Сарыағаш ауданы
2021 жылғы 1 қаңтарға ауданның аумағы 4,2 мың шаршы км-ге тең.
Ауданның халқы 190,6 мың адамды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы аумақтың 1 шаршы км-іне шаққанда 46,1 адамды құрайды.
Әкімшілік орталығы – Сарыағаш қаласы, 1948 жылы құрылған.
Агроклиматтық жағынан құрғақ, ыстық, далалық аймақ. Аумағы адыр-бұдырлы, төбе төмпешікті, сай-салалы келеді. Сұрғылт, қышқыл топырақты. Жазы ыстық және ұзақ, ылғал аз түседі, қысы қысқалау.
Ауданда минералды сулардың бұлақтары бар. Осыған байланысты, аудан санаторийлар мен шипажайлардың емдеу орталығы ретінде белгілі.
2020 жылы аудан кәсіпорындары 25988,1 млн. тенгенің өнеркәсіп өнімінің өндірді, бұл облыс көлемінің 4,8% құрайды. Нақты көлем индексі 2019 жылға 103,1%-ды құрады. 2020 жылы ауданның кәсіпорындарымен облыстағы минералды сулар және алкогольсіз сусындардың 95,1% өндірілді.
Аудан бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының 12,4% ауданның ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің үлесіне келеді. Ауданның егіс көлемінің 61,5%-ына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 22% - картоп, көкөніс және бақша дақылдары, 13,7% - жемдік дақылдары егілген.
Аудан шаруашылығында облыстың мүйізді ірі қара малының 5,5%-ы, оның ішінде сиырдың – 7,8%, қой мен ешкінің – 9,6%, жылқының – 4,5%, құстың – 17,7%-ы ұсталады.
|
|
Сарыагашский район
Территория района на 1 января 2021 года равна 4,2 тыс. кв. км.
Население района составляет 190,6 тыс. человек.
Плотность населения в среднем на 1 кв. км территории составляет 46,1 человека.
Административным центром района является город Сарыагаш, образованный в 1948 году.
В агроклиматическом отношении сухая жаркая зона пустынь. Территория представлена холмисто-увалистыми равнинами. Почвенный покров характеризуется карбонатными типичными и светлыми сероземами. Лето жаркое и продолжительное, осадков выпадает мало, зима сравнительно короткая.
В районе есть источники минеральных вод, в связи с этим он известен как центр санаторно-курортного лечения.
В 2020 году предприятиями района произведено промышленной продукции на 25988,1 млн. тенге, что составляет 4,8% общего объема по области. Индекс физического объема к 2019 году составил 103,1%. В 2020 году предприятиями района произведено 94,3% воды минеральной и напитков безалкогольных области.
12,4% валового выпуска продукции (услуг) сельского, лесного и рыбного хозяйства по району приходится на сельскохозяйственных товаропроизводителей района. 61,5% посевной площади района занята под зерновыми и зернобобовыми культурами, 22% - картофелем, овощными и бахчевыми культурами, 13,7% - кормовые культурами.
В хозяйствах района содержится 5,5% поголовья крупного рогатого скота области, в том числе коров – 7,8%, овец и коз – 9,6%, лошадей – 4,5%, птицы – 17,7%.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |