүмкiн емес.
Жер аукциондарының қатысушалары болып келесі тұлғала танылады:
1. Ұйымдастырушы – меншiк иесi немесе ол мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ол белгiлеген, жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты дайындауды және өткiзудi жүзеге асыратын ұйым;
2. Аукционшы - аукцион өткiзетiн тұлға; екiншi сатып алушы - мөлшерi жағынан екiншi бағаны атаған қатысушы;
3. Сатып алушы - сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан тұлға;
4. Сатушы - Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген олардың құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы;
5. Қатысушы - сауда-саттыққа қатысу үшiн белгіленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға.
Сатушының айрықша функциялары мыналар болып табылады:
1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес нақты жер учаскелерiн және жер учаскесiн жалдау құқығын анықтау;
2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткiзу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезiнде сауда-саттықты өткiзу әдiсiн анықтау;
3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы және ең төменгi бағасын, кепiлдiк жарналардың мөлшерiн бекiту;
4) ұйымдастырушымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткiзуге шарт жасасу;
5) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу барысына бақылауды жүзеге асыру;
6) қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушымен есеп айырысуды жүзеге асыру.
Сатушы жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты өз бетiмен ұйымдастырады және өткiзедi не ұйымдастырушымен оларды ұйымдастыруға және өткiзуге арналған шарт жасасады.
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткiзуге арналған шарт сатушы мен ұйымдастырушы арасында жасалады және:
1) сауда-саттыққа қойылатын объектiлердiң тiзiмiн;
2) сауда-саттықты өткiзудiң шектi мерзiмiн;
3) әрбiр объектiнi сату кезiнде сауда-саттықты өткiзу әдiсiн;
4) ұйымдастырушыға берiлетiн әрбiр oбъект бойынша құжаттардың тiзбесiн;
5) сауда-саттыққа дайындық және оны өткiзу барысы туралы ұйымдастырушы есептiлiгiнiң кезеңділiгi мен нысанын;
6) тараптардың өзара мiндеттерi және мүлiктiк жауапкершiлігiн;
7) ұйымдастырушының сыйақы алу мөлшерi мен шартын және сатушымен өзара есеп айырысу тәртiбiн;
8) шарттың қолданылу мерзiмiн және оны бұзу шарттарын;
9) тараптардың шартты орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшiн айыппұл санкцияларын қамтуы тиiс.
Ұйымдастырушы сыйақысының мөлшерi әрбiр сатылған объектiнiң сату бағасының 5 пайызынан аспайды және сатушы қаражатының есебiнен төленедi.
Сатушы жеке меншiкке сатылатын немесе жер учаскесiн жалдау құқығы сатылатын жер учаскесi бойынша қажеттi құжаттаманы сауда-саттықты ұйымдастырушыға ұсынады.
Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдiк заңды тұлғалар, егер сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы жер заңнамасына сәйкес көрсетiлген тұлғалардың жеке меншiк құқығында немесе жалдау құқығында бола алатын болса, сауда-саттыққа қатыса алады.
Мыналар:
1) мемлекеттiк заңды тұлғалар;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушы;
3) аукционшы;
4) алдыңғы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жеңiп шыққан, бiрақ жасалған шарттың ережелерiне сәйкес сатып алынған жер учаскесi (жер учаскесiн жалдау құқығы) үшiн есеп айырыспаған тұлғалар конкурсқа, аукционға қатысушылар бола алмайды.
Егер объект бiрiншi аукционда, конкурста сатылмаса, ол екiншi және келесi сауда-саттықтарға шығарылады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы әрбiр жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша сауда-саттық (аукцион, конкурс) басталар алдында сауда-саттыққа қатысушылардың санын есепке алады.
Егер осы жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың саны екіден кем болса, осы жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және келесi сауда-саттықтарды қоспағанда, сауда-саттық өтпедi деп жарияланады.
Сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) өткiзудiң белгіленген тәртiбi бұзылған жағдайда олардың нәтижелерi жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың) нәтижелерiн жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртiбiмен қаралады. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алушы мен сатушы арасындағы сауда-саттықтың нәтижелерi бойынша қосымшаға сәйкес сатып-алу-сату шарты жасалады.
Тiркелген сатып алу-сату шарты жер учаскесiне (жер учаскесiн жалдау құқығына) құқықты куәландыратын құжатты сатып алушыға беру үшiн негiз болып табылады.
Жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы бағасы жер заңнамасына сәйкес белгiленген жер учаскесiн (жер учаскесiн жалдау құқығының) бағалау құнынан төмен болмауға тиiс.
Ең төменгi баға сауда-саттық әдiстерiне қарай анықталады:
1) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi кезiнде бастапқы баға ең төменгi бағаға тең болады;
2) сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде бастапқы баға ең төменгiден кемiнде жүз рет асып түсуi тиiс.
Ең төменгi бағаны белгiлеген кезде оның өлшемi аукцион өткiзу туралы хабарламада көрсетiледi.
Аукционға қатысуға арналған кепiлдiк жарна аукционға шығарылатын барлық объектiлер үшiн бiрдей мөлшерде белгiленедi және мынадай әдiстемелердiң бiрi бойынша есептеледi:
1) әрбiр объект бойынша объектiнiң бастапқы бағасының 5 пайызы анықталады;
2) алынған нәтижелерден орташа арифметикалық өлшем анықталады;
3) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi бойынша аукционға шығарылған объектiлердiң iшiнен объектiнiң ең аз бастапқы бағасы анықталады;
4) сауда-саттықтың голландтық әдiсi бойынша, аукционға шығарылған әрбiр объектiнiң бастапқы бағасының 30 пайызына тең өлшемнiң ең азы анықталады;
5) кепілдiк жарнаның мөлшерi алынған нәтижелердiң өлшемiнен ең азына тең қабылданады.
Қатысушылар кепiлдiк жарналардың кез келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алуға құқық бередi. Аукционда жеңiп шыққан жағдайда кепiлдiк жарна қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ететiн болып табылады:
1) аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
2) аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сатып aлу-сату шартын жасасу;
3) сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi орындау.
Кепiлдiк жарна аукцион өткiзу туралы хабарламада белгiленген нысанда әрi тәртiппен және заңнамаға сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлуi мүмкiн емес. Кепiлдiк жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн.
Аукционды жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.
Егер жер учаскесiнiң немесе жер учаскесiн жалдау құқығының құны кепілдiк жарнаның сомасынан кем болған жағдайда, олардың арасындағы айырманы сатушы сатып алушыға аукцион өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмей қайтарады. Егер сауда-саттыққа қатысушы енгiзген кепiлдiк жарналардың саны сауда-саттықта сатып алынған объектiлердiң санынан асса, пайдаланылмаған кепiлдiк жарналар қатысушыға аукцион өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен кешiктірмей қайтарылады.
Сатушы кепiлдiк жарнаны мынадай жағдайларда:
1) аукцион өткiзуге дейiн үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартса;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға қатысушы сәйкес болмаса қайтармайды.
Басқа жағдайлардың бәрiнде кепілдiк жарналар аукцион өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен аспайтын мерзiмде, ал егер ақша сатушының шотына аукционнан кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап бес банктiк күн iшiнде қайтарылады.
Сатушыдан алынған деректердiң негiзiнде сауда саттықты ұйымдастырушы сатуға ұсынылған жер учаскесi туралы ақпараттық хабарлама жасайды және оны аукцион өткiзудiң жарияланған күнiне дейiн 15 күннен кешiктiрмей мерзiмдi баспасөз басылымында жариялайды.
Ақпараттық хабарлама:
1) аукцион өткiзілетiн күндi, уақытты, орынды және оның шарттарын;
2) учаскенiң мекен-жайы мен орналасқан жерiн, оның алаңын және жер учаскесiн сату шарттарын;
3) иелiктен алынатын құқықтың (меншiк құқығының немесе жер учаскесiн жалдау құқығының) түрiн;
4) жер учаскесiне түсетiн барлық қиындықтар (шектеулер) тiзбесiн;
5) жер салығының немесе жалдау ақысының мөлшерiн;
6) сауда-саттыққа қатысуға арналған өтiнiмге қоса берiлетiн сатып алушы ұсынатын құжаттардың тiзбесiн;
7) өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмiн;
8) төлемнiң бастапқы бағасын, нысаны мен шарттарын;
9) кепiлдiк жарна сомасын және оны енгiзу тәртiбiн, сондай-ақ сатушының депозиттiк шотын;
10) өтiнiм қабылданатын орынды, мерзiмдi және нысанын қамтуға тиiс.
Аукционға қатысушыларды тiркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және аукцион басталғанға дейiн бiр сағат бұрын аяқталады.
Сатушы мен ұйымдастырушының:
1) қатысушыдан аукционға шығарылғандардың iшiнен сол немесе өзге объектiнi сатып алу ниетi туралы ақпаратты талап етуге;
2) сауда-саттыққа дайындықтың және оны өткiзудiң барлық кезеңi iшiнде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;
3) қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттар берудi талап етуге құқығы жоқ.
Тiркеуден өткен тұлға аукцион күнi аукциондық нөмiрге алмастырылатын қатысушы билетiн алады. Бұл ретте ұйымдастырушының берiлетiн нөмiрлердi белгiлi бiр объектiлерге бекiтiп тiркеуге құқығы жоқ. Сауда-саттық процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.
Аукционды аукционшы өткiзедi. Аукцион оны өткiзу ережесiн хабарлаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалар өткiзу ережелерiн бұзған жағдайда аукционшы оларды аукцион өткiзу орнынан шығарып жiберуi мүмкiн. Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сауда-саттыққа шығарудың кезектiлiгi туралы шешiмдi аукционшы қабылдайды.
Әрбiр жер учаскесi немесе жер учаскесiн жалдау құқығы бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, сауданың өткiзiлу әдiсiн, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукционшы сауда-саттық процесiнде қадамдарды бұл туралы хабарлай отырып өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы объектiнiң осы бағаларының 5-тен 10 пайызына дейiнгi шектерде жүргiзiледi.
Әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж.
-
Қазақстан Республикасының жер кодексі 20 маусым 2003 ж.
-
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 2003 13 қараша 2003 ж.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі. 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасы: 2005 жылы 5 қаңтар қаулы // Юрист анықтама жүйесі.
Мамытов Д.Н., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Заңтану»
мамандығының 2-ші курс магистранты
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Қазақстан-2030» Стратегиясына сәйкес әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласын жетілдіру Қазақстанның дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады [1]. Мемлекеттік саясат халықтың жұмыспен қамтылуын көтеруге, лайықты жалақыға, қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге және еңбекті қорғауға бағытталған. Сол себепті де нарықтық қатынас жағдайында қызметкерлердің еңбек ақысын дұрыс төлеу негізгі рөл ойнайды. Президенттің соңғы жолдауына cәйкес: «Жалақының орта айлық көрсеткіші 5 есе, ал зейнетақының орташа өлшемі 3 есеге өсті. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халық саны 4 есеге азайғаны атап көрсетілді (50 % дан 12%)» [2]. Нарықтық жағдайда еңбек ету барысында түрлі экономикалық түсініктердің, тәртіптердің мағынасы өзгерді. Бұл жалақыға да қатысты. Еңбекақы- бұл жұмысшының біліктілігіне, атқарылған жұмыс шарттарының саны мен сапасының қиындығына байланысты еңбегіне ақы төлеу, сонымен бірге өтемдік және ынталандыру сипатындағы төлемақылар. Ал жұмыс беруші үшін еңбек өндіріс факторының бірі болса, жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысы өндіріс шығындары элементтерінің бірі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек нарығы да қалыптасады. Оның субъектілері: нақты бір еңбек қорына сұраныс білдіретін жұмыс берушілер (өндіріс құралдарының жеке меншік иелері), және жалдамалы жұмысшылар (еңбек қорының жеке меншік иелері). Олардың саны және кәсіби-біліктілік сипаттамасы еңбек нарығындағы ұсынысты қалыптастырады, сол үшін шартты еңбек қатынастары жүйесіндегі еңбекақы категориясын дұрыс түсіну маңызды. Еңбек құқығында еңбекақыға қатысты ұғымдардың кемшіліктері бар. Оларға, атап айтқанда, «төлем» (өтеу, төлеу, төлем, сыйақы) түсінігін білдіретін артық синонимдік түсінікті жатқызуға болады.
Мысалы, А. Ахметов пен Г. Ахметов оны еңбекке сыйақы ретінде анықтап, еңбекақы түсігін күрделендірмеуді ұсынады [3]. Өз кезегінде Е.О. Қожабаев «сыйақы» терминін жұмысшы мен оның отбасы мүшелерінің (өтемақылық төлемдерге кәсіпорындағы жазатайым оқиғалар негіз болады) пайдасына жұмсалатын, сонымен бірге жұмыс берушінің де пайдасына іске асатын өтемақалық төлемдер ретінде түсінуді ұсынады [4]. Біздің ойымызша, бұл жағдайда жұмыс беруші мен жұмысшының әрекет етуі, материалдық жауапкершілік институтына жатады.
Еңбекке ақы төлеу- бұл жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтік актілеріне және келісімдерімен еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмысшыға еңбегі үшін міндетті төлемді қамтамасыз ететін қатынастар жүйесі.
Еңбек нарығындағы келісім нысаны нақты бір жағдайда, бір уақыт аралығында нақты бір сападағы еңбек қоры бірлігін пайдалану құқығын иелену болып табылады. Еңбек бірлігінің нарықтық құны дегеніміз келісімде көрсетілген және еңбек ақы деңгейін анықтайтын, уақыт бірлігінде нақты кәсіби-біліктілік сипаттамасы бар еңбек ақы ставкасы. Еңбек нарығы субъектісінің экономикалық қызығушылық балансын ескере отырып, берілген сападағы еңбек бірлігінің нарықтық құны сұраныс пен ұсыныс арақатынасының ықпал етуімен құралады.
Еңбекақыны реттеудің негізгі екі әдісі бар:
1. Орталықтандырылған әдіс – барлық кәсіпорындарға, не бөлек салалар мен кәсіби топтарға ғана міндетті еңбекақы төлеу нормасының заңнамалық бекітілуін қарастырады.
2. Еңбекақыны жүйелеудің жергілікті әдісі – еңбекақыны ұйымдастыруда өндірістер өздігінен әзірлейтін барлық процедураларды, механизмдер мен әдістерді енгізеді. Бұл еңбекақыны төлеу жүйесін таңдау мен тарифтік жалақыны белгілеу, еңбекақысын төлеуге ақшалай қаржы өлшемі, түрлі қосымша төлеулер мен үстемелерді енгізу туралы шешім, сонымен бірге сыйлық беру туралы ережені әзірлеу.
Біз шетелдік, анағұрлым жарқын еңбек құқығының өкілдері - Т. Хартли мен Д. Майнстың ұстанымдарын қарастырдық.
Біріншісі еңбек туралы шарттардың бәрін locatio-coruluctio шартының түрлеріне жатқызады (өтемді пайдалану туралы шарттар) және шарт бойынша ақы төлеу деген ақшалай баламаны, затты немесе әрекетті пайдаланудың ақшалай түрі, ол әділ, адал және нақты болуы тиіс [5]. Д. Майнс еңбек туралы шарттардың ерекше түрінің қолдаушысы бола тұрып, оның қазіргі заманғы заңнамадағы үрдісін еңбекақыны ерекше, алиментті сипатта, оның міндеті жұмысшыға және отбасына материалды күнкөрісті қамтамасыз ету үшін қажет деп түсіндірді [6].
Көріп тұрғанымыздай екі автор да еңбекақыны азаматтық-құқықтық қатынастар арқылы түсіндіреді, бұл әдіс нарықтық қатынас жағдайындағы еңбек қарым-қатынастарына кеңес одағынан кейін көп қолданылмайтын.
Кеңес одағынан кейінгі нарықтық қатынастар жағдайындағы еңбекақы институтының мәнін түсінуде елеулі үлес қосқан Ресей және отандық құқықтанушылар болды. Басин Ю.Г. алғаш рет еңбекақыны қоғамдық және саяси экономикалық санатта қарастырмай, ерекше белгілері ретінде еңбек қарым-қатынасы тараптарының құқығы мен міндеттеріне сілтеме жасайтын қатал заңдық түсінік ретінде қарастырды. Басин Ю.Г. жұмысшының есебіне барлық төлемақыларды екі үлкен топқа бөлді: бірінші топтың төлемақылары өзара кепілдік принципіне негізделген, бұл жерде төлемақы қандай да бір жұмыстың орындалғаны үшін беріледі, оның өлшемі жұмыстың көлемі мен сапасына байланысты (еңбекақы); екінші топтың төлемақылары өзара кепілдікті талап етпейді (өтемақылық төлемдер) [7]. Бірінші топқа – бұл сағат, күн, қиындығы мен сапысына және т.с.с. белгілі бір уақытта еңбек бірлігін пайдаланғаны үшін төленетін құнды жатқызады. Ал екінші топқа ерекше орынды мақсатты топтар алады – бұл жұмысқа орнналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар. Нысаналы топтарға: жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтар, жастар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, жалғызбастылар, көп балалы ата-аналар, зейнеталды тұлғалар, мүгедектер жатады. Қазақстанда бұндай азаматтарға мемлекет кемсітушіліктен қорғауға кепілдік береді, жұмыс табуға және жұмысқа орналасуға көмектеседі, өйткені олар нарықтағы бәсекелес жағдайында өте осал болып келеді. Сондықтан оларды өтемақалық төлемдер төле алушылар тобына жатқызуға болады.
С.Т. Тұрсынақұнов және Ю.Г. Басинның ұйғарымын еңбекақыны сыйақалық төлемдерден шектеп, бөліп тастайтын қосымша белгілерін көрсетіп, анықтады: еңбекақыға алдын ала белгіленген нормалар мен бағалар бойынша жұмысшыға әділ еңбек өлшеуішінің негізінде белгіленген міндетті еңбек өлшемін орындағаны және асыра орындағаны үшін төленетін сыйақыны жатқызу керек деп белгіленеді [8]. Еңбекақы барлық жұмысшылардың: мамандығы әртүрлі жұмысшылардың, еңбектері білімге, арнайы оқытуға көп шығын жұмсайтын жоғары білікті мамандардың- дәрігерлердің, оқытушылардың, заңгерлердің және т.с.с; халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін шағын кәсіпорындардың қожайындарына (тұрмыстық техниканы жөндеу шеберлері, шаштараздар және т.б.) еңбегіне ақы төлеуді қамтиды. Еңбекақыны анықтаудағы бұндай көзқараста оған қалам ақы, сыйлықақы және басқа да сыйақылар сияқты табыстар та кіреді. ҚР Еңбек Кодексінде заң шығарушы еңбекақыны анықтау барысында дәл осындай көзқарасты қолданады- «еңбекақы- жұмысшының біліктілігіне, орындалатын жұмыстың қиындығына, санына, сапасына және жағдайына байланысты төленетін ақы, сонымен бірге өтемақылық және ынталандыру төлемдері» (41 т.) 1 б. 1т.).
Н.М. Саликова еңбекақыны жұмысшыға еңбек міндеттерін орындағаны үшін берілетін сыйақы ретінде қаралатын қарапайым құқықтық қатынастар, ұзаққа созылатын еңбек құқық қатынастары щеңберінде қарастырады [9].
РФ Еңбек Кодексінің 129-б. 1-тармағында берілген еңбекақының қазіргі анықтамасы өз құрылымы жағынан қиын болып келеді және үш анықтаманы енгізеді: нақты еңбекақы анықтамасы ( еңбекақының тар мағынасында), өтемақылық төлемдер анықтамасы және ынталандыру төлемдері анықтамасы.
Еңбекақыны зерттеу барысында біз заң шығарушы көрсеткен алғашқы түсінікті дұрыс деп шештік – бұл еңбегі үшін берілетін сыйақы (ҚР Еңбек Кодексінің 1 б. 1т.) [10]. Бұл тұста еңбекақы анықтамасының тар мағынада жұмысшының біліктілігіне, атқарып жатқан жұмыстың қиындығына, санына, сапасына және жағдайына тәуелділігі деген белгілерін енгізуде күмән тудырамыз. Біздің ойымызша, көрсетілген белгілер еңбекақының белгісі болып келмейді (яғни еңбекақы мен басқа да төлемдерді айырудың өлшемі емес), ал заңды талаптарға сай келетін еңбекақы болуы керек. Біздіңше, еңбекақы жұмыс берушіде әрекет ететін еңбегіне ақы төлеу жүйесінің негізінде жұмысшыға сыйақы болып келеді, және де жағымды жағдайлардан ауытқитын жұмыс үшін берілетін төлемдер мен көтермелеу төлемдері болып табылады.
Сонымен бірге мағынасына тек еңбекақыны қоспай, жұмыс беруші жұмысшының пайдасына іске асыратын барлық төлемдерді негізге ала отырып, «еңбекке ақы төлеу» (17т.) ҚР Еңбек Кодексінің 1 б. 1 т.) түсінігін анықтауды ұсынамыз. Бұл төлемдердің ішінде кепілдікті, өтемақылық және әлеуметтік төлемдерді жатқызуға болатын еңбекақы мен басқа да төлемдерді белгілеуді ұсынамыз.
Нарықтық экономика жағдайында жұмысшы үшін жалақы – бұл жеке табыстың басты және негізгі бабы, отбасының ұдайы өсуі және оның әл-ауқат деңгейін арттыру құралы. Жұмыс беруші үшін жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу- бұл жұмыс күшін жалдауға жұмсалатын қаражат, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнындағы шығындардың негізгі бабын құрайды. Бұндай жағдайда жұмыс беруші өнім бірлігінің пайдасына жұмыс күшінің меншікті шығынын төмендету мүмкіндігіне қызығушылық танытады. Еңбекке ақы төлеу деңгейі еңбек нарығында жиі өзгеріп отыратын жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымы жағдайында жұмысшы мен жұмыс берушінің тәртібіне елеулі әсер етеді.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақыны реттеу принциптерінің қажеттілігі өнеркәсіп кәсіпорындарында шешіледі. Маңызды әлеуметтік төлеулер, кедейлік шегін белгілеу және де Қазақстандағы еңбекке ақы төлеу жүйесін реттеудің заңды базасын реформалау басымдығы мемлекеттің еншісінде болады. Сондықтан әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде ҚР Еңбек Кодексінің 1 б. 1 т. анықтамалар тізіміне қосу керек, өйткені нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік аспект аса маңызды болып келеді. Әлеуметтік төлемдер дегеніміз жұмысшыға әлеуметтік тәуекелдердің зардабын өтеу мақсатында берілетін төлемдер (материалды көмек, бала тууға байланысты берілетін төлемдер, демалысқа баратын жерге дейінгі және кері қайту жолақысы мен жүк тасу шығындары).
Халықаралық құқық нормаларын ескере отырып еңбекақыны реттейтін ҚР Еңбек Кодексі нормаларын жетілдіру аса қажет болып табылады. Еңбекақының әлеуметтік кепілі жағынан бұл Халақаралық Еңбек Ұйымы Конвенциясының (ХЕҰ) талаптарына қатысты. «Еңбекақыны қорғау туралы» №95 Конвенцияның белгілеуінше, ақшалай еңбек ақы тек осы елде заңды айналымдық күші бар валютамен төленеді [11]. Еңбек Кодексінің 134 б. 1 т. ұлттық валютада көрсетілген, бұл Кедендік Одақтағы интеграциялық өзгерістердің аясында проблемалар туғызуы мүмкін. Конвенцияға сәйкес жұмыс беруші ҚР Еңбек Кодексінде ескерілмегендей, өз жұмысшыларына жалақысын еркін пайдалануға қысым көрсетпеуі керек. Сонымен бірге жалақыдан жұмыс берушінің немесе делдалдың пайдасына тікелей немесе жанама түрде жұмыс орнын алуға немесе оны сақтап қалу мақсатында аударымдар жасауға және жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалақыларын өз қажетінше жұмсауына қысым көрсетуге тиым салынады. Бұл тұста Қазақстан экономикасында таратылған салық есебінде жалақыларын ресми түрде төмендетіп көрсету жұмысшылардың құқын бұзу, бұл жұмысшының әлеуметтік мәртебесін бұрмалау болып табылады.
Қазақстандағы мемлекеттік құқықтық реттеу бағытына:
-халыққа еңбекақы мәселесі бойынша құқықтық және әлеуметтік қорғаныс құру;
-кедейлік шегін анықтау және осы шектен шығатындар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету, кедейлік және жұмыссыздықпен күрес;
-түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеу реформасының заңдық және әдістемелік негізін құру;
-шаруашылық жүргізуші субъектілері жұмысшыларының жалақысына салық салудың тиімді жүйесін құру;
-жұмысшылар үшін жағымсыз инфляциялық үдерістерді жеңілдету бойынша шараларды әзірлеу;
-жұмыс берушіге жалақыны дер кезінде төлемегені үшін жауапкершілік белгілеу жатады.
Қазіргі жағдайда еңбектің қиындығы тәжірибеде қолданылатын тарифтік кестенің немесе кәсіби-біліктілік белгілері бойынша саралаудың басқа да түрлерінде ескеріледі. Еңбек шарты қосымша төлемдермен, үстемелермен немесе өтемақылық төлемдердің басқа да түрлерімен толтырылады. ҚР Еңбек Кодексіне біз ұсынып отырған өзгерістер еңбекақыны өзара байланысы бар түсініктер жүйесінде қарастырып, нарықтық жағдайдағы қазіргі еңбек қатынастарының ерекшелігін ескеруге мүмкіндік беретінін тұжырымдап, осындай қорытындыға тоқталамыз.
Әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2 бөлімі) «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды бағыттары «Қазақстан-2030» Стратегиясы» (Астана, 28 ақпан 2007 жыл) //http://online.prg.kz
-
Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана //Казахстанская правда. – 2010. – 2 февраля. – Б.2
-
Ахметова А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006. – Б.152
-
Кожабаев Е.О. Правовое регулирование трудовых отношений в акционерных обществах. Дисс. ... к.ю.н.: 12.00.05 – Алматы, 2002. – Б.105
-
Хартли Т. Права работников в праве Европейского сообщества. пер. с. англ. Б.Н. Топорнин. – М.: НОРМА-ИНФРА, 1998. – Б. 145
-
Майнс Д. Труд в правовом поле/пер. с англ. О.В. Смирнов. – М.: ПРАДОС, 2000. – Б.69
-
Басин Ю.Г. Правовое регулирование заработной платы в новых условиях// Предприниматель и право. – 1999. - №2. – Б.5
-
Турсунакунов С.Т. Индивидуально-договорные трудовые правоотношения в условиях формирования рыночных отношеий. Дисс. ... к.ю.н.: 12.00.05. – Алматы, 1998. – Б.36
-
Саликова Н.М. Правовое регулирование оплаты труда: Вопросы теории и практики. Дисс. ... д-ра юрид.наук: 12.00.05.. – Екатеринбург, 2003. – Б.56
-
Трудовой кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года № 251-3 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 19.03.2010 г.)// http://online.prg.kz
-
Конвенция Международной Организации Труда № 95 об охране заработной платы, Женева, 1 июля 1949 г. // http://online.prg.kz
Медеубаев А.И., магистрант 2-го курса специальности «Юриспруденция» ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ОСНОВНЫЕ ПРОБЛЕМЫ РЕАЛИЗАЦИИ ДОГОВОРА КОМПЛЕКСНОЙ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ЛИЦЕНЗИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Начать собственный бизнес — кого только не посещала эта идея, увлекая многих в пучину предпринимательства в надежде создать то, что может принести прибыль. Мысль о том, что ты сам себе хозяин, побуждала многих открыть собственное дело. Однако пока велики возможности, велик и риск.
Подсчитано, что в течение первых пяти лет предпринимательство заканчивается неудачей у каждых двух из трех начинающих. Имеются две причины того, почему новое дело терпит неудачу. Первое то, что предприниматель пытается предложить продукт или услуги, которые рынок не желает принимать, а второе, что продукт сам по себе интересный для рынка, имеет слабое маркетинговое обеспечение. Чаще всего обе эти причины являются следствием двух факторов, отсутствие надежной системы предпринимательского контроля и недостаток профессиональной подготовки руководства. Один из путей уменьшения влияния факторов риска — это участие в совместном предприятии, которое уже продемонстрировало успех на рынке, либо объединение с фирмой, которая создала продукт или услуги, принимаемые на рынке и которая создала надежную систему финансового контроля и производства этого продукта. Франчайзинг - это метод предпринимательства, благодаря которому предприниматель может объединиться с уже действующей большой цепью. Международная Ассоциация Франчайзных Организаций (МАФО) дает определение этому феномену как: "... длящиеся во времени взаимоотношения, по которым франчайзодатель предоставляет защищенное в законном порядке право заниматься определенной предпринимательской деятельностью, а также помощь в организации этой деятельности, обучении, реализации и управлении за вознаграждение от франчайзополучателя ". Франчайзодатель способен достичь более глубокого проникновения на рынок с минимальными инвестициями, в то время как франчайзополучатель в состоянии развернуть свою предпринимательскую деятельность с меньшим риском [1].
В Республике Казахстан, договор комплексной предпринимательской лицензии, далее франчайзинг, начинается с появлением завода «Coca-Cola», открытой по сублицензии турецкого лицензиара одноименной торговой марки. Завод был построен в 1994 году, тем самым ознаменовав начало т. н. «качественного присутствия» иностранной компании в виде открытия своего производства в стране. Таким образом, продукция знаменитого производителя напитков стала доступна не только в форме банального импорта, но и в виде национального продукта, в создании которого участвуют местные работники компании. В том же году появляется первый в Казахстане и Центральной Азии 5-звездочный отель международного класса. Это гостиница «Рахат Палас», который впоследствии стал частью международной сети отелей франчайзингового бренда «Hayatt Regency». С середины 90-х годов, многие фирменные магазины-бутики модной одежды международных производителей открывались в стране по системе франчайзинга. Например, можно отметить фирменный магазин «Adidas», появившийся в Казахстане во второй половине 90-х годов. Элементы франчайзинга очевидно присутствовали в схеме сбыта продукции компании «Сеймар» в конце 90-х годов прошлого века. Торговые точки компании в виде ларьков и автолавок были оформлены по единому фирменному дизайну, с обязательным визуальным присутствием логотипа и торговой марки компании. Арендаторами торговых точек выступали независимые предприниматели, которые выступали как дилеры, так и франчайзи головной компании. В декабре 1999 года открывает свои двери гостиница «Анкара», ныне франчайзи известной гостиничной сети «InterContinental». В 1999 году в Алма-Ате по лицензии открывается первая точка международной сети кафе-мороженое «Баскин Роббинс». За весь период существования договора комплексной предпринимательской лицензии можно выделить ряд проблем, таких как: отсутствие государственных льгот и преференций франчайзинговому сектору, недостаточная защита интеллектуальной собственности, ограниченность доступа предпринимателей к т. н. «длинным деньгам»,непрозрачность отечественного предпринимательства, слабая информированность о франчайзинге, как о выгодной форме предпринимательских отношений, гиперинфляционный рост цен на недвижимость за период 2000—2009 года в результате огромного наплыва денежной массы. Высокие цены на недвижимость делают нерентабельным открытие франчайзинговой точки, что является существенным барьером для развития франчайзинга в целом.[2]
В стране накопилась огромная денежная масса, но отсутствуют объекты инвестирования. Неразвитость фондового рынка мешает населению использовать этот ресурс, как источник инвестирования. В результате, инвестиции в основном направляются в недвижимость, что провоцирует инфляцию. В то же время предпринимательство и франчайзинг в частности, являются очень распространенными в мире объектами инвестирования. Как показывает опыт Запада, успешным предпринимателям может быть любой человек: от пенсионера до домохозяйки. И франчайзинг, как менее рискованный метод ведения бизнеса идеален для неофитов бизнеса (согласно данным Торгово-Промышленной Палаты США 97 % франчайзинговых предприятий, открытых за последние 5 лет, продолжали успешно работать в дальнейшем, в то время как 62 % нефранчайзинговых предприятий закрылись за этот же период).[3]
Но в Казахстане все еще недостаточный уровень предпринимательской информированности, слабая вовлеченность неактивного населения в предпринимательскую активность. Доля занятого населения в предпринимательстве по сравнению с мировой статистикой очень невысока («самозанятое население» не относятся к официальному предпринимательству). Это говорит о необходимости совершенствования инфраструктуры поддержки начального предпринимательства. На рынке Казахстана превалирует доля иностранных франшиз. Но за последнее время сформировались ряд отечественных компаний, которые активно развиваются через систему франчайзинга. Несомненно, большую роль в развитии франчайзинга будет играть соседство с Китаем, с которым очень трудно конкурировать в себестоимости продукции. И только предприятия с оригинальными и неповторимыми товарами и услугами могут быть конкурентоспособными в таких условиях.[4] Если рассматривать типы франчайзинга в Казахстане, то в стране наиболее представлен дистрибьютивный-торговый франчайзинг, в то время как в западных странах доля делового формата традиционно выше доли торгового. Еще одна особенность рынка франчайзинга в Казахстане — сублицензионность. Международные франчайзеры не торопятся работать в Казахстане напрямую. Очень мало прямых классических отношений: франчайзер-франчайзи. Международные франчайзеры предпочитают работать в Казахстане через свои российские или турецкие мастер-франчайзи (субфранчайзеры), казахстанские компании в свою очередь выступают в качестве субфранчайзи (сублицензиаты). Причин такого положения в секторе очень много. Возможно единая языковая ментальность местных потребителей с российскими (иностранная франшиза не требует адаптации), недостаточная плотность населения и рынка сбыта, неактивность местных предпринимателей на международном рынке франчайзинга и т. д. Можно отметить еще одну особенность рынка франчайзинга в стране. Очень мало случаев внутристрановой миграции франчайзинга. Нет связки между крупным бизнесом и малым предпринимательством. Крупные компании предпочитают филиальную форму регионального развития, но не франчайзинговую систему. В мире очень распространен как корпоративный, так и государственный франчайзинг. Крупные государственные или частные компании передают через систему франчайзинга технологии и методы ведения бизнеса малым и средним предпринимателям — франчайзи.[5] Но в Казахстане пока очень мало примеров взаимодействия крупных компаний и субъектов малого предпринимательства. От того, как скоро мы осознаем все преимущества франчайзинга, будет зависеть будущее нашей экономики в целом. Как и в Америке, так и в мировых экономиках, происходит рост и потребности населения. И изменения в свободной рыночной экономике, новые формы и понятия о франчайзинге дадут возможности для дальнейшего роста компаний и всей страны в целом.
Список литературы:
1. Силинг С.А. Введение во франчайзинг. г. Санкт-Петербург, 1992 г.
2. Кисиков Б. Франчайзинг в Казахстане. Алматы, 2007 г.
3. Земляков Д.Н., Макашев М.О., Франчайзинг. Интегрированные формы организации бизнеса. Юнити-Дана, 2003 г.
4. Франчайзинг в Казахстане. Журнал «Business Life», февраль 2008 г.
5. Франшиза для своих, «Эксперт Казахстан» № 15 (17) 2004 г.
Меерманова Ж.Б., ., к.ю.н., доцент кафедры Уголовно-правовых дисциплин
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ДЕЙСТВИЕ ПРИНЦИПА ПРЕЗУМПЦИИ НЕВИНОВНОСТИ В СТАДИИ ПРЕДВАРИТЕЛЬНОГО РАССЛЕДОВАНИЯ
Наиболее отчетливо принцип презумпции невиновности претворяется в жизнь на стадии предварительного следствия, когда подозреваемый уже известен. Наделяя подозреваемого широкими процессуальными правами, действующее уголовно-процессуальное законодательство тем самым в значительной мере устанавливает определенные гарантии презумпции невиновности.
Действующее законодательство предоставляет подозреваемому права для оспаривания данных, которые положены в основу подозрения в совершении им преступления.
Кроме того, исходя из того, что при задержании правоохранительные органы имеют дело с лицом, виновность которого еще не установлена, закон отмечает, что мера пресечения может быть избрана в отношении подозреваемого в исключительных случаях (ч. 1 ст. 142 УПК РК).
Так как при задержании ограничивается личная свобода лица, виновность которого еще не установлена, соответственно закон предусматривает сокращенный срок задержания.
«Длительное задержание становится особенно нетерпимым, - пишет В. М. Савицкий, - когда впоследствии выясняется, что гражданин был задержан незаконно, без достаточных к тому оснований. Поэтому необходимо, чтобы органы дознания или следователь немедленно по задержании подозреваемого направляли об этом сообщение прокурору, а последний в возможно короткий срок с момента получения сообщения либо санкционировал арест, либо отменил задержание...» [1].
При этом обвинение должно быть предъявлено подозреваемому не позднее 10 суток с момента применения меры пресечения, а если подозреваемый был задержан, а затем заключен под стражу - в тот же срок с момента задержания (ч. 1 ст. 142 УПК РК). Таково категорическое требование закона.
Если следователю (органу дознания) не удалось в течение 10 суток с момента избрания меры пресечения (или задержания) собрать достаточные доказательства для предъявления обвинения то мера пресечения немедленно отменяется, подозреваемый освобождается от ограничения своих прав, предусмотренных мерой пресечения. В этом и проявляется действие презумпции невиновности в отношении подозреваемого.
В ч. 4 ст.119 УПК РК говорится: «Признание обвиняемым своей вины в совершении преступления может быть положено в основу обвинения лишь при подтверждении его виновности совокупностью имеющихся по уголовному делу доказательств».
В соответствии с законом обвиняемый не несет ответственности за отказ от дачи показаний или за дачу ложных показаний. Такое же значение в уголовном процессе имеет тезис: молчание обвиняемого нельзя рассматривать как его согласие с обвинением, как признание своей виновности. Если обвиняемый молчит или отказывается от дачи показаний, это не может быть истолковано как свидетельство его виновности.
Из предписания ст.119 УПК вытекает также весьма существенное положение о том, что обвиняемый может ограничиться заявлением о признании своей вины, не давая никаких показаний, а следователь в процессе расследования должен доказать виновность обвиняемого, собрать достаточные доказательства этого, либо, соответственно, доказательства, опровергающие показания обвиняемого. Так как признанию обвиняемого не придается решающего значения для обоснования вывода о виновности, законом не допускается ускорение или сокращение следствия в случае признания обвиняемым своей вины.
Для решения вопроса о виновности должны быть опровергнуты все обстоятельства, оправдывающие обвиняемого; до тех пор, пока они не опровергнуты, версию обвинения и тем самым виновность обвиняемого нельзя считать доказанной [2].
Наряду с рассмотренными возможностями реализации в действующем уголовно-процессуальном законодательстве принципа презумпции невиновности, в стадии расследования применяется и ряд других норм, в которых находит свое выражение презумпция невиновности. К ним можно отнести ст. 205 УПК РК, которая, требуя неразглашения данных предварительного следствия и дознания, с одной стороны обеспечивает нормальный ход раскрытия преступления, с другой - не разрешает преждевременно разглашать данные, порочащие обвиняемого, поскольку его виновность еще не доказана в установленном законом порядке.
Кроме того, презумпция невиновности достаточно четко выражается также в требованиях, обращенных к прокурору, осуществляющему надзор за применением и исполнением законов при производстве предварительного расследования
Мнение следователя о виновности обвиняемого необязательно для прокурора. Так, прокурор обязан строго следить за тем, чтобы ни один гражданин не подвергался незаконному и необоснованному привлечению к уголовной ответственности или иному ограничению в правах; осуществлять надзор за тем, чтобы никто не был, подвергнут аресту иначе, как по решению суда или с санкции суда; отменять незаконные и необоснованные постановления органа дознания и следователя; прекратить уголовное дело при наличии соответствующих оснований и т.п.
Вместе с тем отождествлять обвиняемого с виновным ни в коем случае нельзя. Больше того, эти понятия взаимно исключают друг друга. Если человеку предъявлено обвинение, если он привлечен к участию в деле в качестве обвиняемого, то в силу презумпции невиновности он считается невиновным. Иными словами, обвиняемый приравнивается к невиновному. Но с того момента, когда вынесенный обвиняемому обвинительный приговор вступил в законную силу, процессуальная фигура обвиняемого из судопроизводства исчезает и ее место занимает другая фигура — осужденный, т. е. виновным, преступник.
Как видно из сказанного, существует практическое значение различия между обвиняемым и виновным. Различие между обвиняемым и виновным четко проводится и в законодательстве, и в жизни. Ограничения в правах, которые неизбежно наступают для человека, нарушившего уголовный закон и признанного виновным по суду, не применяются к тому, кто только обвиняется в совершении преступления, чья вина еще не установлена приговором, и потому он считается невиновным. Нельзя, например, уволить человека с работы только по той причине, что против него возбуждено уголовное дело, даже если он арестован.
Наконец, обвиняемого, тем более если он арестован, нельзя лишить права избирать и быть избранным в орган представительной власти, например в парламент. Недопустимо ограничивать в избирательных правах человека, который, возможно, ни в чем не виновен. Это было бы несправедливо и незаконно. Значит, если в следственном изоляторе, тюрьме, на гауптвахте и т. д. находится обвиняемый, т. е. лицо, в отношении которого еще нет приговора суда, то он имеет право избирать и его могут на законном основании избрать в представительный орган.
Но в Конституции самого термина «презумпция невиновности» все-таки нет. Термина нет, а само определение презумпции невиновности и ее разъяснение есть. Полагаем, что отсутствие термина не равнозначно отсутствию понятия, и логика вовсе не требует, чтобы каждое понятие непременно имело специальное терминологическое обозначение.
В данном случае термин «презумпция невиновности» не был использован по двум причинам. Во-первых, при том способе изложения, который применен в действующей Конституции, для него там просто нет места. Откройте Конституцию — ни одна ее статья не имеет заголовка (названия) Если бы статьям предшествовали заголовки, как это встречается во многих законодательных актах, то ничего другого, кроме «Презумпция невиновности», в названии ст. 77 не было бы и быть не могло.
Во-вторых, этого термина не оказалось в Конституции потому, что вряд ли была надобность вводить в правовой документ, рассчитанный на ознакомление с ним всего населения нашей страны, иноязычное слово «презумпция», которое даже если толкуют и понимают по-разному. Кстати, нет этого термина и в Международном пакте о гражданских и политических правах, который СССР ратифицировал в 1973 г. Составители пакта, сформулировав в нем все элементы презумпции невиновности (ст. 14), отказались от использования самого латинского термина, правильно решив, что его будет точно передать при переводе на языки народов множества (ныне уже более 120) стран, присоединившихся к пакту [3].
Таким образом, в Конституции и законах Республики Казахстан принцип презумпции невиновности закреплен как руководящее начало и по форме, и по существу.
В переводе с латыни «презумпция» означает «предположение». Почему же, обвиняемый не предполагается, а считается невиновным.
Полагаем, что это как раз и подтверждает сложность перевода, точнее, сложность уяснения смысла этого термина. Если буквально, то обвиняемый, конечно, предполагается невиновным. Но предположение – категория мышления. А мышление является свойством отдельного человека, индивида. Поэтому, предположение невиновности имеет своим адресатом тех лиц, которые непосредственно сталкиваются с обвиняемым (следователь, прокурор и т. д.). Неужели только для этого законодателем был создан и сконструирован принцип презумпции невиновности. Наверно, он имеет общий характер и касается всех. Так как, всякое предположение о чем-то связано с вероятностью, возможностью чего-то иного, противного. Например, если обвиняемый предполагается невиновным, значит, вполне допустимо в равной мере предполагать его и виновным. Но тогда презумпция невиновности перестает «работать», утрачивает всякий смысл, она никого и ни к чему не будет обязывать [4].
Думается все дело в том, что это - особого рода презумпция, которая лишь традиционно, по инерции, а может быть, и по причине отсутствия более точного слова именуется презумпцией, т. е. предположением, основанным на вероятном знании. В действительности же презумпция невиновности имеет характер утверждения, которое заведомо считается истиной без специального обоснования, пока не будет доказано обратное, в данном случае - что обвиняемый виновен в совершении преступления [5]. Поэтому будет более правильным не предполагать, а именно считать обвиняемого невиновным.
Как мы знаем, принцип презумпции невиновности введен в уголовный процесс, чтобы предотвратить осуждение и наказание человека, неправильно обвиненного в совершении преступления [6]. Если же никого ни в чем не обвиняют, то, наверно, говорить о какой-то презумпции невиновности просто бессмысленно. Она тогда не нужна. Презумпция невиновности в качестве первой, исходной ссылки предполагает, что есть кто-то обвиняющий, т. е. тот, кто выдвигает обвинение [7]. Должностным лицом, обосновывающим и поддерживающим обвинение при расследовании дела, является следователь, а также утвердивший составленное им обвинительное заключение прокурор. Как известно, в суде обвинителем выступает прокурор. Тогда, разумеется, они исключаются и не могут не исключаться из числа лиц, которые обязаны считать обвиняемого невиновным.
Таким образом, смысл презумпции невиновности не в том, что и как считают следователь и одобривший его действия прокурор. Их личное мнение остается их личным мнением, ни для кого не обязательным. Презумпция невиновности - это объективное правовое положение, это требование закона, обращенное ко всем гражданам, должностным лицам, государственным и общественным организациям, к общественному мнению в целом: обвиняемый считается невиновным, пока те, кто считает иначе (следователь, прокурор, потерпевший или любое другое лицо), не докажут, что он действительно виновен. Если обвинение обосновано убедительными, достоверными доказательствами, если суд согласился с ними и вынес обвинительный приговор, который затем вступил в законную силу, то лишь с этого момента обвиняемый официально считается виновным, лишь с этого момента разрешается называть его преступником и поступать с ним, как с преступником.
Кроме того, значительная часть норм, регулирующих проведение предварительного расследования и регулирующих процессуальное положение лиц, привлеченных к уголовной ответственности, исходит из того, что обвиняемый считается невиновным до тех пор, пока его виновность не будет установлена согласно действующему законодательству; убежденность работника органа дознания, следователя и прокурора в виновности обвиняемого означает лишь субъективную уверенность в том, что собранные в стадии расследования доказательства дают основания для предварительного вывода о виновности обвиняемого. Наряду с указанными факторами чрезвычайно важное значение имеет то обстоятельство, которое не позволяет работнику органа дознания, следователю, прокурору применять к обвиняемому меры уголовного наказания, обращаться с ним, как с виновным.
Достарыңызбен бөлісу: |