Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н



бет9/36
Дата15.01.2023
өлшемі0.97 Mb.
#468417
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Окулык. жу.тіркеу.есепке алу

Бөлімге сұрақтар:

  1. Жер учаскелерін тіркеу дегеніміз не?

  2. Жерді иелену меншік иесі мен жер пайдалану түрлерін атаңыз.

  3. Мерзімсіз және уақытша пайдалану дегеніміз не?

  4. Жерді иелену дегеніміз не?

  5. ”Жер туралы” заңның қай бабында Қазақстан Республикасында жерге жеке меншіктіктің мазмұны ашылады?

  6. Жер учаскесіне меншік иесінің құқығы қандай?

  7. Жер учаскелерін тіркеу түрлері.

  8. Негізгі тіркеу құжаттарын атаңыз.



2.2 Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы,
түрлері мен әдістері

Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады.


Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігі жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік объектісі ерекшелігіне байланысты.
Халық шаруашылығы салаларында жерлер әр түрлі мақсаттар үшін пайдаланылады және соған лайықты оның есебі жүргізіледі. Жер тұрғын үй, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, транспорт кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері мен ұйымдары және т.б. құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.
Өндірістің кейбір салаларында ауыл және орман шаруашылығында операциялық базис ретінде жер есебінен басқа, оларды өндіріс күштері, негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы мен пайдалануы туралы арнайы мәліметтерді алуға қажеттілікті туғызады. Бәрінен бұрын бұған ауыл шаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы мәліметтер жатады.
Жер учаскесінде жерді сапалы сипаттау және сандық бейнелеу үшін заттық натуралды өлшеуіштер қолданылады. Есепке алу, Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Соның үшін , оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықтайды. Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін анықтайды.
Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады. Мемлекеттік есепке алудың объектісіне Қазақстан Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы жатады. Бөлек салаларда мүдделері мен міндеттерін есепке алу мен ведомостволық есепке алуды жүргізуге қажеттілік туады, оның объектісіне нақты ведомоствоның қарауына жататын барлық жерлер жатады.
Жердің ведомостволық есебі мемлекеттік есептің мазмұны мен талаптары бойынша құрылады. Жер есебі мемлекеттік шара ретінде мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі болады. Мемлекеттік жер есебі белгілі жүйе болып, оған жердің сандық және сапалық есебі кіреді. Оның даму заңдылығына жер категорияларының, жер учаскелерінің және алаптардың аудандарын анықтау дәлдігін жоғарылату, жер сапасы сипаттамасын кеңейту жатады.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық материалдары негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры әкімшілік-территориялық бірлікке бөлінген, жер категориялары мен жерді пайдаланушылар, жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі, жер бедері, жер оты құрамы қалыңдығы, мелиоративтік жағдайы және т.б. бойынша анықталады. Жер есебі біріңғай әдіс бойынша, яғни жер категориялары мен бөлек зоналар мәліметтерін салыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі ақпараттарын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.
Есепке алу мәліметтері жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау көрсеткіштеріне қарағанда көбірек дифференцияланған және кеңейтілген болуы керек. Бұл есепке алу тек қана жер жағдайын ол жағы немесе бұл жағын анықтап қоймай, жаңа жер қорларын игеру және олардың өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды ашады. Есепке алу мәліметтері жердің жағдайы және нақты өлшемімен, оны жүргізген уақытпен сайма-сай болуы керек, сонда ғана олар пратикалық құнды көрінетін болады. Жерді есепке алу барысында, есептеу классификациясында қарастырылған жергілікті белгілер мен заттарды мүмкіндігінше дәлдікпен, нақтылықпен анықтау қажет.
Мемлекеттік жер қоры мемлекеттік жерді есепке алу объектісі болғандықтан, барлық жерлер,оның құрамына кіретініне, олар кімнің пайдалануы мен және иеленуіне жататынына, оларды қазіргі кезде пайдаланатынына және пайдаланбайтынына қарамастан есепке алынады.
Басқа сөзбен айтқанда, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлық жерін есепке алуды қамту принципін сақтау керек. Бұл оның жер категориялары, жер пайдаланушылар және алаптар бойынша қайта бөлісуі мен құрамын, жалпы ауданын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жерді есепке алуды дұрыс жүргізудің негізгі шарты – оны өз уақтында және тоқтаусыз жүргізу. Бұның өзі жер есебі мәліметтерін қазіргі кезгі деңгейінде ұстап тұрады. Бұл принцип жердің жер жағдайы мен пайдалануында өтетін сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі есепке алу қажеттілігін тудырады. Жер бетінде (натурада) пайда болған өзгерістерді өз уақытында анықтап бегілеп отыру және тиісті есепке алу мәліметтерін алу мен жазудың уақыты бойынша келісім орнату керек.
Жер есебі мәліметтері нақты және жеткілікті толық болғаны дұрыс. Есепке алу материалдары мен құжаттарында жазулар ебедейсіз және қиын оқылатын болмауы керек. Жер есебі мәліметтері тек қана текстік құжаттар болып көрініп қоймастан, жоспарлы картографиялық негізде міндетті түрде кескінделеді, ақпараттарды (цифрлы кестелер, текст, графиктер, диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) беретін және сақтауға мүмкіндік беретін компьютер технологияларын пайдалану мен магниттік тасымалдау-шыларда есепті жүргізу айтарлықтай жеңілдетілдірілген. Есепке алу барысында мәліметтерді алу және өңдеуде аз қаражатты қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды қолдану қажет. Есептеуіш компьютерлік техникаларды және тексеру мен түсірістің ең жетілдірілген әдістерін қолдану, республиканың жер қорын өз уақтында және дұрыс есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ал сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрын ойдағыдай жүргізеді.
Жерді түгендеу (инвентаризациялау) жер есебінің құрам бөлігі, бір жолғы есепке алу шарасы болып есептеледі. Оны жергілікті жерде, кадастрлық құжаттарда бар, тиісті мәліметтерді табу мақсат пен қажеттілік туғанда жүргізіледі. Бұл барыста табылған анықтаулар кадастрлық мәліметтерге және бірінші кезекте есеп алуға енгізіледі. Түгендеуді жүргізу барысында өндірісте бар болған жоспарлы-картографиялық және басқа да материалдар қолданылады. Жергілікті жердегі тиісті мәліметтерді табу жерді тексеру барысында жүргізіледі. Жергілікті жерде арнайы түсірістер қағида бойынша жүргізілмейді.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.
2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.
3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есепік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
5. Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Алғашқы есепке алуды жүргізуге байланысты кең көлемдегі жұмыстар туралы пікір айту үшін, мысал ретінде бірнеше мәліметтерді келтіреміз. Қазақстан Республикасы жер қорының жалпы ауданы (272.45 млн.га) есептелінді және 14 облыс, 161 әкімшілік аудан, 302 қалалар мен поселкелер және 7164 ауыл елді мекендер бар (01.01.1998 жылғы).
Азаматтардың иелігінде жеке қосалқы шаруашылық жерлері 230,5 мың гектар, 100,2 және 85,0 мың гектар жер бау шаруашылығы мен бақша өсіруге бөлінген.
Бастапқы жер пайдалану саны: шаруа қожалықтары – 63977, ауыл шаруашылық кооперативтер – 3310, шаруашылық серіктестіктер – 133, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар – 1594, мемлекеттік ауыл шаруашылықтар –1669 құрайды.
Ауыл шаруашылық алқаптары олардың түрлері мен түр тармақтары бойынша анықталады; топтар, класстар; топ тармақтары құрамы; механикалық құрамы бойынша топтық сипаттама беріледі, барлық ауыл шаруашылық алқаптарын бағалау жүгізіледі.
Алғашқы есепке алу түсірістер мен тексерулерді жүргізуге, жоспарларды құруға, аудандарды есептеуге байланысты. Анықталатын территория жерінің саны мен сапасы туралы толық және жан-жақты мәліметтерін алу үшін оны жоғары мамандандырылған мамандар жүргізеді. Ол келесі кезең жұмыстарына дайындық, далалық есепке алу бойынша нәтиже жұмыстарын рәсімдеуден тұрады.
Дайындық жұмыстары барысында анықталатын территория жерлерін саны мен сапасы туралы мәліметтерден тұратын барлық материалдар мен құжаттарды жинайды. Жерді пайдалануды тіркеу құжаттарын, топографиялық-картографиялық материалдарды, шаруашылықаралық және ішкі шаруашалықтық жерге орналастыру мәліметтерін, әр түрлі бағыттарды тексеру материалдарын жинайды және зерттейді. Егер материалдар ескерілмеген және натураға көшірілмеген жағдайда, жоспарды түзету бойынша жұмыстары көрсетіледі немесе жаңадан түсірістер, тексерулер жүргізіледі, яғни далалық жұмыс кезінің бағдарламасын анықтайды.
Далалық жұмыстарының жергілікті жердегі жер-есептік мәліметтеріне қажеттілік туғанда арнайы қызметтер жоспарланады. Бұл жұмыстарға түсірулер, тексерулер бұған дейінгі бар жоспарлы материалдарға түзетулер жатады. Далалық жұмыстардан кейін тиісті шаралар - топырақ талдау, жер есептік және мәліметтерді рәсімдеу, аудандарды есептеу мен үйлестіру, арнайы жоспарлық есептік құжаттарды құру орындалады.
Осындай жолмен алынған мәліметтерді белгілі бір тәжірибеде қарап шығады, бұдан кейін сапасы жақсы деректі мәліметтерді қабылдайды және есепке алу құжаттарына еңгізіледі.
Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелген және анықталған мәліметтер уақыт өтуге байланысты талапқа сай болмай жарамсыз қалады. Шаруашылық пайдалану процесінде жерді бөлу мен құрамында белгілі бір өзгерістер болады. Сонымен, соңғы жылдары жер учаскелерін нақтылауға, шаруа қожалықтарына, кооперативтер мен серіктестіктерге, ауылдық аудандардағы жерді бөліп беру өзгерді. Бұдан басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, шамамен 20%-тен, алқаптарды трансформациялау жүргізіледі, яғны жыл сайын алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Мелиоративтік шаралардың қысқаруына байланысты, табиғи мал азықтық алқаптар мен егістіктің сапасы өзгерді. Елді мекендер жері құрамында да үлкен өзгерістер болды және басқа жер санаттары жерлерінде құрамы мен құрлысында жыл сайын өзгереді.
Сондықтан алғашқы есепке алу құжаттарына еңгізілген мәліметтер ескіреді, оларды жаңарту күнделікті есепке алуды жүргізуге алып келеді. Күнделікті есепке алу міндетіне жердің саны мен сапасында, бөлінуінде болған өзгерістер туралы мәліметтерді анықтау және жазу, алғашқы есепке алу барысында жіберілген қателерді табу мен тиісті анықтауларды еңгізу кіреді. Құжатта тек заңды өзгерістер белгіленеді, сондықтан күнделікті есепке алу барысында тек қана нақты өзгерістерден басқа мен олардың заңдылығы да анықталады. Күнделікті есепке алуды жүргізуде негізгі есепке алу материалдары қолданылады және тек жердің пайдалану мен жағдайында өзгеріс болған территория бөлігі ғана өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет