Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н


Негізгі жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелері жерлерінің категориялары бойынша аудандардың өзгеруі жөнінде анықтама жасау /22-форма 5-қосымша/



бет5/11
Дата15.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#137722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Негізгі жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелері жерлерінің категориялары бойынша аудандардың өзгеруі жөнінде анықтама жасау /22-форма 5-қосымша/
5-қосымшада – барлық жерлер категориялары мен негізгі ауыл шаруашылық пайдаланушылар бойынша аудандардың өзгеруі келтіріледі.

Әрбір жолда және графада қосылған және алынған өзгерістер қосындысы бөлек-бөлек жазылады.

5- облыстық қосымшадағы аумақтардың өзгеруі туралы 19 және 20-графалар – басқа облыстармен және мемлекеттермен өзгерістер болған жағдайда толтырылады.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер бойынша жыртылған жерлерді пайдалану және жайылым алқаптарын түбірімен жақсарту үшін пайдаланылатын жерлер жөнінде анықтама жасау
Жыртылған жерлерді пайдалану және оларды пайдалану құрылымындағы өнімділік сипатын анықтау бойынша неғұрлым толық және сенімді ақпараттарды алу мақсатында, аудан көлеміндегі мәліметтер және егістік аудандар мен парлар бойынша облыстық нәтижелер мәліметтері 6-қосымшада келтіріледі.

6а-қосымшада – шабындықтар мен жайылымдарды түбірімен жақсарту мақсатында жүргізілетін аудан көлеміндегі егістік аудандар мәліметтері және облыс бойынша нәтижелер келтіріледі. Анықтама шабындықтар мен жайылымдар бойынша бөлек, одан соң бірге қосылып толтырылады /Мемлекеттік жерге орналастыру комитетінде 6 және 6а-қосымшалар мың гектармен беріледі/.

6 және 6а қосымшаларын толтырулар 22-форманың 02,03,05,06,07,09,10,11-жолдары бойынша жүргізіледі.

22-форма графаларының ауданы қосымшалардың сәйкесті графалары көрсеткіштеріне тең болуы қажет /2, 15/.


Республика, облыс, аудандардың мемлекеттік шекараларынан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға пайдалануға берілген жерлер жөнінде анықтама /7 және 8-қосымшалар/
Республика, облыс, аудан шектерінен тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер және басқа мемлекеттерге, облыстарға, аудандарға пайдалануға берілген жерлер сияқты екі ауданның /облыстың/ да есебін жасаушы /алқаптардың түрлері мен түршелерінің жалпы ауданы бойынша/ лауазымды тұлғалар куәлаған анықтамалармен келісіліп, бекітілуі қажет. Бұл анықтамалар жерлерді пайдалану жөніндегі есепке тіркеледі.

Облыстық есепте – шекарадан тыс жерлерде пайдаланылатын және басқа аудандар /облыстар/ пайдаланылуына берілген жерлер жер пайдаланушылары, ал бөлімінде суармалы жерлер ауданы гектармен көрсетіледі.


Жерлер экспликациясын жасау /9 және 10-қосымша/
22-форманың 9-қосымшасы облыс бойынша нәтижелермен бірге аудан көлемінде мыңдаған гектармен көрсетіледі және 22-форма жолдарының көрсеткіштеріне сәйкес болуы қажет /7,15/.

22 және 22а-формаларының 10-қосымшасы әр жер пайдаланушы бойынша гектарда көрсетіледі және алқаптар бойынша жалпы ауданы, соның ішінде бөлек жолдарда суармалы, тұрақты пайдаланудағы, уақытша пайдаланудағы жерлер және ерекше қорғалатын аумақтар жерлері, алғашқы пайдаланушылардан алынуынсыз жазылады.

Елді мекендер бойынша жерлер экспликациясы әр қала, поселке және ауылдық елді мекен бойынша беріледі.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, орман және су қоры жерлеріне объектілік экспликация беріледі.


Бар жерлер және олардың категориялар, пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінулері туралы есебіне тіркелетін

түсіндірме хат мазмұны
Бар жерлер және олардың категориялар, пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінулері туралы есебіне тіркелетін түсіндірме хатта Қазақсатн республикасы Үкіметі мен Парламентінің Президенті Жарлығының орындалу барысы, республика жер ресурстарын қорғау және пайдалану, жер кадастрын жүргізу, жерлерді пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу, жер заңдары талаптарын сақтау, жерлерді пайдаланудағы кемшіліктерді жою және т.б. туралы толығырақ баяндалады /1, 15/.

Түсіндірме хатта келесі мәліметтер келтіріледі:

- әкімшілік аумақтық бөлулердегі өзгерістер;

- алдыңғы жылмен салыстырғандағы жерлердің категориялар және жер пайдаланушылар бойынша бөліну динамикасы;

- алқаптар құрамындағы өзгерістер;

- пландық, картографиялық материалдар /1-қосымша/;

- аэрофототүсірістер материалдарын өңдеу және пайдалану;

- топырақ зерттеу және геоботаникалық іздестірулер материалдары /3,4-қосымшалар/;

- мемлекеттік есеп бойынша егістіктер ауданын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Сатистика комитетінің оперативтік мәліметтерімен салыстыру /5-қосымша/;

- суармалы ауыл шаруашылық алқаптардың мемлекеттік жағдайы /6-қосымша/;

- стационарлық жерге орналастыру қызметтерінің саны /7-қосымша/;

- жер учаскелеріне иелік құқығы мен тұрақты жер пайдалану құқығына актілер дайындау, рәсімдеу және беру барысы /8-қосымша/;

- жер үлесіне құқық және жер үлесі келісімдері туралы актілерді дайындау, рәсімдеу және беру барысы /9-қосымша/;

- азаматтар мен заңды тұлғаларға сатып алу-сату келісімдерін, жер учаскелерін тұрақты және уақытша пайдалану құқықтарын рәсімдеу және тіркеу /10-қосымша/;

- жер-кадастрлік құжаттарды жүргізу;

- жерлерді графиктік есепке алу;

- есеп беру жылында жер заңдарындағы бұзушылықтарды анықтау;

- топырақ құнарлығын көтеру бойынша шаралар;

- ауыспалы егістерді жүргізу және игеру, парларды өңдеу;

- органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу;

- орман мелиоративтік шаралар;

- эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстар салу;

- түгендеу материалдары бойынша ауыл шаруашылық алқаптарының құрамын анықтау;

- аудан немесе облыс жерлері жағдайлары мен пайдалануларын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Есеп құжаттары келесі тәртіпте іріктеліп жинақталады:

1.Есепті бекіту жөніндегі шешім

2 Түсіндірме хат

3. 22, 22а, 22б – формалары

4.Суармалы жерлердің 22, 22а, 22б – формаларына жұмыстық ведомостар

5 .22, 22а – формаларының нөмірленуі бойынша барлық қосымшалар

6 .Жерлерді пайдалануға бақылау жөнінде есеп /1-форма – жер/

7.Жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану жөнінде жиынтық есеп /2-ТП формасы/

8.Жер реформасы барасы /1-форма – жер/ және басқа материалдар жөнінде есеп

9.Жерлерді бөлудегі ауыл шаруашылық өндірісі шығындарының орнын толтыру үшін пайдаланулар туралы есеп.

Қазақстан Республикасы жерелерін мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулардың күшіне енуіне байланысты, 1993 ж. 27-қазанындағы бұрынғы нұсқауларды күшін жойған деп есептеу қажет.

Түсірістер мен жаспарлы материалдарды дайындау заң бойынша жүгізіледі. Сонымен, күнделікті есепке алу алғашқы есепке алудың жұмыстық көлемі бойынша да, түрі бойынша да ерекшеленеді.

Өзгерістер өзінің түріне қарай келесі түрлерге: алқаптарды трансформациялауға қарай алқаптар ауданына, топырақтың сапалық жағдайында, жерді алу мен бөлуге байланысты. Жер пайдалану мен басқа есепке алу барлығының өлшемінде, әкімшілік бірлігінің территориясы ауданында болуы мүмкін; негізгі және күнделікті есепке алудың өзара байланысы бар, алғашқы екіншінің жүргізілуі үшін қайта құрады, екінші біріншінің мәліметтерін жаңалайды, туралайды және толықтырады, жер туралы мәліметті қазіргі кез деңгейінде жүйелі түрде ұстап тұрады. Алғашқы және күнделікті есепке алу барысында көрсеткіштер сан жағдайында кескінделеді. Есепке алу барысындағы мәліметтер әр түрлі әдістермен, бәрінен бұрын түсіріс, тексеру және өлшеу жолдарымен алынады.

Жерді есепке алуды дұрыс орындау үшін, түсірістер үлкен мағынаға ие. Осыдан бұдан алынған түсірулер, жоспарлы материалдар негізінде Республиканың жер қорын нақты есептеуге мүмкіндік туады. Түсіріс материалдары жер пайдалану ауданы, алқаптар құрамы мен олардың түр тармақтарының нақты мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер жердің сапасын есепке алу үшін қажет.

Түсірістер жердегі және аэрофототүсіру болып бөлінеді. Қазіргі кезде аэрофототүсіру - жерді мемлекеттік есепке алу барысында түсірістің негізгі түрі. Ол жер қорының өлшемі, жағдайы және пайдалануы туралы, соның ішінде әр жер пайдаланудың керекті материалдарын тез және арзан алуға мүмкіндік береді. Оның мәліметтері жер пайдалану мен жергілікті элементтерді есепке алу үшін қажетті жер беті түсірістермен салыстырғанда көбірек қамтиды. Мысалы, аэрофототүсіріс материалдарында тек қана алқаптар контурлары ғана емес, басқа да әр түрлі дақыл егістері шекаралары, эрозияның даму дәрежесі және тағы басқалары белгіленеді.

Әсіресе бұл мәліметтер ауданы бойынша шағын жер учаскелері көп шаруа қожалықтарының үй іргесі жерлерін есепке алу үшін құнды. Бұл материалдар мен қазіргі кез деңгейіндегі жерді есепке алу мәліміттерін оңай әрі нық ұстап тұру мүмкін.

Аэрофотокосмостық түсіріс үлкен маңызға ие, оның мәліметтері республика жерінің үлкен аудандарын қамтуы мүмкін, оның мәліметтерін пайдалану әдістері өте кең қолданылады. Халық шаруашылығында, әсіресе экономика-сында және қоршаған орта мен жер мониторингінде жартылай қолданылады. Есепке алу мәліметтерін ең маңызды әдіспен алу және тексеру деп аталады. Жерді тексерудің міндетіне жер алаптарын пайдалану мен нақты жағдайын анықтау және оларды ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалануының ең қарқынды мүмкіндіктерін анықтау кіреді. Олар екі түрге - арнайы және агрошаруашылықтық деп бөлінеді.

Арнайы тексеруге топырақтық, геоботаникалық және мелиоративтік жатады. Агрошаруашылықты тексерудің жергілікті жердегі бір алқап контурының жағдайы мен сыртқы белгілері бойынша оның сапасының мүмкіндігі, ең тиімді пайдаланылуы анықталады. Деректі мәліметтерді алу және жер пайдалануына бақылау жасау үшін, үй іргесі учаскелері мен егіс аудандарында өлшеу жүргізіледі. Өлшеу жалпы және таңдаулы болуы мүмкін. Жалпыламаға барлық анықталатын территория, ал таңдаулыға тек бөлігі ғана жатады. Жерді есепке алуда жер-есебі мәліметтері екі әдісте көрсетілді. Бірінші текстік, яғни алынған мәліметтер сандық көрсткіштерде көрсетіледі, арнайы текстік құжаттарға (кітаптар, ведомостар) енгізіледі және жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесінде ақпараттарды магниттік тасымалдаушыға енгізеді, оған қажеттілігіне қарай түсініктеме жазулар немесе басқа текстік материалдар беріледі.

Екінші, графикалық жер есебіне ғана тиісті және оны жүргізудің белгілі ерікшелігіне байланысты үлкен мәнге ие. Ерекше ескерілетін жағдай графикалық тәсілде жерді есепке алуда тек есептелінетін объект және олардың құрам бөліктерін бейнелеп қоймастан, объект туралы қажетті алғашқы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және ондағы уақыттың өтуімен өзгерген өзгерістерді көрсетеді. Онда өзіне тән белгілі бір техникалық жүзеге асыру тәсілдері бар. Бұл тәсілдің мәні мынада бұнда, арнайы техникалық тәсілдер көмегімен жергілікті жерде тынымсыз өлшеулер нәтижесінде, жоспарлы-картографиялық негізде көрінеді. Бұндай жолмен құрылған жоспарда есептелінетін территорияның, яғни қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар кішірейтілген кескіндер алынады.

Пайдаланатын жоспарлы-картографиялық материалдар түрлеріне байланысты алаптардың, жер пайдаланудың және әкімшілік бірлік территориясы аудандарын анықтаудың екі тәсілі қолданылады. Бірінші тәсілдегі деректі материалдарға бөлек алап түрлері мен жер пайдаланудың жалпы ауданы бойынша есептейтін бөлек жер учаскелері жоспары жатады. Аудан жері ауданы мен оның алаптарының жалпы аудандарын қосу жолымен анықталады. Республика және облыстарда аудандарды аналитикалық жолмен есептейді. Бұл тәсілдің де өзіне тиісті жеткіліксіздігі бар. Бұдан әр түрлі дәлдіктер бар екені көрініп тұрса, онда ірі масштабты карталар бойынша есептелінген аудандар дәлдігін де айтуға болады.

Бұдан басқа, бөлек жер учаскелері аудандарын анықтау барысында жіберілген қателер қосу мен алынған аудандарға механикалық жолмен кіреді. Үшіншіден аудандарды есепке алу дұрыстығы мен дәлдігіне нақты бақылау болмайды, сондықтан жіберілуі және жер қорының кейбір бөліктерін қайта есепке алуы мүмкін. Екінші тәсілде, жерлерді есепке алу үшін жоспарлық материалдар ретінде аудандары аналитик тәсілмен есептелінген, жалпы мемлекеттік бөлшектеу трапециялары пайдаланылады.

Пайдаланатын жерлердің, аудандардың, облыстардың және Республика шекараларын координаттар бойынша трапецияларға түсіреді. Содан кейін жер учаскелерінің, пайдаланатын жердің, әкімшілік бірліктердің аудандары есептеліп, оларды трапециялар аудандарында байланыс-тырады /увязка/, осындай әдіс аудандардың дәлділігін жоғарылатады.

Егер бөлек-бөлек пайдаланатын жерлердің және олардың алқаптарының аудандары осы екі әдіспен анықталғанда /тек дәлдікпен/ және бірдей техникалық жағдайдарда келесі тұжымдарға келеміз:

- пайдаланатын жерлерді жоспармен салыстырғанда трапеция бойынша аудан көлемінің қатесі екі есе төмен;

- облыс бойынша 4-5 есе аз;

- ең кең тараған жағдайда /пайдаланатын жерлердің шекаралары бойынша еркін теодолиттік жүрістер салынғанда/ аудандар және облыс алқаптары, аудандары трапеция, пайдаланатын жерлер жоспарлары бойынша қарағанда, 2-9 есе дәлірек. Сонымен, трапеция бойынша дәлірек анықталады деуімізге толық мүмкіндік бар.

Жер пайдаланудағы алқаптардың құрамында болып жатқан барлық өзгерістер, жоспарлы материалда графикалық жолмен белгіленеді.

Кәзіргі кезде /уақытша/ республикамызда есепке алынатын аудан және облыстық жер учаскесінің компьютерге енгізілген электрондық карталары бар. Жер учаскесінің есептелінетін квартал, аудан және облыстық электрондық карталарды компьютерде алу жолымен графикалық тәсілді әбден жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электрондық карталар түріндегі есеп алудың графикалық тәсілін қолдану, тек есепке алудың дәлдігін жоғарылатып қоймай, бастапқы /алғашқы / күнделікті есепке алудағы өзгерістерді енгізу процесін автоматтандыруға және картографиялық есепке алу материалдарын беруге мүмкіндік береді. Графикалық тәсіл, анықталатын жердің кеңістік жағдайы, олардың құрамы мен пайдалануынан көрініс беруді қамтиды. Тектік және графикалық тәсілдердің өзара белгілі /айқын/ байланысы бар.

Мәліметтерді анықтауда графикалық тәсіл дәл болған сайын, текстік құжаттарда қамтылатын мәліметтер де соншама дәл болады. Көрсетілген тәсілдер, бір бірін толықтырып, жерді есепке алу барысында, оған жан-жақты сипаттама беруге мүмкіндік береді.
Бөлімге сұрақтар:

1. Жерді есепке алудың мақсаттарын, мазмұнын және тәртібін кім анықтайды?

2. Жерді есепке алудың мазмұны мен мақсаты.

3. Жерді есепке алудың объектісі.

4. Жерді есепке алу принциптерін атаңыз.

5. Жерді есепке алу ерекшеліктері мен өзгешеліктері.

6. Жерді инвентаризациялау мақсаты.


2.3. Алқаптар бойынша жердің санын және сапасын есепке алу

Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен,алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.

Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.

Егістік жерлерге – ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.

Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.

Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.

Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады. Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник плантация жатады. Бұлардың аудандары есепке алу барысында төмендегіше бөлінеді: Бақтар аудандары - жеміс және жидек өндіріп алу үшін құрылған ағашты және бұталы көшеттер (екпе ағаштары), тұқымды, сүйекті, жаңғақ жемісті, цитрус тұқымдасты, субтропикалық және басқа тұқымды иеленген жер учаскелері;

Жүзімдіктер ауданы - жүзім өсіру үшін құрылған жүзім көшеттері (екпе ағаштары) иеленген жер учаскелері;

Жидектер аудандары - жеуге жарайтын жидектер беретін, мәдени бұталы, жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктердің астында жатқан жер учаскелері;

Жемісті питомниктер аудандары - жеміс-жидек дақылдарының көшет материалдарын өсіру үшін пайдаланылатын жер учаскелері;

Плантация аудандары - арнайы техникалық, дәрілік, азық-түлік, гүл және сәндік дақылдар (шай, құлмақ, тұт, гүлдер, эфир майы алынатын өсімдіктер және басқалар) өсіру үшін пайдаланатын жер учаскелері.

Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.

Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.

Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.

Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым-соқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.

Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.

Түпкілікті жақсартылған шабындық - бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.

Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10 % аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.

Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Күшсіз томарланған шабындақ деп, егер оның ауданын 10%-тен 20%-ке дейін, ал күшті томарланған деп, егер томарлар 20%-тен көп жапқан болса айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-тен 30%-ке дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-тен 70%-ке дейін аумағын алып жатады.

Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер жатады, бұған шабындықтар мен тыңайтылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді.

Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері.

Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақты-уақтымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.

Жайылымды жақсартудың екі түрі бар: жердің үстіңгі қабатын жақсарту және түпкілікті жақсарту. Біріншісіне, құрғату, бұталардан және ағаштардан тазарту,томарларды құлату, табиғи шымнан бөлмей шөптерді егу бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде олардың өнімділігі нәтижелерімен салыстырғанда жоғарылаған жерлер жатады.

Түпкілікті жақсартылған жайылым - түпкілікті жақсарту бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде жаңа мерзімдік жаңартылатын жер оты құрылған жер учаскелері.

Отарлық жайылым - шалғайдағы мал жайылымы, яғни малдар бүкіл маусым бойы жайылымға айдалатын маусымдық пайдалануына, пайдалану мерзіміне байланысты жаздық, көктемгі-күзгі, қысқы және жыл бойғы болып бөлінеді. Қазақстанда жайылымдарды есепке алу барысында суарылатын жайылымдарды да қарастырады. Суарылатын жайылымға мал басын сумен қамтамасыз ете алатын, су көздеріне ие болған жайылымдарды айтамыз. Бұған өзен, көл және каналдар жанында орналасқан жайылымдар жатады. Ауыл шаруашылық алқаптарынан басқа есепке алу барысында басқа жер алқаптары мен пайдаланылмайтын учаскелер де қарастырылады.

Орман аудандарына жататын жерлерге орманмен жабылған, егіс қорғайтын, су реттейтін, жыра-батпақ маңындағы орман жолақтары, жыралар мен сайлар бойындағы көшеттер, өзен бойындағы,суаттар, құмдар, қолайсыз жерлердегі орман парктері, орман питомниктері және кесіліп қалған ағаштар, ағаш кесетін жерлер мен қураған, күйген көшеттер, алаңдар (тоғай арасындағы ашық жер).

Орман белдеулеріне ауыл шаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтану, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады.

Егіс қорғайтын ағаш алқаптарына суарылатын және құрғататын жүйелерді және ауыспалы егістер танаптарын қорғау үшін қатар-қатар егілген орман алқаптары жатады.

Бақтарды, жүзімдіктерді, питомниктерді, плантация-ларды айналдыра егілген орман алқаптары және бақ қорғайтын ағаш алқаптары оларды желден сақтайды және климаттасуына ықпал етеді деп есептелінеді.

Құм қорғайтын орман көшеттері құмдарды бекіту және эрозиядан қорғау мақсатымен жол-жол,ықтырмалар (кулис-биік сабақты өсімдіктер отырғызу арқылы топырақты тозудан және қорғаудан сақтау әдісі), куртин(екпе гүлдердің бір түрі) алқаптары түрінде пайда етіледі. Барлық орман аудандары жабық және жабық емес орман аудандары деп бөлек есептелінеді.

Бұталы алқап түрлері сияқты, жер ауданының 70%-тен көбісін бұталы өсімдіктер жапқан жерлер. Бұталар құрамы да қорғау және су сақтау міндеттерін атқаратын учаскелер аудандары есептелінеді және бөлінеді. Оған: қорғау аймағында, өзен жағасы мен су магистралдарын жағалай және эрозияға қарсы маңызы бар тік беткейлерде орналасқан бұталар жатады.

Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және атмосфералық жауын-шашын нәтижесінде жер бетінің үстіңгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атайды. Олар өсімдігіне, су режиміне және шымтезек қатпары түріне байланысты ойпатты, төбелі және өтпелі болып бөлінеді.

Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да жасанды суаттар астындағы, каналдар, коллекторлар мен арықтар астындағы бөлек аудандар жатады.

Мал айдайтын жолдар, құрылыстар мен аулалар, көшелер мен алаңдар, құмдар, жарлар, мұздықтар, иеленген жерлер бөлек есептелінеді. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында бузылған сеңдер, шөгінділер, ұсақ малта тастар, қиыршық тастар, саз балшықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын басқа иеленген жерлер де есепке алынады.

Суарылатын және құрғатылатын жерлер маңызды шаруашылықтық бағалы алқаптарға жатады. Бәрінен бұрын суарылатын жүйедегі жалпы аудандар есепке алынады. Оларға барлық суармалы жерлер және суару көздерінен су қамтасыз етілмеген, бірақ суару жүйесіне жарамды болған жерлер жатады. Суармалы жерлер жүйелі суармалы және шектеулі суармалы болып бөлінеді. Жайылмалы суландырылатын жерлерді бөлек есептейді және шығарады. Оған: құрылыстары, дуалдар, бөгеттер немесе басқа да көктемгі су ағындарын тоқтату үшін, немесе арнайы құрылғылар жәрдемімен суландыру жүйесінен суландырылатын гидротехникалық құрылыстары бар жерлер жатады.

Құрғатылатын жерлерге - құрғату жүйелері бар, онда ауыл шаруашылық дақылдарын, көшеттерді және басқа өсімдектерді өсіру үшін, әдеттегі су-ауа режимі мен қамтамасыз етілетін жерлер жатады. Құрғатылатын жерлер құрамында жабық дренаждар және су режимдерін екі жақты реттейтін жерлер бөлек есептелінеді. Жабық дренаждалған жерлерге материалдық дренаждар салынған жерлер жатады. Жер алқаптарының аудандары, олардан тұратын контурлар аудандарын қосу жолымен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет