2-жүргізуші (Қаламқас): 1926 жылы жұмфакты бітірген соң, Омбыдағы ауылшаруашылық институтында
бір жыл оқып, 1927-1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды.
2.Әдеби монтаж.
1-жүргізуші (Қарлығаш): - Зейнолла Әкімжановтың «Заңғар» өлеңі оқылады.
«Адай»күйі ақырын жіберіледі.
1-оқушы: Балаған елі шыңға да ең,
Асқардың өзі-ау шың –Ғабең.
Дарағай,дана тұлғамен
Асқақтап,асып туған ең.
Алаштың заңғар ұлына
Басын бір иген күллі әлем.
2-оқушы: Асқақтар дара аспаны,
Сарқылмас дана дастаным.
Шаңқ етер шыңнан асқақ үн,
Аңсатты елді асына
Алаштың басын қосқаның.
3-оқушы: Ақ тілек айтып сом далаң,
Ақтұйғын қанат қомдаған.
Әлемнен озған шоң бабам
Әйгілі пырақ-жорғадан.
Қазақтың жасы,кәрісі
Жүректен лүпіл жолдаған.
4-оқушы: - Тұлпардай баптап тұмарлап
Балаған дара шынарға-ақ.
Атағы кетіп шығандап,
Таңдап бір қонған шығар бақ!
Бас иіп Алаш жатқанда
Орнында жатыр бір аунап.
5-оқушы:- Әрлеумен ғасыр әжімін
Ғұмырдың өтер жазы мың.
Айғақтап ұрпақ тәжімін,
Әлпештер қазақ өз ұлын.
Ғабеңнен тапқан қашанда
Қазақы сөздің қазығын.
6-оқушы:- Өтсе де талай таңдары,
Сағынар қазақ саңлағын.
Піріне балап аруағын,
Пайымдар қыран самғауын.
3. Ән үзілісі. «Ана туралы жыр» орындайтын 8 «а» - сынып оқушылары Айтышова Тамирис, Аниярбекқызы Еркетаң
4.Дарынның ұшқыр қанаты.
Жазушының шығармашылығы.
2-жүргізуші: (Қаламқас) - Қолынан қаламын түсірмей өткен алпыс жылдай уақыт ішіндегі елдің қоғамдық және мәдени өміріндегі қадау-қадау оқиғалар суреттер шығармашылығының өзекті тақырыбына айналды. Мүсірепов әңгімелері мен пьесалары,повестері мен романдары ұлттық әдебиеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізді.
Олар қазақ қоғамы мен қазақ халқы психологиясындағы бүкіл әлеуметтік өзгерістерді шынайы бейнелеп береді.
30 жылдардың басында Мүсірепов әдеби шығармашылықтың өте бір күрделі саласы саналатын драматургияға ден қойған еді, сөйтіп,ол қазақ әдебиетінде осы жаңа жанрдың негізін салушылардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |