Бөлімге сұрақтар:
ЖКААЖ деген не?
ЖКААЖ орталықтарын қандай деңгейлерде ұйымдастыру керек?
Жер кадастыры бойынша қандай жұмыстар түрлері автоматтандырылған?
Ақпарат мәліметтер банкі деген не?
ЖКААЖ орталықтарына компьютерлік және коммуника-циялық жабдықтардың қандай түрлері кіреді?
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ҚОРЫ
4.1 Жер қорының санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
Қазақстан мемлекеттік жер кадастрының мәні көбінесе оның объектсіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың мақсаты мен міндет атқаруы және шаруашылық пайдалануына қарамастан, бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігуіне нақты себепші болды.
Экономикалық көзқараспен алғанда, еліміздің барлық жерін біріктірудің болуымен алғы шарты маңызды. Халық шаруашылығының тұтастығы, ол осы негізде, жерге мемлекеттік меншікті өзі жүзеге асырады. Мемлекет бұл меншікті мемлекеттік жер кадастры жүйесі арқылы есепке алады және бағалайды. Жер қорының бірлік принципі басты заң - Конституция негізінде өзінің көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген.
Мемлекеттік кадастрында, есептелінетін объектіге сандық және сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер қорының және оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.
Есептелетін объектінің түрлі негіздері бойынша топтарға бөлінуі әдетте классификациялау /топтастыру/ деп аталады. Қазақстанның жер қоры жер кадастрында ең алдымен жалпы аудандары және кеңістік жағдайы бойынша есептелінеді. Бірыңғай жер қорының мемлекет меншігі объектісі және шаруашылық объектісі ретінде міндет атқаруы ерекшеліктерінен келіп шығып, ол келесі негізгі жайларда:мақсатты міндет атқаруы, шаруашылық пайдалануы, сапалық жағдайы, әкімшілік-аумақтық бөлінуі, меншік түрлері бойынша есептелінеді.
Егер, қоғамдық өндірісте жердің міндет атқаруынан өзгешеліктер шығатын болса, онда жер қоры жердің екі айырмашылық топтары негізінде бөлінуі мүмкін:
1/ негізінен, өндірістің басты құралы ретінде пайдаланылатын жерлер;
2/ негізінен, кеңістік базис түрінде пайдаланылатын жерлер.
Бірінші топқа ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлері жатады, ал екінші топқа қалған барлық жерлер түрлері кіреді. Бұндай бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым біржақты, ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көп қырлы.
Практикалық мәселелерді шешу үшін және жер қорын құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер жеткіліксіз. Сондықтнан жер қорының сипаттамасы кадастр объектісі ретінде, көбірек толық болуы және оның халық шаруашылығының бөлек салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын ескеріп отырып, бәрінен бұрын жерлер сипаттарға /категорияға/ бөлінеді.
Республиканың мемлекеттік органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, оны пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалау тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық /қалалық/, мемлекеттік органдар, өз кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдалануы мен олардың жерге орналастыруына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде, мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының аймақтары және облыстары бойынша жер қорының жағдайы, бөлінуі екінші, үшінші кестелерде келтірілген.
1-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданына Қарағанды-42798,2 мың га, Ақтөбе-30062,9 мың га және Шығыс Қазақстан – 28322,6 мың га облыстары ие.
Республикамызда 169 әкімшілік аудан бар, қалалар мен поселкелер саны - 304, ал ауылдық елді мекендері саны – 7164. Бұл көрсеткіштер республиканың жер қорының мөлшері үлкен және әкімшілік бөліну объектілерінің санының көп екендігін көрсетеді, мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмыстар да көп болуы тиісті. Бұндай үлкен көлемді кадастрлық жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі республикалық Агенттігі, 14 облыстық, 169
1-кесте - Қазақстан Республикасының территориясы,
аудандар мен елді мекендер саны /01.01.2004 ж./
|
Облыстар атауы
|
Аумағы
мың.га
|
Аудандар
|
Қалалар
мен пос.
|
Елді
Мекендер
Саны
|
1
|
Ақмола
|
14621,9
|
14
|
19
|
502
|
2
|
Ақтөбе
|
30062,9
|
12
|
10
|
431
|
3
|
Алматы
|
22396,3
|
16
|
27
|
728
|
4
|
Атырау
|
11863,1
|
7
|
16
|
129
|
5
|
Шығыс Қазақстан
|
28322,6
|
15
|
54
|
121
|
6
|
Жамбыл
|
14426,4
|
10
|
16
|
367
|
7
|
Батыс Қазақстан
|
15133,9
|
12
|
6
|
528
|
8
|
Қарағанды
|
42798,2
|
10
|
54
|
389
|
9
|
Қызылорда
|
22601,9
|
7
|
18
|
201
|
10
|
Қостанай
|
19601,1
|
16
|
20
|
733
|
11
|
Маңғыстау
|
16564,2
|
4
|
10
|
24
|
12
|
Павлодар
|
12475,5
|
10
|
15
|
506
|
13
|
Солтүс. Қазақстан
|
9799,3
|
16
|
16
|
967
|
14
|
Оңтүст. Қазақстан
|
11724,9
|
12
|
20
|
838
|
15
|
Алматы қ.
|
28,0
|
6
|
1
|
-
|
16
|
Астана қ.
|
71,0
|
2
|
1
|
-
|
аудандық және біршама қалалық комитеттер барлық деңгейдегі әкімшіліктер мен ведомстволары, жерге орналастыру органдары және басқа да мамандандырылған кәспорындар орындауы керек.
2-кесте - Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры /мың га/ 01.01.2004 ж.
|
Аймақтар
|
Барлық
Жерлер
|
А/ш алқаптар
|
Соның ішінде
егістік
|
1
|
Орманды дала
|
758.2
|
506,2
|
262,5
|
2
|
Далалық
|
26448.0
|
23514,7
|
12051,8
|
3
|
Құрғақ далалық
|
62386.8
|
55617,1
|
10768,0
|
4
|
Шөлейт
|
37258.8
|
33858,7
|
205,7
|
5
|
Шөл
|
112152.3
|
83473,9
|
184,5
|
6
|
Тауалды – шөлді
|
12286,8
|
10241,8
|
1745,0
|
7
|
Субтропикалық шөл
|
4376,7
|
3800,7
|
51,8
|
8
|
Субтропикалық-тауалды шөлейт
|
3509,9
|
3053,5
|
666,0
|
9
|
Орта азия таулы облысы
|
10138,6
|
7064,4
|
435,2
|
10
|
Оңтүстік сібір таулы облысы
|
3174,3
|
1433,1
|
240,0
|
11
|
Республика бойынша барлығы
|
272490,2
|
222568,7
|
26610,7
|
Қазақстан Республикасының территориясы табиғи-климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген /2-кесте/. Республика жерінің ең үлкен ауданы құрғақ далалы – 62386,8 мың га, шөлейт – 37258,8 мың га, далалық - 26448,0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448,0 мың га және далалық - 10768,0 мың га аймақтары орталығында орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада – 26610,7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568,7 мың га құрайды.
Қазақстан Республикасы жер қоры бірыңғай толық болып тұрса да, бөлек құрам бөліктерінің нысаналы қолданылу мақсаттарына байланысты ол негізгі жер санаттарына бөлінеді.
Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
Елді мекендердің /қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің/ жерлері;
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шарушылық емес мақсаттағы жерлер;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
Мемлекеттік орман қорының жерлері;
Мемлекеттік су қорының жерлері;
Мемлекеттік запастағы жер.
Бұл санаттар бойынша бөлінулер "Жер туралы" Жарлықта бекітілген. Санаттар бойынша жерлердің бөлінуі 4-кестеде келтірілген.
Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашыллық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ұйымдарында, мекемелерінде, олардың а/ш даму жоспарына сәйкес, базарларды а/ш өнімдерімен және өндірісті шикі затпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекендердің жерлеріне - қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категорядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен құрылыстар және т.б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.
Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі – бұл қала жерінің сыртқы шекарасы, оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Қала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т.б жерлер кіреді.
Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлеріне қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс
/темір жол, әуежай, автомобиль, су, құбыртасымалы/ кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері - ұттық парктер, қорықтар, заказниктер және т.б. жатады.
Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі бір тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.
Бесінші – мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай-ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтыншы – мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары /өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар/ мұздықтар, батпақтар, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай-ақ, су қорғау өңіріне, су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер жатады.
Жетінші – мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.
Жер қоры жердің негізгі, яғни 34,4 % немесе 93077 мың га иеленіп жатқан ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер санаты болып табылады /3-кесте/.
3-кесте - Қазақстан Республикасы жер қорының санаттар бойынша құрылысы және бөлінуі /01.01.2004ж./
|
Жер санаттары
|
Ауданы, көлемі, мың га
|
Жиынына %
есебінде
|
1
|
А/ш мақсатындағы жерлері
|
93077,1
|
34,4
|
2
|
Елді мекендер жерлері
|
20201,7
|
7,5
|
3
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа мақсаттағы жерлер
|
11131,4
|
4,1
|
4
|
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері
|
1247,1
|
0,5
|
5
|
Орман қоры жерлері
|
22222,8
|
8,3
|
6
|
Су қоры жерлері
|
3568,3
|
1,3
|
7
|
Босалқы жерлер
|
118696,4
|
43,9
|
8
|
Жер жиыны
|
270144,8
|
100
|
Республикамызда жер реформаларын жүргізу нәтижесінде жер құрылысында санаттар мен жер пайдаланушылар бойынша айтарлықтай өзгерістер болды. Сонымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер үлесінің төмендеуі, олардың құрамындағы құнарсыз жыртылған жер, жаңа шаруашылық қалыптастыратын жер учаскелері құрамына кірмейтін және пайдаланбайтын учаскелердің аумақтары босалқы жерлер санатына қосылды. Ал ауылдық елді мекендердің жерлері /20201,7 мың га/, орман қоры жерлері - /22222,8 мың га/ және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар - /1247,1 мың га/, босалқы жерлер - /118696,4 мың га/ санаттарының аумақтары 1990-2000 жылдары өсті.
Республикамызда қалалардың, поселкелердің және басқа да елді мекен тұрғындарына 230,5 мың га ауыл шаруашылық жерлері меншігіне берілді, оларға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, 100,2 мың га - бақшаларға, ал саяжай ұстау үшін 85,0 мың га жер берілді.
4-кесте - Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық, бақ шарушылығы және бақшалық жүргізу үшін берілген жерлер /мың га/
Облыстар, қалалар
|
Жеке қосалқы шар-ық
|
Бау шаруашы-лығы
|
Бақша-шылық
|
Ақмола
|
10,2
|
6,7
|
4,1
|
Ақтөбе
|
6,2
|
4,2
|
3,1
|
Алматы
|
36,3
|
12,1
|
12,1
|
Атырау
|
1,8
|
1,6
|
1,2
|
Шығыс Қазақстан
|
26,7
|
15,8
|
12,9
|
Жамбыл
|
28,1
|
2,4
|
0,4
|
Батыс Қазақстан
|
6,4
|
5,3
|
5,0
|
Қарағанды
|
11,1
|
14,1
|
14,2
|
Қызылорда
|
6,4
|
3,0
|
15,1
|
Қостанай
|
16,6
|
12,1
|
5,3
|
Маңғыстау
|
0,5
|
0,9
|
0,1
|
Павлодар
|
11,1
|
8,9
|
5,7
|
Солтүстік Қазақстан
|
25,8
|
7,6
|
5,5
|
Оңтүстік Қазақстан
|
40,3
|
4,9
|
0,3
|
Алматы қ.
|
3,0
|
0,6
|
-
|
Барлығы:
|
230,5
|
100,2
|
85,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |