3
АЛҒЫ СӨЗ
Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің
ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті сан жылдар
бойы білікті педагог мамандар дайындауда өлшеусіз қызмет жасап келеді.
Сексен төрт жылдан астам тарихы бар
қарашаңырақта белгілі ғалымдар,
танымал ұстаздар еңбек етіп, үлкен ғылыми мектептің негізін қалады. Сол
тұлғалардың ішінде филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР
Жоғары оқу мектебіне
еңбегі сіңген қызметкер, соғыс және еңбек ардагері,
Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Әбіш Байтанаевты
ерекше атап айтуға
болады. Ол қырық жылдан астам осы педагогикалық оқу орнында ұстаздық
етіп, қарапайым оқытушылықтан, ғылым докторы, профессор дәрежесіне дейін
жетіп, ұзақ жылдар бойы қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі қызметін
абыроймен атқарды. Ғалымның «Шын шеберлік», «Абай жолы айшықтары»,
т.б. монографиялық еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымына үлкен үлес қосты.
Байтанаев мектебінің университет тарихында ғана емес,
қазақ әдебиеттану
ғылымында атқаратын ролі зор.
Мәңгілік ел болуды мақсат етіп, татулық пен
бірлікті ту еткен тәуелсіз
мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңіне қызмет етер жастарды тәрбиелейтін біздің
білім ордамызда Байтанаев сынды бірегей тұлғаның өмірі мен еңбегін үлгі-
өнеге етіп, ұлықтау мақсатында университетімізде жыл сайын «Байтанаев
оқулары» ұйымдастырылады.
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған
«Жаһандану үдерісіндегі білім,
Достарыңызбен бөлісу: