Сценарий Кіші мектеп жасындағыларға Узнать больше


Қоян, қасқыр, Сиқыршы кетеді



бет3/6
Дата09.01.2024
өлшемі69.5 Kb.
#488756
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Жаңа жылға арналған сценарий 1-4с

Қоян, қасқыр, Сиқыршы кетеді.
2-жүргізуші.Мыстан әже, сізбен бірге ойнаңызшы, балалар ойын ойнағысы келіп отыр.Қалай қарайсыз!.
Ойын: «Байпақ». 2ойыншы 2 сыңарды бөліп алады, біреуі оң, екіншісі сол аяғынікін киеді, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет (балалар, ата аналармен).
Мыстан: Неткен күшті, ақылды балалар, сендер шаршамадыңдар ма?, мен шаршадым, мен енді қайтайын, жақсы тілегін айтып кетеді.
1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
2-жүргізуші:
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Бишілерге кезек береміз.
Би: «Ай мен жұлдыздар»
1-Жүргізуші:Балалар, Аяз атаны шақырайықшы мүмкін естіп қалар.
Балалар: Аяз ата! 3 рет
Аяз Ата мен Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).Орманда адасып жүр едік.Мына жұлдыздар мен айдың жарығының көмегімен сендер жіберген қоян мен қасқырдың арқасында сендерге де жеттік ау.
-Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар:Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Айдаһар жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Хор: «Аяз ата»
1..................: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл,
Ата-әже, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл.
2........................: Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет