Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана


 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тіл



бет4/7
Дата05.09.2022
өлшемі47.92 Kb.
#460236
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Сценарий тілдер күні

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтілуде. Қазір іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізетін мекемелер көбейді, жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілінде өтетін сабақтар саны бұрынғыға қарағанда көп өсті. Мекеме, ұйымдар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен жұмыс істеді. 2011-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы шықты.
1-жүргізуші:
Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.
2-жүргізуші:
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс . Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан –жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.
2-жүргізуші:
Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.
1-жүргізуші:
Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.
2-жүргізуші:
Әлем даналарын тамсандырған халқымыздан туған Асан қайғы сияқты бабаларымыздың өсиетін тыңдайық. 5-сынып оқушысы Әдепхан Аяулым.
1-жүргізуші:
-Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
-Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын-ырғасы, желі-жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халық даналығын тіл байлығын көрсетеді.
2-жүргізуші:
Көрініс. «Үш би». 5- сынып оқушылары.
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса жер жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім. . .
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.


Баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады


Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады
Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат , қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»

Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.


Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман
Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман.

Тоғыз дегеніңіз-торқалы той, топырақты


Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніңіз-оңалмас кәрілікке дауа болмас-деген
сөзіңіз, ұлы аға!

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің. . .

Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ.
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құралмайтын құрақ жоқ. . .
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.

Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!


Уа, халайық!
Көсіре шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар!
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар!
Сөз қадірін біліңдер!

1-жүргізуші:


Тілім менің !
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
2-жүргізуші:
Әуезов, Абайды өткен дәріс 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет