Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н



бет7/36
Дата15.01.2023
өлшемі0.97 Mb.
#468417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Окулык. жу.тіркеу.есепке алу

Бөлімге сұрақтар:
1. Есепке алу өлшемдерінің түрлері.
2. Жерлерді есепке алудың басқа есепке алу түрлерінен өзгешілігі неде?
3. Жер кадастрының шаруашылықаралық жерді үйлестіру мен байланысы неде?
4. Жер кадастрының шаруашылық ішінде жерді үйлестіру мен байланысы неде?


1.4. Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдында жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ, олардың арасында әрқашан бір белгілі байланыс болды. Сондықтан, олардың дамуы, жетілу тарихын, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде, Кеңестік жер кадастрының қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін дұрыс түсіну және оны әрі қарай дамуын алдын ала білу үшін оның пайда болуы мен және дамуының тарихын жақсы білген жөн. Бұл мәселелер осы бөлімде келтіріледі. Кеңес мемлекеті құрылуымен елімізде пайдаланылатын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы мемлекеттік әдіс ретінде жүргізіле бастаған.
Ал жерлерді бағалау тек жеке жер мәселелері мен шаруашылық міндеттерді шешуде ғана жүргізілді.Бірінші жылдары жер кадастрлық әдістердің және олардың міндеттерінің қажеттілігі "Жер туралы" декретінде кеңестік жер өзгертулерін жүргізу қажеттігімен негізделген. Декреттің 3-бабына сәйкес, помещик жерлерін тартып алу тәртібін қатаң сақтау, тәркіленген мүліктің дәл тізімін жасау, халыққа өтетін жерлерді қатаң қорғау ояздық шаруа депутаттарына жүктелді.
Болыстық жер комитеттері жергілікті жер қатнастарын реттеу, жалпы жерді қайта рәсімдеуді дайындау үшін қажетті мәліметтерді жинауға тиісті болды: әр болыстықтың жер мөлшері, сапасы, алқаптардың көлемі, табиғи мал азық жайылымдардың және өңдеуге, жыртылуға жататын жерлердің сапасын, жерлердің ауданын анықтау үшін барлық қол астындағы жоспарлы-картографиялық материалдар, басқа да құжаттар пайдаланылды. Тәркіленген жерлерге акт жасалынды. Оларға алқап түрлерінің, жерлердің барлық көлемдері көрсетіліп, тиісті жерлер тізімдері тіркелген. Жерді есепке алу, бағалау, бірінші кезекте жерді үйлестіру қажеттілігінен туды.
1919 ж. 14 ақпанда жарияланған БОАК бекіткен "Социалистік жер үйлестіру және социалистік егіншілікке көшу шаралары туралы" ережеде жер үйлестірудің міндеттері, мазмұны жүргізу принциптері анықталған. Осы ережемен жерді есепке алу міндеттері де белгіленген. Оны жүргізу тәртібі 1919 ж. 23 қырқүйекте РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен "Социалистік жерді үйлестіру мүддесі үшін жерлерді есепке алу бойынша нұсқаулармен" белгіленген. Кеңес кезіндегі жерлерді есепке алу бойынша бұл бірінші арнайы нұсқау болған. Ол жерлерді есепке алуды жүргізу тәртібін және жер есептік құжаттың мазмұнын белгілеген. Болыстық бойынша жер үйлестіру ісін дайындауда халықты және жерлерді есепке алу жүрді.
Жерді есепке алу бастапқы /негізгі/ және күнделікті деп бөлінген. Ол әр болыстық бойынша жеке жүргізілген. Үлестіруге жатқызылған, жатқызылмаған барлық жерлер есепке алынған. Болыстық территориялары "Есептік дачалар" деп аталатын бірнеше бөліктерге бөлінген. Есептік дачаның ауданы межелеу мәліметтері бойынша есептеліп, әр учаске орналасуына байланысты тиісті есептік дачаға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы /жайылым, шабындық, орман, бұта, жыртылған, бау, бақшалар, аула жерлері/ және ыңғайсыз /жыралар, құмдар, батпақтар, су/ деп бөлінген. Жерді есепке алуды жүргізу нәтижесінде барлық болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болған.
1918 ж. 25 шілдеде В.И.Ленин қол қойған Орталық статистикалық басқарма туралы Ережеде бірінше рет, басқа міндеттер ішінде, жерді тіркеу осы басқармаға жүктетілген. 1919 ж. заңды түрде ол бірінші рет жер жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау, жаңғырту бойынша белгілі әрекет түрі ретінде бекітілген. Оның жүзеге асуы іс жүзінде "Социалистік жерді үйлестіру және егіншілікке көшу шаралары туралы" Ереже қолданғаннан кейін басталды. Осы заңдық актде "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу үлестірілген жер қорын, жер пайдаланушыларды және болып жатқан бар өзгерістерді есепке алу мақсатымен жүргізіледі" деп көрсетілген. Бұл жазба құрылған жер пайлануларды болыстық карталарға түсіруден және жер тізімдерін жасаудан тұрған.
Жер пайдалануға құқықтығын дәлелдейтін құжат болып, осы жерді бөліп беру туралы жазба саналған. Бұл жазуды губерниялық жер бөлімі бекіткен. Жер пайдаланушыларға берілген жоспарларда және жерді бөліп беру туралы жазбада тіркеуден өткендігі көрсетілген. Негізгі тіркелуші бірлік ретінде жеке жер учаскесі алынған. Ол учаскені бір немесе бірнеше алқаптардан тұратын, басқа жер пайдаланушылар жерінен бір тұйық сызықпен шектелген жер ауданы құрған.
Мемлекеттік тіркеуге жататын мағлұматтар арнайы құжатта көрсетілген /болыстық карта, мекен картасы, мекен тізбегі, жер пайдаланушылардың тізімі/. Әр жеке жер учаскесіне жерді пайдалану бойынша іс құрастырылған, бұл істе барлық материалдар жинақталған.
1919 жылы 23 қыркүйекте РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен "Пайдаланатын жерлерді мемлекеттік жазу тәртібі /жерді тіркеуі/ және рәсімдері туралы нұсқауда" Мемлекеттік жазуды жүзеге асыру тәртібі келтірілген. Пайдаланылатын жерлерді тіркеу бойынша бұл бірінші нұсқау болды.
1934 жылдан бастап жерді есепке алу бойынша арнайы есеп беру енгізілді. 1934 ж. 29 мамырындағы КСРО ХКК қаулысымен «Алқаптар және жер пайдаланулар бойынша "жерлерді үлестіру туралы есеп беру жөнінде" қолындағы бар құжаттар және материалдар негізінде аудандық жер бөлімдері есеп құрып, жоғарыға есеп беру міндеттері жүктелген.
1935-1938 жылдары ауыл шаруашылық артелдерге мемлекеттік актлер тапсырылды, керек жағдайда шаруашылықаралық жерді үйлестіру жүргізілді. Бұл кәдімгі дәрежеде есептік жер құжаттардың саласын және сенімділігін арттырды. Қоғамдық колхоз жерлерін талан-тараждан сақтау және жер істерінде тәртіп орнату мақсатымен 1939 ж. арнайы есептік жер құжаты енгізілді:

  1. Колхозда – баулықтап тігілетін жер кітабы.

  2. Аудандық атқару комитетінде – жерлерді мемлекеттік тіркеу кітабы.

Бұл кітаптардың жер есептік және жер тіркеулік мағынасы болған. Жерлерді есепке алу және онымен қоса тіркеу колхоз жерлерін талан-таражға салудан сақтауға мүмкіншілік берген. Бірыңғай жер қорының құрамы есепке алу барысында 5 санатқа бөлінген:

  1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер;

  2. Өнеркәсіп, көлік, арнайы арнаулы жерлері;

  3. Қалалар және қала типтес поселкелер жерлері;

  4. Мемлекеттік орман қоры;

  5. Мемлекеттік босалқы жерлері.

1938 ж. бастап үлкен көлемде шаруашылық ішіндегі жерді үйлестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Жерді есепке алу үшін жерді үйлестіру алқаптары құрамын, жай-күйін сипаттаушы айрықша құнды мағлұматтар береді. Есепке алу жұмысы жақсы қойылған жерлерде жерді үйлестіру үшін қажетті мәліметтерді беріп отырды.
КСРО МК 1949 ж. 20 тамыздағы қаулысымен совхоз жерлерін мемлекеттік есепке алу кітабы енгізілген. Ол кітап екі бөліктен тұрған. Бірінші бөлігінде әр совхоз туралы жалпы мәліметтер келтірілген, ал екінші бөлігінде совхоз жерлерінің экспликациясы берілген. 1952 ж. бастап барлық колхоз, совхоздарында суарылатын жерлерді есепке алу мақсатымен жоспарлы-картографиялық материалдар дайындала бастады. 1953 ж. бастап суармалы жерлердің сапасын, жағдайын күнделікті есепке алу жұмыстары жүргізілетін болды.
Социалистік жер қатынастарының әрі қарай дамуы және жер пайдаланушылардың күшеюі барлық пайдаланылатын жерлерді бір жүйеде тіркеудің, бүкіл елдегі бірыңғай жүйесін құру қажеттілігін алға қойды. Елде пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу, есепке алудың бірыңғай жүйесі 1954 ж. 31 желтоқсанда қабылданған КСРО МК "КСРО жер қорын бірыңғай мемлекеттік есепке алу туралы" қаулысынан басталды.
1964 ж. КСРО АШМ нұсқауы бойынша В.В.Докучаев атындағы топырақ институты жерлерді мемлекеттік есепке алу мүддесі үшін топырақ топтарының жүйелі тізімін жасады. Топырақтардың агроөндірістік қасиеттерін, олардың тыңайтқыштарда, мелиоративтік шараларға мұқтаждығын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдары үшін олардың жарамдылығын ескере отыра, барлығы 117 негізгі топтар бөлінген. Топырақтардың топтары бойынша сипаттаумен қатар, алқаптар эрозиялану, тұздану, сортаңдану, топырақтардың фосфор, калийдің жылжымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі /100 г топыраққа миллиграмм есебімен/ дәрежесі бойынша бөлінеді.
1971 В.В.Докучаев атындағы топырақ институты топырақтарды бонитеттеу әдістемесін ашқан болатын. Оның негізінде барлық облыстарда топырақтарды бонитеттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Бұл нұсқауларға сәйкес бағалауға топырақ түрлері, сондай-ақ олардың кешендері жатады. Топырақтарды бонитеттеу негізіне олардың табиғи қасиеттері және шығымдылық дәрежесі алынды.
Ауыл шаруашылық экономикасының Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты ауыл шаруашылық өндірісінің басты құралы ретінде жерді жалпы бағалау әдістемесін тапты. Бұл әдіспен Мәскеу, Смоленск, Брянск обылыстарында жұмыстар жүргізілген. Жерлерді бағалау көрсеткіштері ретінде аудан бірлігіне қатынастанған өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім мен таза пайда алынған. Жерлерді бағалауды әр табиғи экономикалық ауданда таңдалған типті шаруашылық мәліметтері бойынша жүргізу ұсынылған. Бағалау шкаласы 100 баллдық жүйе бойынша құрылады.
Қазақ ауыл шаруашылық экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты жерлерді экономикалық бағалау көрсеткіші ретінде өзіндік құнды және салыстыруға келетін шығымдылықты алуды ұсынды. Экономикалық бағалау алдында топырақтарды бонитеттеу керек. Соңғының нәтижесінде физикалық, химиялық, гидрогеологиялық, биологиялық және т.б. табиғи қасиеттері, сондай-ақ, олардың кәзіргі мәдениелену жай-күйі бойынша топырақтар агроөндірістік тұрғыда топтастырылады. Бірқатар ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының жерді үйлестіру факультеттері мамандары жоғарыда айтылған жұмыстарға үлкен үлес қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет