Сценарий Кіші мектеп жасындағыларға Узнать больше


Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Айдаһар» , «Қоян» кіреді)



бет5/6
Дата09.01.2024
өлшемі69.5 Kb.
#488756
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Жаңа жылға арналған сценарий 1-4с

Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Айдаһар» , «Қоян» кіреді)
Қоян: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2024 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!.
2-жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.
Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық. (қоян кетеді)
Айдаһар: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
Мен Жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
— Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жылы сөздер жазылған жүрекшелер шашылады),
1-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың -ендігі кезекті, балалардың тақпақтарына берейік.
............................: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
..............................: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
..........................: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз.
............................:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
...............................:Аяз келді, қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
............................: Жапалақтап ақшақар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет