Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне үй беру тәртібі қандай?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелікке қабылданған адамға, олардың жалпы жиналысының халық депутаттары аудандық, қалалык, қаладағы аудандық Кеңесінің атқару комитеті бекіткен шешімі бойынша отбасы мүшелерінің санына, оның мүшслік жарнасының сомасына және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің Үлгі жарғысында көзделген тұрғын алаңның ең көп көлеміне сәйкес, бір немесе бірнеше бөлмеден тұратын жеке пәтер беріледі. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үйіндегі пәтерлергс қоныстандыру халық депутаттары аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңесінің атқару комитеті беретін ордерлер бойынша жүргізіледі. Ордер беруден бас тартқан жағдайда сот арқылы шағым берілуі мүмкін.
Тұрғын үйді қалай айырбастап және бөлуге болады?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативнінің мүшесі өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келісімімен, халық депутаттары аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңесі атқару комитетінің рұқсаты бойынша, халық депутаттары жергілікті Кеңесінің мемлекеттік және өзге қоғамдық мекемелер үйлеріндегі өзі иемденген кооперативтік тұрғын жайды өзі тұратын сол елді мекенде, сол сияқты басқа елді мекендерде орналасқан басқа кооператив үйлеріндегі тұрғын жайға белгіленген тәртіпті сақтай отырып, кооператив үйін жаңа қоңыстайтын адам, оның мүшелігіне қабылданған жағдайда айырбастауға құқықлы.
Егер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі мен оның отбасы мүшелері өз үйлерін айырбастау туралы келісімге келе алмаса, онда кооператив мүшесі, сондай-ақ жиналған жарнаның бір бөлігіне құқығы бар деп та-нылған оның отбасы мүшесі иелігіндсгі тұрғын жайды басқа үйдегі (пәтерлердсгі) тұрғын жайларға сот арқылы еріксіз айырбастауды талап етуге құқылы. Кооператив мүшесі жиналған жарнаның бір бөлігіне құқықсы бар деп, оның жұбайы неке бұзылғаннан кейін, егер оларға жеке оңаша бөлмелер бөлiп беру мүмкін болмаса, иемденген тұрғын жайды бөлуді талап етуге құқылы.
Кооперативтегі босаған тұрғын үйге басқа адамды қоныстандыру тәртібі қалай?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің босаған пәтерлерін алуға, сол кооперативтің үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж мүшелеріне артықшылық құқық береді. Егср кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар жанынан ұйымдастырылган кооператив мүшелері ішінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адам жоқ болса, онда босаған пәтерлерге бірінші кезекте осы косіпорыпдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері бел-гіленген тәртіп бойынша кооперативке кірген жағдайда қоныстандырылуға тиіс.
Үйлерді пайдаланудағы шығындар қалай өтелінеді?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері негізіндегі үйлерді пайдалануды және жөндеуді, оларға төленетін шығынды өздері төлеу негізінде жүзеге асырылады. Ауылдық жерде орналасқан тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын осы тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастырған кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ колхоздар мен өзге кооперативпен және қоғамдық мекемелер, осы кооперативінен жасалған шарт бойынша жүргізеді.
Бұл үйлерге құтім жасауға байланысты шығындарды мемлекеттік тұрғын үйлеріне құтім жасау үшін белгіленген мөлшерде немесс шарттар бойынша тұрғын үй-құрылыс кооперативтері өз қаржылары есебінен төлейді. Үйлердегі су құбырлары, канализация, жылу және электр жүйелеріне жұмсалған шығындарды кооперативті құрған кәсіпорындар өтейді. Жылу және электр энергиясын, газды, су құбыры мен канализацияны пайдаланғаны үшін ақы төлеу мемлекеттік тұрғын үй қорына арналып белгіленгсн тарифтер бойынша жүргізіледі.
Кооперативті тұрғын үйлерді салу жөнінде тапсырыс беру міндетін кімдер атқарады?
Кооперативті тұрғын үйлерді жобалау мен салу жөніндегі тапсырысты тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастырған халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, колхоздар мен өзге кооперативтік және қоғамдық мекемелер атқарады. Мұндай реттерде техникалык қадағалау – кооперативтік тұрғын үйлерді салу құнының жалпы сметада қаралған қаржылар ессбінен, белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Банк қарызын пайдаланғаны үшін қандай проценттік сметалар төленеді?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінен банк қарызын пайдаланғаны үшін алынатын проценттік жарнасы жылдық соманың 0,2 процентті мөлшерінде белгіленеді. Банктің талабы бойынша мерзімі өткен төлемдсрдің сомасында жылдық соманың 3 проценті қосылып есептелінеді.
Кооператив мүшелігінен шығарылуға қандай себептер әсер етеді?
Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексінің 120-бабына сәйкес кооператив мүшесі кооперативтен мынадай реттерде шығарылуы мүмкін:
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаждығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланса;
тұрғын жайды үнемі бүлдіріп, қиратып, өз мақсатында дұрыс пайдаланбаса;
социалистік тұрмыс ережелерін үнемі бұзса, егер ол басқалардың онымен бірге пәтерде немесе бір үйде тұруына мүмкіндік бермей, ескерту және қоғамдық ықпал ету шаралары нәтижесіз болып шықса;
ата-аналық құқығынан айырылса, егер олардың ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты ба-лаларымен бірге тұруы мүмкін смес деп танылса;
тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысындағы көзделген міндеттерді бұзса.
Кооператив мүшесі әскерге шақырылғанда несиені өтеу мерзімі өзгере ме?
СССР Министрлер Кеңесінің «Тұрғын үй-құрылыс кооперациясы туралы» қаулысы бойынша бұл мәселені шешу СССР Құрылыс банкісі мен СССР Мемлскеттік банкісінің қарауына берілді. Осыған сәйкес кооперативтік тұрғын үйлер салуға арнап берілген қарыздарды кооператив мүшесінің міндетті әскери қызметке шақырылуына байланысты өтелмейтін бөлігі бойынша, несиені өтеудің ақырғы мерзімін өзгертпей, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің өтініші бойынша, 5 жылға дейінгі мерзімге ұзартуға банкілерге рұқсат беріледі.
Азаматтар экономикалық ынталандыру қоры қаржыларынан берілген қарыздарын қандай жағдайда өтей алады?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс істеген қызметкерге, ал жас жұбайларға – кемінде 2 жыл жұмыс істеген соң тәртіп бойынша, кері қайтарылмайтын материалдық көмек көрсетуге және – кооперативтік тұрғын үй-құрылысына арналған банк қарызын беруге, ішінара өтеуге кәсіподақ ұйымдарының келісуімен, экономикалық ынталандыру қорларының қаржыларын жұмсауға, осы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына құқық берілді;
- Сібір, Қиыр Шығыс, Қиыр Солтүстік аудандарында, бұл аудандарға теңестірілген басқа жерлерде жәнс РСФСР-дің Қара топырақсыз аймағының ауылдық жерлерінде, кооперативтік тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін төленетін жарнаға енгізуге жататын, өз қаржыларынан алғашқы жарнасының 30 процентіне дейінгі, ал жас жұбайларға 40 процентіне дейінгі мөлшерде, ал еліміздің басқа аудандарында – жарнаның 15 процентіне дейінгі, жас жұбайларға – 20 процентіне дейінгі мөлшерде материалдық көтермелеу коры мен әлеуметтік-мәдени шаралар және тұрғын үй құрылысы қорының қаржылары есебінен кері қайтарылмайтын материалдық көмек көрсетуге;
- тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіргеннен кейін кәсіпорында, мекемеде және ұйымда 5 жылдан астам жұмыс істеген қызметксрлсрге, банктен алған қарызы бойынша өтелмей қалған қарызының 15 процентіне дейінгі, ал 10 жылдан астам жұмыс істегендерге – 30 процентіне дейінгі мөлшерде материалдық көтермелеу қоры мсн әлеуметтік-мәдени шаралар және тұрғын үй құры-лысы қорының қаржылары есебінен өтеуге; егер ауыллық, жердс ұйымдастырылған тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне мүше механизаторлар мен ауыл шаруашылық техникасын жөндеуде істейтін жумысшылар, кооперативке кірген кезден бастап сол кәсіпорында кемінде 5 жыл жұмыс істеген болса, оларға берілгсн банк қарызының 50 процентінс дейінін әлеуметтік-мәдени шаралар және тұрғын үй құрылысы қорының қаржылары есебінен кәсіподақ ұйымдарының келісуі бойынша өтеуге, совхоздардың және ауылдық жерде орналасқан ауыл шаруашылығының басқа да мемлекеттік кәсіп-орындарының, су шаруашылығы мен СССР Ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комитеті кәсіпорындарының басшыларына құқық бсрілді.
Алынған қарыз мәселесі дәлелсіз жұмыстан шыққан кезде қалай шешіледі?
Себепсіз өз еркімен жұмыстан шыққан, еңбек тәртібін бұзғаны немесе қылмыс жасағаны үшін жұмыстан шығарылған ретте, кооператив мүшелері тұрғын үйлер салуға алған қарызды ішінара өтеуге арнап, материалдық көмек ретінде берілген қаржыларды 5 жылға дейін мерзім ішінде кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға қайтаруға тиіс.
Азаматтар қандай жағдайларда (тізімде бар-жоғына қарамастан) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіре алады?
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кемінде 10 жыл жұмыс істеген қызметкерлерге, ал мүгедек болған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерлерге аталған мерзім өтпесе дс одақтас республикалардың астаналарында, мен бүкілодақтық және республикалық маңызы бар курортты жерлерде, басқа СССР-дің аумағындағы барлық елді мекендерде, кәсіпорындар мен мекемелердің ұсыныстары бойынша тіркеуде бар-жоғына қарамастан, тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне кіруге құқылы.
Ал халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттеріндсгі тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне кіру үшін мыналар есепке алынады:
a) Қиыр Солтүстік аудандарында және осы аудандарға теңестірілген жерлердегі кәсіпорындарында, осы жерлердегі нысандар салу мен оны пайдалануда және геологиялық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ осы жерлерде СССР Түсті металлургия министрлігінің алтын өндіретін кәсіпорындарымен жасалған шарттар бойынша жұмыс істейтін алтын іздеушілерді;
б) Канек-Ачинск жылу-энергетика кешенінің кәсіпорындары мен нысандарын салуда және пайдалануда, осы кешеннің мұқтаждары үшін шикізат қажеттерін барлауды жүзеге асырушы, геологиялық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерді;
в) Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің, СССР Геология министрлігі мен Құрылыс министрліктерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының Батыс Сібірде, Қазақ ССР-інде, Коми АССР-інде, Архангельск облысында, Орта Азияның шалғай және сусыз аудандарында мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындары мен осы салаларды дамытуға байланысты басқа да кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың нысандарын салуда жұмыс істейтін қызметкерлерін, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелерге қызмет көрсететін азаматтық авиация қызметкерлерін;
г) Солтүстік Урал боксит руднигінің, және осы рудниктің нысандарын салатын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін;
д) СССР Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі министрлігінің, СССР Энергетика және электрлендіру министрлігі мен құрылыс министрліктерінің, Тобын мұнай-химия кешенің салатын кәсіпорыпдары мсн ұйымдарының қызметкерлерін алады.
Кооперативтік тұрғын үйлерді құрделі құрылыс жоспарларына қай жағдайда кіргізуге болады?
Қазақ ССР-інің министрліктері, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволары және халық депутаттары жергілікті Совсттерінің атқару комитеттері белгіленген тәртіп бойынша бекітілген жобалау-смета құжаттары бар және салынуы үшін жср телімдері бөлінген кооперативтік тұрғын үйлерді ғана құрделі құрылыс жоспарларына енгізуге құқылы. Олар қарамағындағы жобалау ұйымдарының жұмыс жоспарларында тұрғын үй-құрылысы кооперативтерінің үйлерін салуға арналған қажетті жобалау-смета құжаттары тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қаржылары есебінен әзірлеуді көздеп отырады.
Үйі бұзылған ретте, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үйінде тұратын азаматтардың құқықтары қалай қамтамасыз етіледі?
Егер тұргын үй-құрылыс кооперативіне қарасты үйдің жер телiмi мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждар үшін алынуына байланысты үй бұзылуға жатқызылса, кооперативке бұзылатын үйдің орнына сонымен бірдей тұрғын үй меншікке беріледі.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің қандай құрылыстар салуға құқығы бар?
Бау-бақша өсіру серіктестігінің ұжымдық бау-бақша аумағын ұйымдастыру мен құрылыс салу жобасына сәйкес, үлгі жобалар бойынша көкөніс пен жеміс қоймаларын, өзіндік көлікке арналған коллективтік ортақ жайлар, жалпы пайдалануға басқа да орындар мен құрылыстар салуға құқығы бар.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшелері қандай мөлшерде үй салуға, құс, қоян, нутрий және бал арасын ұстауға құқығы бар?
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің ұжымдық бау-бақшаына бөлінген жер телімдерінде, жылытатын террастың (веранданың) және мансарданың көлемін есептемегенде құрылыс көлемі 50 шаршы метрге дейін бау-бақша үйлерін, сондай-ақ үй құстары мен қоянын асырау, шаруашылық құрал-саймандары мен басқа да керек-жарақтарды сақтау үшін шаруашылық құрылыстарын (жеке тұрған немесе жапсырылып салынған) салып алуға құқылы. Учаскеде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін жылылылар мен басқа топырақ жылытатын құрылыстар салуға болады. Үйдің немесе шаруашылық, құрылысының астына жертөле орналастыруға рұқсат етіледі. Қора-қопсы салу жөніндегі бұрынғы шектеулердің бәрі жойылады.
Бау-бақша телімдерінде 20 басқа дейін құсты вольерде, көжектерімен 5-ке дейін қоянды, балаларымен 5-ке де¬йін нутрийді торларда, 5-ке дейін бал арасы отбасысын, малдәрігерлік-санитарлық ережелерді міндетті түрде сақтай отырып және көрші бау-бақша телімдерінің қалыпты дамуына нұқсан келтірмей ұстай алады.
Жаздық бау-бақша үйлерін салу қалай жүзеге асырылады?
Жаздық бау-бақша үйлерін және басқа құрылыстарды салу үлгі жобалар бойынша ұжымдық бау-бақша тсрриториясын салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Жаздық бау-бақша үйлері тұрақты тұруға арналмайды және тұрғын үй қорына енгізілмейді.
Жаздык бау-бақша үйлерін көзделген тәртіптерден ауытқып салудың салдары қандай?
Жобасыз немесе көзделген тиісті жобадан ауытқып, бау-бақша телiмiнде жаздық бау-бақша үйлерін және басқа құрылыстар салғаны үшін, заңсыз сатып алынған құрылыс материалдарын, жұмысшы құшін пайдаланғаны, жерді өз бетінше иемденгені үшін, сондай-ақ бөлінгсн жср учаскссін ауыл шаруашылық өнімін өндіруге қатарынан скі жыл бойы игермегені үшін азаматтар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің шешімі бойынша немесе егер бау-бақша өсіру ссріктігі халық депутаттары аудандық, қалалық Совсті атқару комитетiнің қарамағында болса, соның ШСШІМІ бойынша бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелігінен шығарылады.
Жаздық бау-бақша үйлерінің бағалары қалай анықталады?
Азаматтар бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшелігінен шыққан (шығарып жібсрілген) ретте бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшесіне бөлінген учаскіде тұрғызылған жаздық бау-бақша үйінің және басқа құрылыстардың құны, СССР Ми-нистрлер Кеңесінің 1981 жылғы 2 қазандағы қаулысында (СП, СССР, 1981. 169-бап); Қазақ ССР Министрлер Кеңеснің 1981 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысында (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., 7-бап) көзделген тәртіпке сай бскітілген бағалау нормалары бойынша осы құрылыстардың тозуы есепке алына отырып анықталады.
Аталған құрылыстардың құнын бағалау комиссиялары анықтайды, олардың құрамында бау-бақша өсіру серіктестігі ұйымдастырған кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің өкілдері, бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының мүшесі және осы серіктестіктің шығып кеткен (шығарып жіберілген) мүшесі болады. Қәсіпорын, мскеме әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің ұйғаруымен немесе бау-бақша өсіру серіктестігінің шығып кеткен (шығарып жіберілген) мүшесінің өтініші бойынша комиссияның құрамына басқа ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
Бау-бақша өсіру серіктестігі халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитетінің қарамағында болған ретте, бағалау комиссиясын халық депутаттары атқару комитеттерінің мүшесі, бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының мушесі және бау-бақша өсіру серіктестігінің шығып кеткен (шығарып жіберілгсн) мүшесі, сондай-ақ атқару комитстінің қалауы бойынша немесе бау-бақша өсіру серіктестігінің шығып кеткен (шығарып жіберілген) мүшесінің өтініші бойынша басқа ұйымдардың өкілдері бағалау комиссиясы құрамына енеді.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшелеріне қарыз қалай беріледі?
СССР Мсмлекеттік банкісі бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшелеріне жаздық бау-бақша үйлерін сатып алуға немесе салуғa және бау-бақша телiмiн көркейтуге арнап беретін қарыздарды шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне, осы кәсіпорындар мен ұйымдар береді, ал бюджеттік ұйымдардың, жұмысшылары мен қызметшілерін тікелей өздерінің қарыз аламын деген өтінішіне карай алған міндеттемесіне сай, жұмыс жасайтын мекемелері арқылы беріледі.
Қолданылып жүрген заңдар бойынша жұмысшылар мен қызметшілерге – бау-бақша өсіретін серіктестіктердің мүшелеріне шағын бау үйлерін сатып алуына немесе салуына және бау-бақша учаскелерін көркейтуіне арнап, 5 мын, сомға дейін мөлшсрде қарыз беріледі. Бұл қарыз алғаннан кейін үшінші жылдан бастап 10 жыл ішінде өтеледі.
Берілген қарыз қандай жағдайларда мерзімінен бұрын өндіріледі?
Егер бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшесі жаздық бау-бақша үйін және басқа құрылыстарын тиісінше келісілген жобасынан немесе көзделген нормадан ауытқып тұрғызса не тұрғызып жатса, СССР Мемлекеттік банкісі берген қарызын мерзімінен бұрын өндіріп алуы мүмкін.
Азаматтарға құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын сату тәртібі қандай?
СССР Министрлер Кеңесінің «Халыққа сатылатын құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіруді одан әрі ұлғайту туралы» 1985 жылғы 20 маусымдағы қаулысы бойынша халыққа сатуға беріліп тұратын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдары мәдени-тұрмыстық және шаруашылық мақсаттағы тоуарлар категориясына жатқызылады.
Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің аткару комитеттері жергілікті жағдайларға қарай құрылыс материалдарын, бүйымдары мен құрылымдарын сатып алушыларға, сауда кәсіпорындарының базалары мен қоймаларынан және жасап шығарушы кәсіпорындардан да жеткізіп беру үшін (осы Кеңестердің аумағында орналасқан) сауда орындарының өтініші бойынша оларды транспорт құралдарымен қамтамасыз етіп отыруы қажет. Құрылыс материалдары жеткізіп бсру үшін жалпы пайдаланудағы көліктер, сондай-ақ колхоздардың (олардың келісуі бойынша), совхоздардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың көліктері қатыстырылады.
Серіктестікті дамытуда ұйымдар мен кәсіпорындардың міндеттері қандай?
Колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылыкқ кәсіпорындары бау-бақша өсіретін серіктестіктерге органикалық тыңайтқыштар (корда, көң), ал СССР Мем-лекеттік аграрлық-өнеркәсіп комитеті «Сельхозхимия» бірлестігінің кәсіпорындары мен ұйымдары – шымтезек пен әк материалдарын сатуға, осы серіктестіктердің басқармаларымен шарт жасауға міндетті. Министрліктер мен ведомстволар, кәсіпорындар мен ұйымдар серіктестіктермен жасалған шарттар бойынша мелиоративтік құрылыс, жол жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ бау-бақша телімдерін электрлендіру және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды орындауды жоспарлап отыруы керек.
Серіктестіктің қызметі қалай тоқталады?
Бау-бақша өсіру серіктестігін оның барлық мүшелерінің жалпы жиналысының (коиференциясының), оны құрған кәсіпорынның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің шешімімен, сондай-ақ олар қарайтын халық депутаттарының тиісті қалалық (аудандық) Кеңесі атқару комитетінің, кәсіптік одақтары облыстық Кеңесімен келісілген шешімі бойынша жоюға болады.
Колхоз базарында сататын ауыл шаруашылық өнімдеріне шекті бағалар қоюға бола ма?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша, колхозшылар мен басқа да азаматтардың колхоз базарында сататын ауыл шаруашылық өнімдеріне шекті бағалар қоюға болмайды. Облыстық және Алматы қалалық атқару комитеттері бұл заңдарды бұзуға жол бермеуі тиіс.
Азаматтарға ауыл шаруашылық өнімдерін колхоз базарында тиімді етіп сату үшін қандай жәрдемдер көрсетіледі?
Азаматтардың ауыл шаруашылық өнімдерін колхоз базарында тиімді жағдайда сатуы үшін халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, Қазақ ССР Сауда министрлігі, Қазақ ССР Мемлекеттік агро-өнеркәсіп комитеті, Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ ССР Тұтыну қоғамдары одағы толық жағдай жасап, колхоз базары жұмысын ұйымдастыруды жақсарту мен жетілдіруге, олардың қызметіндегі кемшіліктерді жоюға, қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етуді жақсартуға шаралар алады.
Колхозшылар мен халықтың колхоз базарына ауыл шаруашылық өнімдерін үнемі жеткізіп тұруға, сауданы ұйымдастыруға белсене қатысуға колхоздар мен базар басшылары арасында шарт жасалып, бірқатар шаралар жүзеге асырылады;
Колхозшылар мен басқа да азаматтарды қатыстыра отырып, колхоздар өз базарларында мереке алдындағы және маусымдық базарлар мен жәрмеңкелер өткізеді. Шаруашылықтар мен базар басшылары осы мақсатқа жергілікті баспасезді, радионы, телевизияны және жарнаманың басқа түрлерін пайдаланады. Жәрмеңкелер мен базарларға ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуде, колхоздар, халыққа қажетті көмек көрсетіп отырады.
Колхоз базарында сауда тәртібінің қатаң сакталуына бақылауды құшейтіп, бұл жұмысқа базарды басқару кеңестері мен басқа да қоғамдық үйымдарды қатыстырады, сондай-ақ базарда сатылатын ауыл шаруашылык өнімдерінің сапасып және санитарлык режимінің сақталуын қадағалауды күшейтеді, бұл істе базардағы ет-сүт пен тамақ бақылау станциялары басшыларының жауапкершілігі арттырылады.
Қазақ ССР Автомобиль транспорты министрлігі, облыстық және қалалық атқару комитеттері колхоз базарына ауыл шаруашылық өнімдерін тасып жеткізу үшін, колхозшыларға, совхоздардың жұмысшылары мен қыз-метшілеріне және басқа азаматтарға бекітілген тарифтер бойынша ақысын төлеттіріп, автомобиль береді, осы мақсатпен өнімдерді тасымалдау үшін халықтан тапсырыс қабылдайтын бекеттер ұйымдастырады.
Колхоз базарларында азаматтардың өсімдіктен жасалған өнімдерін сатуына бола ма?
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қолданылып жүрген қаулысы бойынша колхоз базарларында азаматтардың өсімдіктен және басқалардан дәрі-дәрмек ретінде жасаған, сондай-ақ үйде консервіленген өнімдерді сатуына барлық жерде тыйым салынған. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жолмен жауапқа тартылады.
Ауылдық жерлердегі мәдениет қызметкерлерінің өзіндік меншігін арттыруда қандай жеңілдіктер бар?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша СССР Мемлекеттік банкісі, жоғары не арнаулы орта оқу орындарын бітіріп, ауылдық жерлерден мәдениет және кино жүйесі мекемелеріне жұмысқа тағайындалған жас мамандарға шаруашылығын құрау үшін 5 жыл мерзімге 1000 сомға дейін мөлшерде қарыз беруі тиіс. Ол қарыз алынғаннан кейін, үш жылдан өткесін кері өтеле бастайды.
Ауылдық жерлердегі зейнетке шыққан мәдени-ағарту қызметкерлері мен киномеханиктерге және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерше, егер бүл қызметкерлердің ауылдық жерлердегі жалпы жұмыс өтілі 10 жылдан кем болмаса, жылумен және жарықпен жабдықталған пәтерде тегін тура беру құқығы сақталады.
Жоғары немесе арнаулы орта білімі бар және мамандығы бойынша колхоздардың мәдениет мекемелерінде жұмыс істеп жүрген колхозға мүше мамандарға, СССР Министрлер Кеңесінің «Колхоздардың төрағадерін, мамандары мен механизаторларын мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру туралы» 1964 жылғы 20 маусымдағы каулысында (СП СССР 1964 ж. 89-б., 1972 ж. 87-б.) мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету көзделген, сонымен бірге жәрдем ақша төлеу және мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруды жаксарту шаралары алынады.
Колхоздағы көркемөнерпаздар ұжымдарының басшыларына еңбек-ақыны КПСС Орталық Комитетінің СССР Министрлер Кеңесі мен ВЦСПС-тің 1976 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысына сәйкес төлеп, сондай-ақ жекелеген реттерде ауылда белсенді мәдени-бұқаралық жұмыс жүргізгені үшін клуб кызметкерлері мен киномеханиктерге олардың еңбек ақысының 30 процентіне дейінгі мөлшерде қосымша ақы тағайындайды.
Халықтың мемлекетке сататын мал шаруашылығы өнімдерінің сатып алу бағалары мен құрама жемнің бөлшек сауда бағалары қандай?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша, халық мемлекетке сататын сүт және сүт өнімдерінің, мүйізді ірі қараның, шошқаның, қойдың, ешкі мен жылкының сатып алу бағалары, совхоздар және колхоздардың мемлекетке сататын бағаларымен теңдес. Халыққа сатылатын құрама жемнің бірыңғай бөлшек сауда бағалары бидайды сату бағаларынан асырылмауы кереқ Колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін бекітілген сатып алу бағалары халықтың мемлекетке сататын сиыр сүтіне, кілегей мен қымыз, шұбат, сиыр, бие және түйеге, барлық түлікке түгел қолданылады.
Азаматтардың өз меншігіндегі малы үшін құрама жем сатудың нормалары мен тәртібі қалай?
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1978 жылғы 10 мамырдағы қаулысы бойынша мемлекетке тапсырылатын мал шаруашылығы өнімі үшін құрама жем сатудың нормасы мынадай есеппен белгіленген:
1 килограмм сүт үшін 0,3 килограмм құрама жем және тірідей салмақпен 1 килограмм ет үшін 0,8 килограмм құрама жем сатылады. Облыстық Кеңес атқару комитеттері мал шаруашылығы өнімін мемлекетке сатудың нақты жоспарланған немесе шарттарда көрсетілген көлемдерін есепке алып, құрама жемді өнім тапсырғандарға сатады. Тұтыну кооперациясынын бөлшек сауда жүйесі аркылы өткізуді қамтамасыз етіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |