Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне



бет11/27
Дата13.06.2016
өлшемі3.91 Mb.
#133197
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

объектiлерi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, халықтың өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуына қауiп төндiруi мүмкiн өнiм (жұмыс, қызмет) жатады.

44-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық шарттар заңдармен белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiледi және тiркеледi.

Қоршаған ортаны қорғау саласында тiркелген стандарттар және техникалық шарттар талаптарын бұза отырып, өнiмнiң (бұйымның) әзiрленуiне, жасалуына, жеткiзiлуiне (өткiзiлуiне), сақталуына, тасымалдануына, пайдаланылуына және жөнделуiне, жұмыс (қызмет) атқарылуына тыйым салынады.

45-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сертификаттау

Қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестiктi анықтау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.


10-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

46-б а п. Қоршаған ортаға ықпалды бағалаудың міндеттілігі

Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық шешiмдерiнiң қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде ресiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.

Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу, уақытша тоқтатып қою, меншiгiн ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсердi бағалау жөнiнде жүргiзген тексерулерiнен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтiрiлген зиянның орны белгiленген тәртiппен толықтырылғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi экологиялық сараптама туралы заңдармен анықталады.

47-б а п. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

Табиғи экологиялық жүйелердiң бүлiнуiн, адамның, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның халық өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiстерiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

48-б а п. Жобалауға қойылатын экологиялық талаптар

Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, үйлер мен құрылыстарды өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау, канализация, гидротехникалық құрылыстар жүйелерiн, көлiк және байланыс құралдарын, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi ескерiлуге, зиянды қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату, қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер, қоршаған орта ластануының алдын алу жөнiндегi тиiмдi шаралар, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану көзделуге тиiс.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған жобалар бекiтiлмеуге тиiс, ал бұл жобаларды iске асыруды қаржыландыруға жол берiлмейдi.

49-б а п. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi

орналастыру кезiндегi экологиялық талаптар

Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын орындар қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерiн сақтап, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық зардаптары ескерiле отырып белгiленедi.

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде құзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де өңiрлер белгiленедi.

50-б а п. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен



қайта құру кезiндегi экологиялық талаптар

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен қайта құру мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда және қоршаған ортаның сапалық нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға зиян келтiретiндей етiп өзгертуге жол берiлмейдi.

Құрылыс жұмыстарын атқару кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолдануға тиiс.

51-б а п. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде қойылатын экологиялық



талаптар мен мiндеттемелердiң есебi
1. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi атқарушы орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Кәсiпорындар мен өзге де объектiлердi жекешелендiру экологиялық жай-құйдi тексеру нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады. Кәсiпорынның немесе өзге де объектiнiң экологиялық жағдайын тексеру кәсiпорынды және өзге де объектiнi жекешелендiру жоспарында көзделiп, мемлекеттiк экологиялық бақылау органының қатысуымен жүзеге асырылады.

3. Жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар мен өзге де объектiлердi тазарту және залалсыздандыру жөнiндегi шараларды қаржыландыру мемлекет есебiнен және (немесе) жаңа меншiк иесiнiң келiсiмiмен мына көздерден:

1) кәсiпорынның жаңа иесi табиғат қорғау объектiлерiн салуды, қайта құруды және техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қайта инвестициялайтын қаражат;

2) жекешелендiрiлген кәсiпорын мен өзге де объектiге нысаналы несиелер, процентсiз қарыз және табиғат қорғау мұқтаждарын нысаналы қаржыландыру түрiнде түсетiн қаражат;

3) кәсiпорынның экологиялық сақтандыру жүйесi арқылы алатын қаражаты есебiнен;

4) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

52-б а п. Банкроттық жағдайындағы экологиялық талаптар мен

мiндеттемелердiң есебi

1. Заңды тұлғаға – табиғат пайдаланушыға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған жағдайда кәсiпорынның және өзге де объектiнiң экологиялық жай-құйiне тексеру жүргiзiледi.

2. Кәсiпорынның және өзге де объектiнiң экологиялық жай-құйiне тексеру жүргiзу мiндетi санацияны жүзеге асыратын органға не сыртқы басқарушыға жүктеледi.

3. Банкроттыққа әкеп соққан шаруашылық қызметiнiң нәтижесi, сондай-ақ кәсiпорынның экологиялық талаптарды сақтауы тексеру объектiсi болады.

4. Заңды тұлғаның – табиғат пайдаланушының банкроттығы туралы iс жүргiзiлген жағдайда несие берушiлердiң экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi мүдделерiн есепке алу қамтамасыз етiледi.

53-б а п. Заңды тұлға таратылған және қайта ұйымдастырылған



кездегi экологиялық талаптар мен мiндеттемелердiң есебi

1. Заңды тұлғаны – табиғат пайдаланушыны тарату мен қайта ұйымдастыру кәсiпорынның жай-құйiн тексеру және (немесе) экологиялық сараптама деректерiнiң негiзiнде экологиялық талаптар ескерiлiп, олардың нәтижелерiн заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың тиiстi нысаны кезiнде жасалатын тарату балансында мiндеттi түрде көрсете отырып жүзеге асырылады.

2. Таратылатын немесе қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның экологиялық жай-құйiн тексеру мемлекеттiк экологиялық сараптама органының қатысуымен жүзеге асырылады.

3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңа меншiк иесiнiң бөлу балансына сәйкес экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi құқыққа мирасқорлығы қамтамасыз етiледi.

4. Заңды тұлға несие берушiлердiң экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi мүдделерi ескерiле отырып таратылады.

54-б а п. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға



беру және пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптар

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемiнде орындалған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерiнiң және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қатысуымен құрылатын қабылдау комиссияларының актiлерi бойынша жүргiзiледi.

Зиянды қалдықтарды, ластайтын заттардың шығарындыларын жол берiлетiн шектi нормативтер деңгейiне дейiн тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қондырғылармен және жабдықтармен, қоршаған ортаның ластануын бақылау құралдарымен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөнiнде жобаланып қойылған жұмыстарды аяқтамай пайдалануға беруге тыйым салынады.

55-б а п. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл



шаруашылық мақсаттағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану кезiнде

қойылатын экологиялық талаптар

Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсаттағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптарды ескерiп және экологиялық жағынан негiзделген технологияларды, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғаныш өңiрлерiн пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиiс.

Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер енгiзiлуге тиiс, олар зиянды қалдықтарды, ластайтын заттардың шығарындылары мен тастандыларын тазартуға, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға арналған тиiмдi құралдармен жарақтандырылуға, отынның қауiпсiз түрлерi қолданылып, табиғи ресурстарды үнемдеп және ұтымды пайдалануға, экологиялық қауiпсiздiк жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

Халық тығыз орналасқан аумақтарда, сейсмикалық қауiптi аймақтарда, ежелден халық жаппай дем алатын және емделетiн жерлерде атом және су-электр станцияларын жобалауға, салуға тыйым салынады.

56-б а п. Қалалар мен басқа да елдi мекендер салу кезiнде қойылатын

экологиялық талаптар

Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жобалау, салу, қайта құру, экологиялық қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны сақтау талаптарын ескере отырып, халықтың өмiр сүруi, еңбек етуi және демалуы үшiн неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды санитариялық тазарту, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қоймаға жинау, қауiпсiз етiп адалау, өңдеу және көму көзделiп жүзеге асырылуға тиiс. Iрi қалалар мен өнеркәсiп орталықтары жанынан табиғат пайдаланудың шектеулi режимi енгiзiлген орман-парк, жасыл желек және қорғаныш өңiрлерi құрылуға тиiс.
57-б а п. Радиоактивтi материалдарды пайдалану кезiнде қойылатын

экологиялық талаптар

Ұйымдар мен азаматтар радиоактивтi материалдарды өндiрудiң, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, адалаудың және көмудiң белгiленген ережелерiн сақтауға, радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейi нормативтерiнiң бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден радиациялық қалдықтар мен материалдарды сақтау немесе көму мақсатында әкелуге тыйым салынады. Радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға түсуiне жол бермеу жөнiнде шаралар жүргiзбейiнше радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды жер бетiне және жер қойнауына көмуге де (орналастыруға) тыйым салынады.

Қоршаған ортаның радиоактивтi ластануы байқалған жағдайда ұйымдар мен азаматтар бұл туралы бақылаушы органдарды дереу хабардар етуге тиiс.

58-б а п. Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық заттарды өндiру мен

пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптар

Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық заттарды өндiру мен қолдануға оларды қажеттi уыттық-гигиеналық және экологиялық-уыттылыққа қатысты зерттеулер жүргiзiлiп, олармен жұмыс iстеу гигиеналық жағынан реттелгеннен кейiн, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгiленiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн жол берiледi.

Жергiлiктi табиғатқа тән емес, сондай-ақ жасанды жолмен алынған биологиялық объектiлердi қоршаған ортада өсiруге және орналастыруға тиiстi экологиялық негiздемелер болған жағдайда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.

59-б а п. Қоршаған ортаны зиянды физикалық әсерден қорғау

Ұйымдар мен азаматтар қалалар мен басқа да елдi мекендердiң өндiрiстiк, қоғамдық және тұрғын үй-жайларында, көшелерiнде, аулаларында, алаңдарында, халық дем алатын өңiрлерде және жабайы хайуанаттар мекендейтiн жерлерде шудың, тербелiстiң, магнит өрiсiнiң зиянды ықпалы мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң алдын алу мен жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу, өндiрiстiк немесе өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру және пайдалану, жаңа техниканы, көлiк пен байланыс құралдарын жасау, игеру және пайдалану кезiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiсiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол берiлетiн шектi деңгейiнiң нормативтерi ескерiлуге тиiс.

60-б а п. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын

экологиялық талаптар

1. Қалдықтарды қоймаға жинау, жою және көму облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келiсе отырып, белгiленген жерлерде жүргiзiледi.

1-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатынсыз қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасына қалдықтарды өңдеу, көму немесе сақтау үшiн алып келу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Залалсыздандыруға немесе пайдаланылғаннан кейiн кәдеге жаратуға арналған технологиясы жоқ өнiмдердi шеттен әкелуге тыйым салынады.

4. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар осы Заңмен қатар, қалдықтар туралы заңдармен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен анықталады.

5. Өндiрiстiк және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы мен пайдаланылуы мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.

60-1-б а п. Қалдықтардың паспорты

Өз қызметтерiнiң процесiнде қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар қалдықтардың паспортын жасауға тиiс, оның үлгiлiк нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

60-2-б а п. Қалдықтар орналастырылатын объектiлерге қойылатын талаптар

1. Қалдықтар орналастырылатын объектiлер құрылысының орнын анықтау мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда арнайы (геологиялық, гидрологиялық және өзге) зерттеулер негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында және олардың қоршаған ортаға әсер етуi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қоршаған орта жай-құйiнiң мониторингiн жүргiзуге мiндеттi.

3. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiн пайдалануды аяқтағаннан кейiн олардың жай-құйiн және қоршаған ортаға әсерiн бақылауға және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға мiндеттi.

4. Елдi мекендердiң аумақтарында, орман саябақтары, курорт, емдеу-сауықтыру, рекреациялық, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын жерасты су объектiлерiнiң су жиналатын алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Пайдалы қазбалар жатқан жерлердiң ластану қаупi және кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзуге қауiп туындаған жағдайда пайдалы қазбалар жатқан жерлерде қалдықтарды көмуге және кен жұмыстарын жүргiзуге тыйым салынады.

60-3-б а п. Қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын талаптар

1. Өз қызметтерiнiң процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар осы қалдықтарды қауiптiлiктiң нақты сыныбына жатқызуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен растауға мiндеттi.

2. Жеке және заңды тұлғалардың өз процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын қызметтерi:

1) қалдықтармен жұмыс iстеудiң адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмеген кезде шектелуi;

2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыратын қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптарды бiрнеше рет (eкi реттен көп) бұзған жағдайда тыйым салынуы мүмкiн.

60-4-б а п. Қалдықтарды халықаралық тасымалдау

Қалдықтарды халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қалдықтарды әкелуге (әкетуге) бақылауды шекаралық, көлiктiк және кедендiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.

61- б а п. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын

экологиялық талаптар

Осы Заңмен белгiленген экологиялық талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке толық көлемiнде қолданылады.


62-б а п. Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау

Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

10-1-тарау. ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС IСТЕУ КЕЗIНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

62-1-бап. Үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi



жобалауға, салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға қойылатын

талаптар

1. Пайдалану процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру, тоқтатып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғалар:

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;

пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасы бар болуға мiндеттi.

2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамалардың оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi.

3. Пайдаланылу процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде оларды жинау үшiн орын (алаң) қарастыру қажет.

62-2-бап. Yй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi

пайдалану кезiндегi талаптар

1. Қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану кезiнде жеке және заңды тұлғалар:

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;

қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiнiң жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әзiрлеуге және оған бекiтуге ұсынуға;

ең жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер негiзiнде аз қалдықты технологияларды енгiзуге;

қалдықтар мен олар орналастырылатын объектiлерге түгендеу жүргiзуге; қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында қоршаған орта жай-құйiнiң мониторингiн жүргiзуге;

қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялардың алдын алу талаптарын сақтауға және оларды жою жөнiнде кезек құттiрмейтiн шаралар қолдануға;

қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде авариялар туындаған немесе қаупi төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.

2. Қалдықтармен жұмыс iстеу адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi әсер етуге әкеп соқтыратын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.

62-3-б а п. Елдi мекендердiң аумақтарында қалдықтармен жұмыс iстеуге



қойылатын талаптар

1. Елдi мекендердiң аумақтары қалдықтардан үнемi тазартылып тұруға тиiс.

2. Елдi мекендердiң құтiп-ұсталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып қамтамасыз етедi.

62-4-б а п. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар

1. Қалдықтарды тасымалдауға:

1) қалдықтардың паспорты;

2) қауiптi қалдықтарды тасымалдауға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған және арнайы белгiлермен жабдықталған көлiк құралдары;

3) тасымалданатын қауiптi қалдықтардың санын, оларды тасымалдау мақсаты мен апаратын орнын көрсете отырып, қауiптi қалдықтарды тасымалдау құжаттары мен оларды беруге арналған құжаттар болған кезде жол берiледi.

2. Қауiптi қалдықтарды тасымалдаудың тәртiбiн, оның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды, көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша айқындайды.

11-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

63-б а п. Экологиялық сараптама және оның түрлерi

Экологиялық сараптама – шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

64-б а п. Мемлекеттiк экологиялық сараптама

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi.

Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады.

Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта қаралуы мүмкiн.

65-б а п. Қоғамдық экологиялық сараптама

Қоғамдық бiрлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзе алады.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру нысандары және қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен белгiленедi.

Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау сипатында болады.

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫ ОБЪЕКТIЛЕРI

66-б а п. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры

Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры – табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту және рекреация нысанасы ретiнде қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, ерекше мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлердiң жиынтығы.

Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалану iсiнде тыйым салу және шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.

67-б а п. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғаудың құқықтық режимiмен не шаруашылық қызметтiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимдерi, олардың қызмет жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.


13-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҚТАРЫ

68-б а п. Төтенше экологиялық ахуал

Төтенше экологиялық ахуал – адам қызметiнiң немесе табиғаттың дүлей құштерiнiң салдарынан белгiлi бiр аумақта пайда болған, қоршаған ортаның, адамдардың өмiрi мен денсаулығы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау үшiн қауiптi, терең және тұрақты терiс өзгерiстерiмен сипатталатын қолайсыз экологиялық ахуал.

Республиканың жекелеген аумақтарындағы төтенше экологиялық ахуал кезiнде заңдарда көзделген тәртiппен шаруашылық қызмет пен табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне тыйым салынуы немесе олар шектелуi мүмкiн, табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молықтыру), қоршаған ортаны сауықтыру, халықты әлеуметтiк қорғау жөнiнде жедел шаралар жүргiзiледi.

69-б а п. Экологиялық апат аймақтары

1. Егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiрiлсе және (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесi азып – тозса, экологиялық ахуал төтенше аумақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.

2. Экологиялық апат аймақтары әрбiр жеке жағдайда өз кезегiнде төтенше экологиялық ахуалдың құрделiлiгi мен ауырлығына немесе осы жағдайға себеп болған факторларға қарай кiшi аймақтарға (экологиялық апаттар, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдындағы жай-құйлер және басқалар) бөлiнедi.

3. Табиғи ресурстарды молықтыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөнiндегi шаралар Үкiмет бекiтетiн республикалық нысаналы бағдарламаларға сәйкес экологиялық апат аймағының белгiлi бiр кiшi аймақтары бойынша сараланып әзiрленедi және жүзеге асырылады.

4. Экологиялық апат аймағында:

1) қолайсыз экологиялық жағдайдың пайда болуына себепшi болған шаруашылық объектiлерiнiң қызметi тоқтатылады:

2) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды ықпал ететiн ұйымдардың, цехтардың, агрегаттар мен жабдықтардың қызметi тоқтатыла тұруы мүмкiн;

3) табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне шек қойылады;

4) қажет болған жағдайда адамдарды көшiру жөнiнде шаралар жүргiзiледi.

5. Төтенше экологиялық ахуал салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ экологиялық апат аймақтарында тұратын азаматтар өтемақылардың, жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғаудың басқа да түрлерiн қоса алғанда өздерiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар.

Азаматтарды төтенше экологиялық ахуалдың салдарынан зардап шеккен адамдар қатарына жатқызу тәртiбi, оларды әлеуметтiк қорғау нысандары заңдарда белгiленедi.

70-б а п. Төтенше экологиялық ахуалды және экологиялық апат аймақтарын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет