тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
11- сынып оқушысы Б. Бекболаттың орындауында Амандос Сабыровтың «Ана тілім ардақтым» жыры.
Несіне мен қазақпын , өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз-деп білемін,
Білген жанға өз тілің-қунышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата-дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап0салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.
2-жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
Осы заң талаптарынан соң
Достарыңызбен бөлісу: |