Сценарий тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған Әдеби кеш Ғабит Мүсірепов ардақты ат



бет3/3
Дата14.09.2022
өлшемі28.75 Kb.
#460703
түріСценарий
1   2   3
Әдеби кеш (копия)

1-жүргізуші: (Қарлығаш) Кешімізді сахналық көрініспен жалғастырамыз. Ғ.Мүсіреповтің «Ананың арашасы» шығармасын сахналайтын, АНА кейіпкерін сомдайтын 8 «а» сынып оқушысы - Әсетова Сабина, әскери командирдің кейіпкерін сомдайтын 9-сынып оқушысы Ерғалиов Нұрдәулет.
2-жүргізуші: (Қаламқас) Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана-әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ержеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі- күннің көзі мен ананың сүтімен алынған қасиет. Ананың құдіреті әлі өз биігіне жеткен жоқ!
Ана деген кім (қызметіне қарай)
Тәрбиеші
Еңбекқор
АНА Қамқоршы
Пана
Ақылшы
Өмір себуші
Ана кім? (туыстық қатынасына қарай)
Асыл жар
шеше
қайынбике
АНА қарындас
балдыз
ене
Сіңлі
Апа
Келін
Әже
Қыз
5.Қаламның құдіреті
1-оқушы: -Оның кітаптары нағыз дарынның қолтаңбасымен және нәзік талғампаздығымен ерекшеленеді. Олар халық өміріне,интернационализмге шынайы бойлаған. (Иван Шухов)


2-оқушы: -Оның көрікті сөзінде отты,серпінді романтика мен ғажап реализм үнемі астарласып отырыпты.Сондықтан да, біз оның шығармаларын қашанда үлкен олжадай, қымбат шашудай қабылдап келеміз. (Әбділда Тәжібаев)

3-оқушы: -Әлі де талай-талай замандар өтеді.Талай-талай


Қаламқас -Иә,өмірде ана атану,перзент сүю,артына ұрпақ қалдыру қашаннан да адамзат баласына тән ең асыл қасиет, үлкен арман емес пе?! Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен – аналар.
Ендеше ,біз қазір ана тақырыбын сахналық көрініспен жалғастырамыз.
Ғ.Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» шығармасын сахналайтын, АНА кейіпкерін сомдайтын 8 «а» сынып оқушысы- Сымбат, Әмір-Темір кейіпкерін сомдайтын 8 «б» сынып оқушысы Ілияс Бекболат

1-жүргізуші: «Ана-мама» әні.Орындайтын 8«б» сынып оқушысы Айтышова Тамирис


2-жүргізуші: (Қаламқас)
-Ана тілі –асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайланып.
Азаматы бар ел деп бұл қазақтың
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.

Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген; «Тілін білмеген түбін білмейді».


Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Тіл –ұлттың жаны.
Тілден биік Асқар жоқ
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау,
талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қасткерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін жыл сайын біздің мектебімізде дәстүрлі тіл мерекесі өтеді. Осы мерекеге байланысты өлеңдер оқылады.
1. Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып,көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ
.
2.Адал перзент ана сүтін ақтаған, 
Өзге тілден оңдырады не тауып,
Өз тілінен інжу-маржан таппаған.
Қазақ тілім, абыройым, ардағым,
Аппақ сүтім тамшы алған ернімнен.
Тал бойында сенің титтей бар ма мін,
Сенің мінсіз екеніңді ел білген.

3.Тіл-бабаң,тіл-анаң.


Мәңгіге сол дейтін-
Жасайтын дін аман,
Уақытқа көнбейтін.
Тіл-әкең,тіл-шешең.
Анаңның,атаңның
Қадірін білмесең,
Кім болып атандың?

4.Ана тілім –анам сынды аяулым,


Сенсіз жерде көш соңында жаяумын.
Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам, құсуға да таяумын
.
5.Ойланайық қазақтың анасы боп,
Ойланайық қазақтың баласы боп.
Қазақ тілі-ана тілі,баба тілі,
Қорғайық бәріміз пана болып!
Басқа елдің байтақ даласы жоқ,
Елімде қазақ тілі естілмесе,
Қала ма ол қазақтың даласы боп?
Жүргізуші: -Қымбат маған ана тілім,бал тілім,
Қымбат маған дана тілім,ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім –ардақ тұтар алтыным.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы.Ана тілімізді құрметтеп,сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік.Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік,білімді,мәдениетті болуы шарт дей отырып,бүгінгі кешімізді Ғабит Мүсіреповтың «Тілін білмеген түбін білмейді» деген сөзімен аяқтаймыз.Қош, сау болыңыздар!

Ғабит Мүсіреповтың туғанына 116жыл толуына байланысты әдеби кеш


«Қазақтың таң жұлдызы» әдеби кеш
1-жүргізуші: 
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі әдеби кешімізді Ғабит Мүсіреповтың 116 жылдығына арнап отырмыз.
2-жүргізуші: 

-Себебі: қазақ халқы үшін басын тауға да, тасқа да соққан қазақтың біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы, жазушы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 116 жыл толып отыр. Қазақ халқының мәдениетінің, әдебиетінің дамуында жазушы есімі ерекше орын алады. Ғабит бар халықты талантына бас идірген жазушы, қоғам қайраткері, драматург, редактор.

1-жүргізуші:
- Ғабит Мүсірепов қазіргі солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген. Әкесі Махмұт кедей шаруа болған. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып, арабша хат таныды.

2-жүргізуші:


- Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі кешімізде жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, оның көпжанрлы әңгімелері, новеллалары, очерктері, романдары бізбен бірге. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит атамыз 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Болашақ жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығын оятуға осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақын әрі көрнекті педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды.

1-жүргізуші:


- Ғабит Мүсірепов бұл кісіні өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде» үлкен құрметпен еске алады. «Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тура тарта бастады. Әуелі «Жиған-терген» деген өзі шығарған өлеңді берді. Содан соң ол маған бір жетіге "Шаһарман" қиссасын беріп. Кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты» деп еске алады. Бекет Өтетілеуов 1883-1949 жылдары өмір сүрген Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын Абайдан кейін қазақшаға аударған қазақ балаларын орыс тілін үйрету мәселелерімен шұғылданған педагог-жазушы.

2-жүргізуші:


- Ғабит Мүсіреповтың балалық шағын еске ала отырып, оның оқытушысымен әңгімелескен жерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:


- Ия, осындай от жалындап тұрған қазақтың қарапайым баласынан білім нәрімен сусындаған, аңғал да ақ көңіл қазақтың таң жұлдызы, халқының бетке ұстар нұр құндызы дүниеге келді.
Ән: «Ұстазым» әні орындайтын бастауыш сынып оқушылары

2-жүргізуші: 


-«Ғабит Мүсіреповті м тақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек.» деп Зейнолла Қабдолов айтқандай Ғабит атамыздың еңбек жолын айтатын болсақ, «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі. «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті саяси – ағарту бөлімінің меңгерушісі болады.

1-жүргізуші:


- 1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. бастаған ақын жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығысыға душар етті. Дәл осы кездеде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Беймбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.

2-жүргізуші: 


-Ел басына түскен азапты күндер , қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драмматург Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драммасынан көруге болады. Сол драммадан үзінді тамашаласақ.

Сахнада 6-7 сынып оқушылары.

1-жүргізуші:
- Жазушы, драмашы, публицист Ғабит Мүсіреповтың көп қырлы, сан қырлы шығармаларының бір саласы-новеллалар мен әңгімелер. Ғабит Мүсіреповтың қазақ әдебиетінде әкелген идеялық-көркемдік жаңалықтары аз емес. Мұның бір қыры ана туралы новеллалар еді. Көпшілікті елең еткізген кейіпкер аналары мен қыздар әр оқырманның жүрегінен ерекше орын алады.

2-жүргізуші:


- Жазушының қаламына арқау болған аналар, қыздар туралы шығармалары: «Ұлпан» романы ондағы Ұлпан бейнесі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанындағы Баян бейнесі , «Ананың анасы» әңгімесіндегі Ер ана бейнесі бүкіл ана атаулының қыр сырын ашып бергендей т.б.шығармалары да бар.Осы аталған шығармалардан үзінді тамашалайық.

1-жүргізуші:


- Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына , жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Ғабит Мүсірепвтың тіл туралы айтылған пікірлерін тыңдаңыздар.

5-6сынып оқушылары


2-жүргізуші: 
-Ғабит туындысы-сарқылмас бұлақ. Сөз шебері Ғабит ата, сізге әрқашан борыштымыз. Ғабит атамыздың қойын дәптерінен алынған мынадай қазақ халқы туралы пікірімен аяқтағымыз келіп отыр. «Қазақ деген ел – бостанадық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Сонша кең дүниеде жүріп ол елдің жан-жүрегі таза болмаса, таңдануға болар еді. Жоқ, ол асқан ақ көңіл, мырза, сенгіш, барықсыз ел». 
1-жүргізуші: 
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дей отырып Ғабит Мүсіреповтың 116 жылдығына арналған әдеби кешімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Кері қайту

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет