Список литературы:
-
Казакова Г.В. Проблемы правосубъектности работодателя: Дисс. канд. юрид. наук. - СПб., 2005. 170 с.
-
Сыроватская Л.А. Трудовое право: Учебник. – М., 1997. 187с.
-
Российское трудовое право: Учебник / Под ред. А.Д.Зайкина. – М., 1997. 346 с.
-
Черных Н.В. Виды работодателей и их трудовая правосубъектность. Дисс. канд. юрид. наук. – М., 2004. 180 с.
Бақтыбеков М.Б., аға оқытушы, Қазақ инновациялық гуманитарлық
заң университеті
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әлеуметтік мемлекет, бұл қазіргі мемлекет құрлымының бір нысаны және құқықтық-саяси, әлеуметтік категория, осы арқылы қоғамда мемлекеттің саяси арбитор бола отырып «әлеуметтік әділдік», «әлеуметтік қызметтестік», «адамдардың жақсы өмір сүруі» сияқты қағидаларға сүйене отырып өз адамдарын қорғаушылыққа алу мен әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ету көзделеді.
Әлеуметтік мемлекеттің мақсаты- халықтық мемлекетті құру, бұнда белгілі-бір адамдардың ғана мүддесі қорғалмай, қоғамда барлық әлеуметтік топтардың мүдделері қорғалып, олардың арасындағы алшақтықты болдырмау не оны азайту көзделеді. Сол үшін мемлекет әлеуметтік саясатты жүргізеді.
Қоғам неғұрлым әлеуметтік топтар тұрғысында бір болса "бірлік" болса, соғұрлым демократиялық және барлық қатынастар жағынан тұрақты болады. Жоғарыда айтып өткендей, әлеуметтік мемлекет- қоғамның барлық адамдарын бір әлеуметтік топта біріктіре қарастырады. Мемлекетте оның барлық адамдарының мүдделері ескеріліп, өз қағидаларының негізінде қалыптасып дамиды.
КСРО кезеңінде қоғамдағы адамдарды еңбекшілер мен шаруалар және байлар таптарына бөліп, таптық күресті дәріптеумен әлеуметтік теңдікті күштеу арқылы, адам құқықтары мен бостандықтарын аяқ асты ете отырып жүзеге асырды, қоғамда адамдарды «әлеуметтік теңестіруді» белгілі бір жолмен жүргізді. Бұл дұрыс емес еді, ол адамдардың жеке бас құқықтарын, меншік құқығын шектеді, белгілі-бір салада шығармашылықты тежеді, еңбекке деген стимулды төмендетті т.б. қоғамда теріс салдар туғызды.
Әлеуметтік мемлекет құру мен оның қағидаларына қол жеткізу, мемлекет пен адамдары арасындағы тығыз байланыс болған жағдайда ғана жүзеге асады. Әлеуметтік біртұтастықтың болуы, әлеуметтік жағдайлар жасаумен мемлекеттің араласуы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеумен болады. Әлеуметтік мемлекеттің ең соңғы саясаты әлеуметтік көмектер беру, өз азаматтарын қамсыздандыру, оның тұрмыс жағдайының нашарлауына мүмкіндік бермеу. Бұл адамды шарасыздықтан алып шығады, ол салада әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар ұсыну (жұмысқа орналастыру, қайтадан басқа мамандық беру т.б.). Бұл жерде мына жағдайларды ескерген жөн:
-
Мемлекетпен (оның бюджетінен) әлеуметтік көмектер беру шексіз бола алмайды, әлеуметтік мемлекетті – тек әлеуметтік қамсыздандыруларды бюджеттен халыққа берумен ғана шектеуге болмайды; Онда қоғамда «енжарлық», «жалқаулық» пайда болып, мемлекеттің дамуын тежейді.
-
Қазіргі кезде әлеуметтік мемлекет- адамдардың жеке бас бостандығы мен құқықтарын сақтай отырып, олардың еркін еңбек етуімен қоғамның бірлігіне негізделетін халықтық мемлекетті құру идеясы;
-
Бұл жерде, мынаған көңіл аудару керек, егер оның адамдары жұмыс істемесе, мемлекет пен қоғам ешқашан ауқатты болмайды, адамдардың барлығы мемлекет тарапынан жақсы өмір сүру үшін бірдей көмектер алу мүмкін емес. Мемлекеттің оған шамасы келмейді, ешкім жұмыс істемесе мемлекетте де қаржы болмайды, ол тек ақылға сыйымды жағдайларда ғана орындалуы керек. Мемлекет қаржыларын игеру мен оңтайлы пайдалануда қатаң бақылау мен заңнамалық механизмдерін жетілдіру керек.
-
Сондықтан әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаттарының (бағыттарының) бірі болып, «жұмыс істейтін қоғамның» болуы немесе тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік жасау. Бұл әлеуметтік мемлекеттің ең жақсы ұстанымы деп ойлаймын:
Алдымен жұмыс істейтін қоғам, адамдардың еңбек етуі мен өзін-өзі жүзеге асыруы; сонда адам өз еңбегімен «жақсы өмір сүруге» қол жеткізеді, өз қажеттігін қанағаттандырады, ал мемлекет әлеуметтік ауыртпалығын төмендетеді, азайтады. Бұл жерде мемлекет өзінің әлеуметтік бағытынан босайды деген сөз емес, ал оның эффективті жолын табады, қоғамда және әлеуметтік мемлекетте тұлға негізгі күшке, элеметке ауысады;
Тек содан кейін ғана әлеуметтік мемлекет соңғы шарасы әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларға бюджеттен әлеуметтік қамсыздардыруларды жүргізуі керек.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекет саяси институты ретінде адамның әлеуметтік мемлекетте өзін-өзі жүзеге асыруына, жақсы өмір сүруі үшін қажетті әр түрлі әлеуметтік саясаттарды жүргізу керек, олар:
1. Денсаулық сақтау, ана мен баланы, отбасы, денсаулығын қорғау (дені сау адам – мемлекет болашағы).
2. Білім алу, интелектуалды ұлт.
3. Еңбек ресурсы, оны ұйымдастыру, жұмыспен қамту.
Осы мәселелерді оңды ұйымдастырғанда ғана қоғамдағы басқа да әлеуметтік қатынастарды оңды шешіп, адамдардың әлеуметтік мәселелері дұрыс шешімін тауып әлеуметтік мемлекет негіздері беки түседі.
Тұлға қоғамды жоғары сүйреуші, жетелеуші күшке айналуы керек, осы XXIғ. мемлекеттің дамуының ұстанатын бағыты болады және ол үшін азаматтық және либералдық қоғам құндылықтарын бекіту қажет. Қоғамды «иждевенділіктен» сақтау керек, оның барлық насандағы көріністеріне жол бермеу керек.
Негізгі тенденция, әлеуметтік мемлекет көмектер арқылы қоғамды масылға айналдырмау керек, керсінше тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруы мен толық қанды қалыптасқан адам ресурстарының нәтижесінде дамыған қоғамды құру басымдылығын ұстануы қажет. Сонымен бірге әлеуметтік топтар арасында келісім мен бірлікті қамтамасыз ету арқылы қоғам дамуына жағдай жасау. Осының нәтижесіндегі, Адам ресурсы-өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарымен санасатын, сақтайтын; рухани дүниесі бай, мәдениетті де саналы; еңбек өнімділігі жоғары, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастарында біліми негізде ойлау мен әрекет ететін тұлға.
Осындай тұлғаны қалыптастырғанда мемлекеттің өркендеуі мен ғаламдық жаһанданудағы ерекшелігімізбен көшбасшы елдердің қатарында қалуымызға мүмкіндіктер сақталады.
Әдебиеттер тізімі:
-
Т.Бюргенталь. Халықаралық адам құқықтары. А- 1999ж «Ғылым»
-
Чиркин В.Е. Россия, конституция, достойная жизнь: анализ взаймосвязей. // Государ. и право. 2006г.
-
Архипова А.И. Проблемы социальной сферы. М-1998г. «Проспект»
-
www.stat.kz
-
Гафуров З.Ш. Социально-правовое государство и право человека на достойное существование. // Государ.и право. 2008, №5
Бекпанова С.С., магистрант 1-го курса специальности «Юриспруденция» ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮРЕС
Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Есірткіге байланысты қылмыстарды бір сөзбен наркобизнез немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы күресуде және ешбір ел халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде.
Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біздің республикамызға есірткі бизнесімен күресу үшін қаражат бөлуде, өйткені көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Батыс Азия, Ауғанстан елдерінен Ресейге, одан әрі Батыс Еуропаға асырылатын есірткілер еліміздің кең даласын өтіп шығуда. Оның өзі біздің аймағымызға есірткінің контрабандалық транзиттік жолмен өтетіндігіне байланысты «Жібек Жолы» деген атауды іліп отыр. Бірақ бұл арнайы қызметкерлердің іс қимылдары ойдағыдай еместігін білдірмейді, өйткені бір ғана Ұлттық Қауіпсіздік органдарының есірткі бизнесімен күрес саласындағы жетістіктерін айтсақ таңғаларлықтай.
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қол жеткізген нәтижелері, көбінесе халықаралық есірткі бизнесімен күрес саласындағы шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуінің арқасында. Мәселен, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің және Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі құралдарының контрабандалық тасымалымен айналысатын трансұлттық есірткі қоғамдастығының қылмыстық қызметін анықтау және жолын кесу мақсатында «Стрела» деген шартты атаумен көп бағыттағы операция өткізілді. Операция кезеңдерінің бірін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан тарапынан Өзбекстан-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша халықаралық бақылаудағы героиннің 70 кг-нан астам ірі партиясын жеткізу қамтамасыз етілді. Осындай, есірткі бизнесіне қарсы Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізген күрес шараларының қатарына, Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырған Сафари операциясын жатқызуға болады, бұл операцияның нәтижесінде Нигериялық азаматтардан тұратын есірткілік топ ұсталып, тиісті жазасын алған болатын. Есірткі тасымалдаушылардың негізгі каналы ТМД елдерінің шекарасынан өтетіндігіне байланысты Қазақстан, Тәжікстан және Ресей ішкі істер министрліктері жыл сайын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды контрабандалық жеткізудің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып отырады. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге және дайындауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметтерін анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын «МАК» жедел-профилактикалық операциялар жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың 25 мамырынан бастап 15 қыркүйегіне дейін «МАК-2009» Жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында 363 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық анықталды. Есірткі заттарын өткізетін 19 нүкте жойылып, есірткі заттарының заңсыз айналысы саласындағы жасаған қылмыс бойынша 79 адам ұсталды.
Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін «Барьер», «Көбік», «Трасса», «Допинг», «Арна», «Тосқауыл» және «Игла» профилактикалық сипаттағы республикалық операцияларымен қатар, Ішкі Істер Министрлігі және Кеден Бақылау Комитеті бірлесе отырып Қазақстан аумағында «Канал» атты халықаралық операциясын өткізуді ұйымдастыратын еді. Бұл операция Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін, ал осы жылдан бастап есірткіге қарсы «Канал» профилактикалық операциясы тұрақты жұмыс істейтін жобаға айналды.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында айта келе, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының тиісті нормаларының тиімділігін нығайту мәселесін де қозғап кету керек. Қазіргі уақытта республикамызда әрекет ететін заңнама әр дайым заңсыз есірткі айналымының экономикалық аспектілерін есепке ала бермейді. Есірткі қылмыстарының экономикалық базасын кесу, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін жасау мақсатында пайдаланатын қаражат құралдарын және өзге де материалдық құндылықтарын алу арқылы жүзеге асыру қажет. Мұндай алулар заңда белгіленген тәртіппен есірткімен заңсыз әрекет жасаған, кінәлі деп танылған тұлғаның мүлкін тәркілеу ұғымымен ұштады. ТМД елдерінің есірткіге қарсы заңнамалары, осы бағыттағы заңсыз әрекеттеріне жаза түрінде мүлікті тәркілеу, кең қолданатындығымен ерекшеленеді. Ал біздің республикамыздың Қылмыстық кодексінің халық денсаулығына және адамгершілікке қылмыстар тарауында көзделген кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық кодекстің 261 б., 262 б.2т., 263 б., 264 б, жазаның тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана емес, жалпы тәркілеудің қосымша жаза ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын.
Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі –жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл аз бөлуде. Баршамызға мәлім, қазіргі кезде кез-келген ақпаратты, соның ішінде есірткіге байланысты мағлұматтарды интернет желілерінен, теледидардан және сол секілді телекоммуникация құралдарынан алуға болады. Тіпті, қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеп қаңғудың немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді, өйткені интернетті ашып қалсаң болғаны, содан есірткі, көкнәр сататындар және сол есірткіні өзің үйіңде қалай жасауға болатыны туралы ақпараттар тізбектеп шыға келеді. Есірткіні үйде жасау мүмкіндігі фактілері қазір расталып отыр. Санаға әсер ететін синтетикалық есірткілік құрал жасап шығарумен және олардың рецептерін жасаумен айналысатындар, айталық «химиктер», аталмыш есірткілерді өндірумен қатар жаңа рецептерді арнайы веб сайттарға орналастырып та үлгеруде. Олардың ізіне түсу өте қиын, әлемдік телекоммуникациялы желі химиктер үшін жасырынуға қолайлы болып отыр.
Алайда «жаман айтпай-жақсы жоқ» дегендей, бүгінгі таңда мемлекет басшысының қолдауымен жастар арасында таралған есірткі дертінің алдын-алуда бірнеше акциялар жүргізіледі. Үлгі ретінде келесі акцияларды айтуға болады: «Біз – салауатты өмір салты үшін!», «Мен өмірді қалаймын», «Дені сау университеттер», «Есірткіге жол жоқ!» және т.б. Осы іс-шараларға мыңнан астам оқушылар, студенттер және жұмыс істейтін жастар үлесін қосуда.
Балалар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартып, бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмыстары жалғасып келеді.
Қорытындылай келсем, жоғарыда айтқанымдай есірткіге қарсы талай-талай күрес шаралары жүргізілгенімен, нәтижесі сонда-да көңілден шығатындай емес, өйткені біз есірткіге қарсы күресеміз дейміз де, оған тамаша жарнама жасаймыз. Дегенімен, қол түсірудің керегі емес, Қазақстан Республикасы Басшылығының жүргізетін есірткі пайдаланушылар мен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес, республикамыздың әр облысында қоғамның салауаттылығы үшін қолдан келген амалдарды қарастырып, бар күшімен еңбектенетін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеттері және құқық қорғау органдары жұмыстануда. Мен, олардың өз қызметтерін дұрыс атқаратындығына және аянбай қызмет ететіндігіне күмәнім жоқ.
Әдебиеттер тізімі:
-
ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) А.Н.Ағыбаев Алматы, 2003.
-
Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан Алматы, 1999.
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.
-
«Пути совершенствования законодательства Республики Казахстан для усиления борьбы с наркоманией и наркобизнесом» А.Отеген-улы Заң және заман № 12 желтоқсан, 2005.
-
Наркомания-угроза Национальной безопасности Н.Кузбаков Заң және заман №4 шілде-тамыз, 2007.
-
Наркомания – общенациональная проблема Е.Токенов Фемида № 6 2008.
Гасанов А.А., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қылмыстық-құқықтық
пәндер кафедрасының доценті, з.ғ.к.
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ
Көптеген криминалистер аталған екі тергеу әрекетінде де жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғыртудың әдісі (тәсілі) қолданылады және олардың әрқайсысының шегінде таным тәсілі жүзеге асырылуының ерекшелігімен сипатталады деп нақтылайды.
ҚР ҚІЖК-нің 238 бабында жаңғыртудың орнын таным әдісі ретінде қарастыратын мақсат пен оны жүзеге асыру жолдары көрсетілгендіктен, яғни заңда «бұрын жауап алынған тұлға зерттеліп отырған оқиғаның жай-жапсаты мен жайларын жаңғыртады» деп тікелей көрсетілгендіктен осындай көріністе оқиға болған жағдайдың жай-жапсары мен шарттарын тәжірибелік іс-әрекеттерді жүзеге асырмай-ақ жаңғыртуға болады.
Айғақты тексерудің ҚР ҚІЖК 238 бабында мақсаты анық көрсетілген. Ол тактикалық жағынан жан-жақты негізделген (тәжірибелік әрекеттерге қарағанда) және толық түрде талдауды қажет етпейді. Егер тергеу эксперименті мен айғақты оқиға болған жерде тексерудің мақсатын салыстыратын болсақ, онда олардың едәуір сәйкес екендігін көруге болады: басты ортақ мақсат – іс үшін маңызы бар мәліметтерді тексеру және анықтау; жаңа дәлелдемелерді анықтау; болжамдарды тексеру.
Тергеу эксперименттерін тәжірибелік әрекеттерге ғана, айғақты тексеруді - оқиға болған жерде бұрын алынған айғақтардың жай ғана қайталануына әкеліп тіреудің орнына жоқ деген қисынды мәселе туындайды. Тергеу әрекеттердің, жай-жапсары және тәжірибелік әрекеттердің жаңғыруынан ғана емес, ал танымдық қызметтердің тәсілдерін біріктіруден, дер кезінде және кәсіби түрде оларды кемінде пайдаланудан құралуы тиіс деген заңды мәселе бой көтереді. Әрине «жаңғырту» түсінігі «айғақты тексеру», «тергеу эксперименті» деген түсініктерден кең, біздің ойымызша, ол танымның әдісіне, тәсіліне жатыстыра отырып айғақты тексеру мен «тәжірибелік әдістердің көмегімен алынған мәліметтердің маңыздылығын барынша толық бейнелейді».
М.В. Салтевский мен В.П. Лукашевич, тергеу әрекеттерінің жіктеу проблемаларын қарастыра келе, жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғырту ақпаратын күрделі қайнар көздерден алу барысында мүмкін екендігін негіздей отырып көрсетті. әрі қарай олар күрделі қайнар көз - бұл тергеу әрекеттерінің танымдылық процесінде бір мезгілде пайдаланылатын мінсіз және материалдық бейнелердің жиынтығы. Мінсіз бейне қылмыстың қабылданған оқиғасының салдары болып табылады. Осының салдарынан олардың заттай бейнеге түсетін кескін түрі «Субьективті түрін» немесе оның тәжірибелік жаңғыруын көрсетуге келіп тіреледі.
Тұлға жай-жапсары мен заттарды жаңғырту арқылы бейнелеп көрсетеді, ал тергеуші мен куәгерлер бұрын алынған айғақтармен салыстырады және тұлғаның орны туралы дұрыс бағдарлап, өзінің болжамдарын растап тұрғанына көздерін жеткізеді.
Бұл көзқарасты А.П. Филиппов пен Ю.Г. Коруховтар қолдады. Олар осы түсінікті егжей-тегжейлеп, оны мынадай түрде түсіндіреді: айғақты тексеру – алдын ала жауап алынған адамның зерттеліп отырған оқиғамен байланысты орын мен обьектілерді айғақтарды бірге ұсына отырып көрсетуін қарастыратын тергеу әрекеті. Бұл іс әрекет кейде басқа тергеу әрекеттерімен ұқсас сипаттарға да ие бола алады, бірақ оларды ешқашан шатастыруға болмайды. Айғақтарды тексеру танудан негізгі тактикалық ерекшелігімен айрықшаланады, атап айтсақ, тану барысында тұлғаға обьектіні таңдау мүмкіндігі беріледі, айғақтарды тексеру барысында белсенді әрекеттер орындай отырып ол өзі обьектіге көрсетеді, немесе тұлға өз сөздерін оқиға болған жерде іс-әрекеттерді көрсете отырып растайды.
«Тергеу эксперименті» түсінігін басқа тергеу әрекеттерінен айқынырақ бөліп қарастыру қажет. Кейбір тергеу әрекеттерінің ұқсастығына қатысты айтсақ, оларды жалпы таным әдістері біріктіреді. Тексеру маңызына қарай заттардың өзіндік қасиетін анықтайтын жекелеген тәжірибелік әрекеттермен байланысты болу мүмкін. Олар айтарлықтай бақылауды толықтырады және қылмысқа байланысты жекелеген көріністерді жаңғыртуға зерттелетін обьектілерді тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Бірақ, тексеру оқиғаның болған жағдайларының материалдық сипатын жасанды жаңғыртумен байланысты емес. Егер зерттеліп отырған оқиғаның шарттары мен жағдайларын жасанды материалдық жаңғырту керек болса, тексеру кешенді сипатта болады және арнайы тергеу әрекеттерін, тергеу экспериментін өткізу қажеттілігі туындайды.
Айғақты тексеруді жауап алумен шатастыруға болмайды, олар, бәрінен бұрын өткізу әдістерімен ерекшеленеді. Жауап алудың негізіне сұрастыру әдісі жатқызылған, оның көмегімен тергеуші оны білушінің санасында айтқан кезінде сақталып қалған ауызша ақпаратты алады және тергеушіге жазбаша түрде сұрастырудың күшімен беріледі. Айғақты тексеру барысында зерттеуге бағытталған, екі әдісті бақылау және сұрастыруды біріктіру жүзеге асырылады. Егер жауап алу оқиға болған жерде жүргізілсе, онда осы жерде айғақты тексеру туралы сөз қозғауға болмайды. Қорыта айтқанда, тиімді пайдалану мақсатта анықтау мен айқын қойылған міндеттермен шартты болады. Егер мақсат айқын да анық қойылса, онда бұл іздеуді жеңілдетеді. Айғақты тексеру процесінде мынадай мүмкіндіктер пайда болады: оқиға болған жерде болуға тиісті әлі де табылмаған іздерді табу және олардың оқиға мен өзара байланысын түсіндіру; тұлғаның жай-жапсардың бар детальдары туралы хабардарлығын тексеру бұл оның оқиға туралы білімін растайды; екі және одан көп адамдардың бұрынғы берген айғақтарындағы қарама-қайшылықты жою; тұлға белгілі фактілерін, құбылыстардың болу мүмкіндігін растайтын немесе теріске шығаратын, тексеру барысында жай-жапсарды танып-білуге әсер ететін обьектілерге көрсету мүмкін қылмыс оқиғасын толық және жан-жақты жаңғырту үшін тергеу әрекеттерін өткізудің қатысушылары олардың міндеттері, құқықтары т.с.с. туралы мәселе маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, берілген тергеу әрекеттерінің қатысушыларымен байланысты кемшіліктерді ескеру қажет. Оларға алдын ала тергеудің мәліметтерін жариялауда, қатысушыларды таңдауға қатысты тактикалық талаптарды бұзу да жатады. Эксперимент кең танымдық мүмкіндіктерге ие С.А. Шейфер атап көрсеткендей, іс жүзінде (тәжірибеде) бір қарағанда жаңа тергеу әрекеттері сияқты болып көрінетін жаңа танымдық тәсілдерді қолдану басталады. Оларға ол тактикалық эксперимент пен қайта жасауды жатқызады. Оның ойынша, тактикалық оның ойынша тактикалық принципті түрде әр түрлі болып табылатын жедел іздестіру – іс шараларымен іс жүргізу әрекеттерін біріктіреді. Бірақ тактикалық эксперименті жекелеген тергеу әрекеті емес, тергеу экспериментінің түрі ретінде қарастыру керек.
Криминалистикалық қызметте қайта жасау экспериментке қарағанда жиі қолданылғанымен, шын мәнісінде кейде қайта жасаудың алдында эксперимент тұрады. Қайта жасау туралы алдында оқиғаның алғашқы жағдайын жаңарту немесе оқиға барысы туралы ерекше және басымырақ болғанда ғана айту қажет. Қайта жасаудың танымдық құндылықты оның обьективті және субьективті жағынан қарағандағы нақты алынған құндылығынан артық болған сәйкес жағдайы әділ және жан-жақты болып табылады. Бұны тек қана дұрыс кіріс, сондай-ақ басқа барлық қолда бар ақпараттың негізінде ғана бағалауға болады. Ол дайындалу барысының өзінде жеткілікті көлемде алынуға тиіс. Эксперименттегідей оқиға болған психологиялық жағдайды көрсету (еліктеу) қиындықтарды туғызады.
Бірақ, егер біз дәл баға алғымыз келсе, онда бұл факторларды жеткіліксіз түрде бағалауға немесе ұмытуға болмайды. Қайта жасаудың өзі қоршаған ортаға белсенді әсер етуімен шарттың және шындықтың өзгеруімен сипатталады. Белгілі әрекеттердің тәсілдерінің процестердің және механизмдердің заңдылықтарға экспериментті түрде енуінің арқасында қылмысты жасауға итермелейтін немесе керісінше кедергі жасайтын жағдайлардың анықталуы мүмкін, бұл оларды болдырмаудың қажетті шараларын барынша табысты әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тергеу экспериментінің түрлеріне техникалық экспериментті қосуды ұсынуға болады.
Ол тактикалық эксперименттің бір түрі бола алады. Техникалық құралдарға бірінші кезекте диагностикалық тұрғыдағы полиграф (вариограф) сияқты техникалық құралдарды жатқызуға болады. Бұл мәселе көтерілген Н.И. Парутов полиграфты жедел ақпаратты алу мақсатында пайдалануды ұсынды.
Полиграфқа балама болып компьютер жүйесі табылады, оның әрекет принципі көрнеудің талдауына негізделген. Компьютердің көмегімен әңгімелесушінің дауыстық сипаттамасын анықтауға болады. Бұл бағдарлама эмоциялық деңгейді (эмоциялық жағдай және эмоцияның тітіркену деңгейі) когтинивті деңгейді (айтылған ұсыныстармен келісу немесе келіспеу деңгейін анықтайтын дауыстық бақыланбайтын элементі) және физиологиялық деңгейді (адамның жалпы физикалық жағдайын көрсетеді) ғана зерттейді. Бұл жұмыс барысында тілдің дауыстық сегменттерін телефон арқылы радио бойынша жазуға жеке әңгіме барысында жинауға болады. Айғақты экспериментальды түрде тексеру қылмысты ашу жолымен жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Ал осы бағдарламаны пайдалану тактикасын өте мұқият түрде әзірлеу керек.
А.В. Дулов және П.Д. Нестеренко өз еңбектерінде тергеу эксперименттерінің түрлерін жетік дайындау әрбір белгіленген жағдайда үлгілеудің, пішіндеудің (макет) мүмкіндіктері мен маңызын айқын анықтауға жеткізуі керек. Авторлар психологиялық тактикалық және эмоционалдық эксперименттерді пайдалануды ұсынады.
Тактикалық эксперимент сияқты эксперимент түрі осыған ұқсас эксперименттер тергеу болжамдарын барынша толық тексеруге және бағалауға, жаңа дәлелдемелер алуға мүмкіндік беретіндігі мен қызығушылық танытуы мүмкін екендігіне күдік тудырмайды. Тактикалық эксперимент жетік әзірлеуге мұқтаж, әсіресе қазіргі кезде, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау жүріп жатқан кезде ғалымдар ерекшелік мақсатты қылмыскерді ұстау және осы кезде әшкерелеуді көрсетіп отыр, ал осы тергеу экспериментінің негізгі, қажетті бөлігі деп бақылау арқылы жедел іздестіру ақпаратты жүзеге асыруды санау қажет.
Эксперименттің бөлігі болып табылатын тек қана бақылау қылмыс әрекеті туралы ақпараттың түсуімен қамтамасыз етеді, бақылау обьектісі болып табылатын тұлғаның келісімінсіз жүзеге асырылуы тиіс. Бұл бақылауды оқиғаның жай ғана көрінісіне теңестіруге болмайды оны техникалық құралдарының көмегімен өсуін, кемуін белгілеу керек.
Тактикалық эксперименттің нәтижесінде біз барлық уақытта жаңа мәліметтер алып отырамыз, олар басқа тергеу эксперименттеріне қарағанда ұсталған адамның жасалған іс әрекеттерге қатыстылығын растайды және де әшкерелеуші болады. Бірақ эксперименттің жалпы ғылымдық әдіс ретінде болатын және тергеу эксперименті сияқты таным мүмкіндіктері бәрінен бұрын іс жүргізу түрімен шектелгенін еске алу керек.
Ғылыми эксперимент – бұл мақсатты қайталанатын қызмет, жағдайларды обьектілерді және басқаларды зерттеу туралы жорамалды тексеру және жаңа мәліметтер алу мақсатында табиғат құбылыстарының, обьектілердің немесе қоғамдық қатынастардың адамның ойында жаңғыруы.
Тергеу экспериментінің мәні болып сонында жай-жапсары мен мән-жайларын жаңғырту және заң шегінде бақыланатын (қауіпсіз) тәжірибелік әрекеттер өткізу қажет. Демек, эксперимент – түпнұсқа обьектілермен жасалатын тәжірибелер (мысалы, заттай дәлелдемелермен), ал екінші жағынан бұл үлгілерге жасалатын емтихан. Мұның үстіне ғылымда теориялық болжамдарды тексеру үшін эксперименттің екі маңызды модификациясы қолданылады: ойдағы (қиялдағы) (криминалистикалық қызметтің ажырамас әдісі). Эксперименттің бұл модификациясы іс жүргізу кепілдігін емес танымдық білімдерді қарастырады. Бұл психологиялық, эмоционалдық және басқа да эксперименттер болуы мүмкін; үлгілеу эксперименті – бұл физикалық мәліметтерді, өлшемдерді ескеру арқылы үлгілерге жасалатын емтихандар.
Үлгілеу эксперименті тергеу экспериментін өткізу барысында да (бұл бұрын осылай болған), сот сараптамасын жүргізу барысында да нәтижелі қолданыла алады. Осының салдарынан үлгілеу экспериментінің маңызын анықтау қажет (тергеу эксперименттеуі шегінде).
Біздің ойымызша, үлгілеу обьектінің үлгісін құруды емес, оның жеткілікті сәйкестігін дәлелдеуді қарастырады. Бұл обьектінің белгілі заңдылығын үлгілеу арқылы талдауға және зерттеуге мүмкіндік береді.
Бір жағынан эксперименттер заттай жоспарланған обьектілермен (мысалы, заттай дәлелдемелермен) өткізілуі мүмкін, екінші жағынан бұл зерттеу үлгілерімен өткізіледі. Бұл жағдайда алынған мәліметтердің нақты болуына талас жоқ, өйткені тәжірибелерді бірнеше рет қайталауға, жағдайларын (шарттарын) өзгертуге болады, ал нәтижесінде, материалдық та, уақыт жағынан болса да үнемдеуге болады. Біз тергеу экспериментінің танымдық мүмкіндіктері компьютерлік техниканы пайдалану барысында айтарлықтай артатыны туралы атап көрсеттік. Тергеу эксперименттерін жүргізу математикалық обьектілерді, обьектілермен құбылыстардың үлгілері құрылғанда ғана мүмкін болатыны да айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |