Бөлімге сұрақтар:
Ауыл шаруашылық алқаптары дегеніміз не?
Тыңайтылған жерлердің түрлері.
Көп жылдық екпе ағаштарының түрлері.
Шабындықтар мен жайылымдар түрлері.
Орман алқаптарына не жатады?
Суландырылатын жайылым дегеніміз не?
Қандай жерлер суармалы деп аталады?
Құрғатылатын жерлер дегеніміз не?
Су асты жерлеріне нелер жатады?
Жалпы пайдаланымдағы жерлер.
3-ТАРАУ - ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ТІРКЕУ, ЖЕРЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
3.1. Жер учаскелерін тіркеу мен жерледі есепке алу, есеп беруді құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру
Республика аймақтарының климаттық, топырақтық және экономикалық жағдайлары мен оларда жерлерді пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан облыстар мен республикада жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті - ауыл шаруашылық өндірістің табиғи–экономикалық аймақтар және әкімшілік аудандар бойынша жағдайларын даму ерекшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Облыста және республикада жер кадастрінің объектісі сол әкімшілік–аумақтық бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып табылады. Мұнда кадастрдің ең негізді әдісі ретінде жер кадастрлік құжатты жүргізуге, сол аумақтардың әр түрлі түсірулеріне, ізденіс-зерттеулердің мағлұматтарына, құжаттарына, жерге орналастыру, мелиорация және басқа жобаларының мағлұматтарына сүйенген құжаттық әдіс қолданады.
Республика, облыстардың жер ресурстарын басқаруда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қолдану ауыл шаруашылығында топырақ құнарлығын жоғарылату және пайдалану тиімділігін көтерумен қатар, жер қорын санаттар арасында қайта үлестіруде құнды жерлердің сақталуын және экономикалық қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан кәзіргі кезде жерлерді тіркеудің ролі және мәні өсіп отыр.
Жер учаскелерін тіркеу-кадастрлік іс-әрекет ретінде жер кадастрының барлық құқықтық бөлік негізі деп санаймыз. Оның үстіне нарықтық қатынастарға көшу, Қазақстанда жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік еңгізумен байланысты мемлекеттік жерлермен қатар жерге жеке меншіктің құқықтық қорғалуының қажеттілігі туындап отыр.
Бұл жағдай жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің ролін және мәнін одан сайын күшейтеді.
Тіркеуді мемлекеттік жазу деп қарау керек. Оның негізінде заңды түрде жерді пайдаланушылар және нақты жер учаскелерін жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рәсімделеді. Бұл жазу жерді пайдалану, иелену және билік ету заңдылығын дәлелдеуде заңдық, құқықтық сипатта болады. Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу әр түрлі бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың тұрақтылығын және нысаналық орналуына сәйкес дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіркеуде есептік–тіркеу бірлігі болып жер учаскесі алынады. Бұл жер учаскесі түсінігі ерекшеліктерінен шығады. Жер учаскесі бір уақытта пайдалану және меншіктеу құқығының объектісі әрі учаскеге құқық субъектінің шаруашылық немесе басқа іс-әрекет объектісі болып келеді. Жаңадан құрылған жер учаскесін тіркеу негізі оны бір белгілі мақсаттарда берілу туралы құзыретті мемлекеттік органның шешімі және жерді үйлестіру жобаны орындау мен жер учаскесінің шекарасын жергілікті жерде бекіту туралы құжат болып келеді.
Жерді пайдалану немесе меншіктеу құқығына рәсімдеген акт және учаскенің құрастырылған жер кадастрлік ісінің құжаттары негізінде жазу жүргізіледі.
Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің міндеті жерлердің құқықтық жайлары туралы мәліметтері жүйеленген және көрнекі түрде жинау мен сақтаудан тұрады. Сондықтан жер учаскесі туралы барлық негізгі ақпарат компьютердегі магниттік сақтауға түсіріледі. Сөйтіп, әр жер учаскесі бойынша ақпарат қолда болғандықтан ауданның, қаланың, облыстың, республиканың барлық жерлері бойынша толық ақпаратты біліп отырамыз. Мұнда сақтаушыларға жер учаскелерінің тек қана құқықтық жайы туралы ақпарат түсірілмейді. Сонымен қатар оларға жер кадастрлік іс құжаттарындағы қалған барлық ақпарат /учаскеге құқық субъектісі, орны, нысаналы арналуы, бөлінуі, сервитуттар, ауыртпалықтар, алқаптардың аудандары және құрамы, олардың сапалық сипаттамасы, бонитет баллы, учаскенің құны және т.б. мәліметтер/ түсіріледі.
Былай айтқанда, бір уақытта жерлерді негізгі және күнделікті есепке алу үшін ақпаратты түсіру мен баланс, есеп беруді құрастыру процесі жүріп жатады.
Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілермен бекіту, учаске шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын анықтау және жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік актін беруге мүмкіндік жасайды. Жерді уақытша пайдалану жалға беру шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді пайдаланудың заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рәсімделеді.
Жер учаскесінің мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайдаланушы немесе меншік иесі аттары, орны, оны беру негізі, ауданы, нысанасы, орналасуы көрсетіледі. Пайдаланатын жерлердің құқықтық жайларында болған өзгерістер /учаскені сату, айырбастау, бөлу, ауданын, шекараларын өзгерту және т.б./ мемлекеттік тіркеу құжаттарында және жерлерді күнделікті есепке алуда көрсетілуі керек. Тіркеу ауданның /қаланың/ жер кадастрлік кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер учаскелері тіркелуі керек.
Учаскенің кадастрлік нөмірі, учаскеге құқықты субъектінің аты, оның орны, атқарушы оргадардың актлері, орны, мөлшерлері, учаскенің және жерді пайдалану құқығының базалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитуттар және атқарушы органдар белгілеген жерлерді пайдалану бойынша шектеулер туралы ақпарат /жер кадастрлік іс, магниттік сақтауыштардағы ақпарат/ жазылып, сақталатын тиісті әкімшілік аудандар /қалалар/ деңгейінде мәліметтер жинақталады. Осы көрсетілген мәліметтер меншік түрлері және жерлер санаттары бойынша жүйелендіріледі.
Жер кадастры базалық құжаттарына:
жер учаскеснің жер-кадастрлік ісі;
тиісті әкімшілік–аумақ бірлігінің мемлекеттік жер кадастрлік кітабы;
жер – кадастрлік картасы жатады.
Кәзіргі уақытта осы құжаттардағы /қағаз сақтауыштардағы/ барлық кадастр ақпараты компьютерге түсіріліп, магниттік сақтауыштарда сақталады. Мұндайда текстік ақпаратпен қатар учаскелердің жоспарларын және электрондық карталарды өңдеуге, сақтауға беруге мүмкіндек пайда болады. Сонымен республикамызда жер кадастрының негізгі операцияларын және жұмыстарын жүргізу компьютерлік технология негізінде орындалады, сөйтіп ЖК ААЖ қалыптастыруға жақсы мүмкіндік береді.
Жерді есепке алу дегеніміз – жер ресурстарының мөлшері, орналасуы, шаруашылық пайдалануы және жай-күйі туралы мәліметтері жинау, жүйелендіру, талдау бойынша мемлекеттік шаралар. Есепке алудың ең басты міндеті жер қорын алқаптар құрамы, пайдалану туралы, мерзімділігі және аудандар, қалалар, басқа әкімшілік–аумақ бірліктері бойынша сипаттама беру болып табылады.
Мемлекеттік жерді есепке алу сапалы жоспарлы-картографиялық материалдар негізінде жер алқаптарының нақтылы жай–күйі бойынша жүргізіліп, суарылатын жерлерді есепке алуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда ауыл шаруашылық арналуындағы және елді мекендер жерлері мұқият есепке алынады.
Жер кадастры жүйесінде жерлердің сапасын есепке алуда топырақтармен қатар жерлерді де топтастыру жұмысы қарастырылады. Жер қорын топтастырғанда жерлер деп ауыл және орман шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде, жерлердің арналуын, қолданылуын және оларды қорғау, жақсарту бойынша шараларды себептеуші өзгеше табиғи–шаруашылық саласы бар құрлықтың ең белсенді сыртқы бөлігінің генетикалық учаскелерін айтады.
Жерге күрделі табиғи–шаруашылық кешен ретінде түсінік бергенде топырақты оның ең негізігі құрамдық бөлігі деп қарайды. Жерлерді топтастыру негізіне олардың жай-күйі және оған сәйкес оларды ауыл шаруашылығында пайдаланылу өндірістік мүмкіндіктері алынады.
Қазақстан Республикасының жер қорын топтастырудағы негізгі таксономиялық бірлігі ретінде еңгізуін жер қорын табиғи–ауыл шаруашылық аудандастыруда бөлінетін жерлердің аймақтық түлері және жарамдық санаттары, жер кластары, әр аймақтық түр шегінде, жерлердің класс сипаты түрлері немесе топырақтар топтары ретінде көрсетіледі.
Жерлердің аймақтық түрлері табиғи–ауыл шаруашылық аймақтар шекараларымен аумақтық беттесіп, табиғи ортаның аймақтық жағдайларын және егіншілік, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы үшін жерлерді пайдаланудың жалпы бағытын көрсетеді. Жер қорын топтастыруда жарамдылығы бойынша жерлер келесі санаттарға бөлінеді:
Жыртылуға жарайтын;
Негізінде шабындыққа жарайтын;
Жайылымды;
Түбегейлі жақсартудан соң ауыл шаруашылық алқаптарына жарайтын;
Ауыл шаруашылық алқаптарға аз жарамды;
Ауыл шаруашылық алқаптарға жарамайтын;
Бұзылған.
Жерлерді белгілі жарамдық санатына, класына, түріне
жатқызу сол немесе басқа алқаптар құрамында оларды пайдалану мүмкіндігінің сипатына, ерекшелігіне кәдімгідей әсерін тигізетін нышандары және қасиеттері арқылы жүргізіледі. Жер алқаптарының саласын және мөлшерін есепке алу жер түрлері шегінде топырақтардың механикалық құрамы, тастану, сортаңдану, батпақтану, бүліну, тұздану дәрежесі, қара шірік мөлшері, жер бедері және т.б. бойынша жүргізіледі.
Жерлердің сапасын есепке алу материлдары алқаптардың трансформациялану, топырақтарды ластанудан, бүлінуден қорғау, жақсарту және рекультивация жолымен жаңа жерлерді игеру резервтерін анықтау, аумақтарды аудандастыру, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесін зерттеу, жер қорларын пайдалануды болжау, жерлерді бонитировкалау және экономикалық бағалау жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу үшін сипаттама мен қажетті ақпаратты береді.
Мемлекетік жер–кадастрлік кітабы 4 тараудан тұрады:
бірінші тарауда кадастрлік нөмірі, құқықтық субъект аттары, атқарушы органдардың актлері, құқықтық субъектнің, учаскенің, арналу нысаналарының орындары, бөлінуі, пайдалануы бойынша сервитуттар және шектеу-
лер көрсетілген барлық жер учаскелері есепке алынады;
екінше тарауда алқаптар түрлері бойынша және бөлек суарылатын жерлердің аудандары есепке алнады;
үшінше тарауда жерлердің кластары мен олардың құнарлығына әсер ететін нышандар, жайылым және шабындақтардың мәдени-техникалық жай-күйі бойынша алқаптардың сапасы есепке алынады;
төртінші тарауда жер учаскесінің және жерді пайдалану құқығының базалық құн көрсеткіштері келтірілген.
Мемлекеттік жер-кадастрлік кітабын жүргізу Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің аумақтық органдарына жүктелген.
Бірінші тарау бойынша жер учаскелерін есепке алу – екі кестені толтырудан тұрады: А-меншік иелерінің және азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері; Б-азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері.
Екінші тарау алқаптары бойынша жерлердің мөлшерін есепке алу үш кестеден тұрады:
А – азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі және пайдалануындағы жерлердің барлығы;
Б - азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердің барлығы;
В – суармалы жерлер.
Төртінші тарау үш кестеден тұрады:
А - Өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және сая-жай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жазылады;
Б – шаруа /фермерлік/ шаруашылықтар, ауыл шаруашылық кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тәжірибелік станциялар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар жазылады;
В - қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп, көлік және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлер жазылады.
Кадастрды автоматтандыру жоғарыда көрсетілген кестелерді толтыру, ақпаратты компьютерге еңгізу жолымен жүргізіліп, жерлерді негізгі және күнделікті есепке алуды, магниттік сақтауыштарда ақпаратты сақтауды, онымен жұмыс істеуді /топтау, деңгейлер, аудан, қала, облыс бойынша жиналу әдісімен қосу/, есеп беру мәліметтерін алуды, керек кезде оларды түзеуді, ақпаратты беруді, учаскенің, кварталдардың, аумақтардың, аудандардың электрондық карталарын қоса, мүмкін етеді.
Кадастрлік мәліметтерді дәлдеу және жаңарту мақсатында:
жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пйдаланушылар, әкімшілік–аумақ бірліктері әкімінің өкілетті тұлғалары және органдары жылда аудандық агенттікке белгіленген рәсімде жерлер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы есеп беру жылынан кейінгі жылдың бірінші каңтарындағы күйі бойынша есеп береді;
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі Қазақстан Рсепубликасы аудандары, қалалары, облыстары бойынша жерлердің бар болуы, сапалық жай-күйі және пайдалану туралы есеп беру жылдан келесі жылдың бірінші қаңтарындағы күй бойынша есеп құрастырады;
жылдық есеп беруде ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы және көлемдеріндегі өзгерістері /жеке суармалы және құрғатылатын/, оларды санаттар меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру, сондай-ақ мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін сату, тиімсіз пайдаланатын жерлерді қайта алу, мемлекеттік ауыл шаруашылық емес қажеттіліктер үшін бөлінген жерлер туралы мәліметтер келтіріледі;
бес жылда бір рет құрастырылатын есепте берілген жерлер үшін, төлем алу үшін қажетті мәліметтер, санаттар, алқаптар, меншік иелері, жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестіру, алқаптардың аудандарында болып жатқан өзгерістер, жерлердің сапалық жай-күйі оларды кадастрлық бағалау, аумақтың игерілуі туралы мәліметтер келтіріледі.
Аудан /қала/ бойынша есепті агенттік мамандары компьютерде құрады. Барлық керек ақпарат, ең алдымен негізгі және күнделікті есеп мәліметтері мемлекеттік жер кадастрлік кітап формасында, кесте түрінде компьютер базасында болады. Учаске иелерінің және жерді пайдаланушылар есептерінің мәліметтері есеп мәліметтерімен салыстырылып, өзгерістер еңгізіледі. Содан кейін жылдық есептің кестелік түрлерін компьютерде толтыру жолымен есепке цифрлік ақпаратты алады, ал олар текстік /түсініктеме жазу/ және графикалық бөлікпен /аудан немесе қаланың кадастрлік картасымен/ толықтырылады. Есептің цифрлік бөлігі 22 формасы түріндегі мемлекеттік статистикалық есеп болып келеді. Оған қосымша кестелер /форма 22а, үш жер, Ф1 жерді үйлестіру, қосымша кестелер Ф1- Ф2 және т.б./ тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |