Сценарий медицинской симуляции


Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер



бет17/46
Дата20.05.2022
өлшемі406.37 Kb.
#458164
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Ситуациялық-есептер

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер



Қадамдар №

Қадамдарды бағалау критерийлері

Уақыт (сек)

Балл бойынша бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындаған жоқ

1.

Амандасқаннан кейін науқасты устелге шақырыңыз, анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарын анықтаңыз, шағымдардың пайда болу себептерін, олардың даму жағдайларын нақтылауға бағытталған қосымша сұрақтар қою арқылы аурудың негізгі симптомдарын бөліңіз.

180

10

5

0

3.

Анамнез жинап болғаннан кейін қағазда жазылған объективті зерттеу мәліметтерін қарап, алдын ала диагноз қойып, оны науқасқа дәлелдеп беріңіз.

60

20

10

0

4.

Науқасқа қандай анализдер тапсыру керектігін және олардың не үшін керектігін түсіндіріп беріңіз.

15

10

5

0

5.

Сұрастыру және қарап тексеру кезінде науқастың физикалық және эмоционалды қолайлы жағдайда отыруына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге қағазда көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялап, науқасқа түсіндіріңіз.

40

10

5

0

7.

Қорытынды диагнозды науқасқа мазмұндап және дәлелдеп беріңіз.

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен қысқаша дифференциалды диагностика жүргізіп, оларды негізді жойып, науқасқа түсіндіріңіз.

120

10

5

0

9.

Науқасты жүргізудің ары қарайғы тактикасын негізді әрі дұрыс анықтап, науқасты ауру, оның асқынулары және емдеу варианттары жөнінде дұрыс ақпараттандырыңыз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0



Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:


Объективті:
Жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Cor: тондары ашық, ырғақты. Пульсі 72 минутына. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы 2- жақтан да теріс. Физиологиялық бөлінділер қалыпты.
Гинекологиялық статус:
Қарап тексеру: Сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған. Уретра, парауретралды жолдар, бартолин бездері ерекшеліксіз.
OS: қынап және жатыр мойнының қынаптық бөлігі ашық қызғылт, «шырынды», бөліділер шырышты.
PV:Жатыр көлемінен біраз үлкен, тығыз, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Оң жақ аналық анықталмайды. Сол жақ аналық без аймағында тығыз, кедір- бұдырлы, көлемі 8x6x8 см., қозғалмалы ісік анықталады.
Кіші жеамбас мүшелерінің УДЗ:
Жатыр денесі дұрыс қалыпта, жүктіліктің 5 аптасына дейін ұлғайған, жатыр қуысы деформацияланбаған, М-эхо - көрінбейді. Оң аналық без 1,5x2,5 см. Сол аналық без көлемі 8х6 см түзіліспен қамтылған, қалың капсуласы бар, құрылымы біртекті емес.
Кіші жамбаста сұйықтық жоқ.
Іш қуысы ағзаларының УД зерттеуі:
Патология анықталған жоқ.
Гистологиялық қорытынды:
Цервикальды канал - цервикальды канал шырышы.
Жатыр қуысы — эндометрий шырышының атрофиясы.
Диагностикалық лапароскопия:
Бауыр, өт қабы, сальник, ішек ілмегі — көрінетін өзгерістер жоқ. Жатыр көлемінен сәл ұлғайған, жатыр түтігі мен оң аналық без өзгермеген. Сол аналық без диаметрі 8 см түзіліспен қамтылған, ақ- сұр түсті, аналық без тіні анықталмайды. Кіші жамбаста 100 мл мөлдір ашық сұйықтық анықталады. Аналық без биопсиясы жасалды және зерттеуге сұйықтық алынды.
Биопсияның гистологиялық қорытындысы:
Қатерлі емес гранулезді клеткалық ісік.

Ситуациялық есеп №21
Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел келіп түсті, босанудың (23 сағ.дейін)созылуы бойынша аудан перзентханасынан клиникаға ауыстырылды . Қағанақ суы -2 сағат бұрын кеткен, жатырдың толың ашылуымен, содан кейін әлсіз, қысқа, аз қайталанатын күшенулер пайда болды. Басының жылжыуы баяулады, күшенулер тағы әлсізденді.
Тапсырма:

  1. Пациентке сұрау жүргізіңіз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тәсілін анықтаңыз.

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет