Сельское хозяйство



бет17/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Созақ ауданы
2021 жылғы 1 қаңтарға ауданның аумағы 41 мың шаршы км-ге тең.
Ауданның халқы 62,9 мың адамды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы аумақтың 1 шаршы км-іне шаққанда 1,5 адамды құрайды.
Әкімшілік орталығы – Шолаққорған селосы.
Агроклиматтық жағынан аудан аса желді, ыстық тау бөктерінде және таулы аумақта орналасқан. Мал шаруашылығына ыңғайлы, қуаң аумақ. Аудан аумағын Мойынқұмның құмы, Бетпақдаланың саз-балшықты қуаң даласы, Шу өзені (Қазақстандағы ұзындығы 800 км) алып жатыр. Ауа – райы өте континентальді, жазы ыстық та құрғақ, ал қысы суық, желді, ұзақ болады. Ылғалдың жылдық түсімі 130-150 мм арасында. Ылғалдың молдау кезеңі – көктем. Аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 165 күнге дейін созылады. Шаруашылық жағынан алғанда Бетпақдала мен Мойынқұмның кең, жазық қуаң даласы көктемгі-күзгі және қысқы жайылым ретінде малды жайып, бағуға пайдалы. Егіншілік нашар дамыған, дәнді егістер мен жонышқа негізінен Қаратаудың бөктерінде орналастырылған. Шу-Сарысудың құйылысында көмір сутегі мен уранның кен орны және сирек элементтер кездесетін басқа кен орындары табылды. Солтүстік бөліктен табиғи газдың кен орны табылып, барлау жүргізілді.
Облыс экономикасында минералды ресурстардың рөлі жетекші болып табылады, сол базаның негізінде Степной және Орталық кен басқармалары жұмыс істейді. Экологиялық ахуалдың жағдайын реттеуде уранды, скандияны және сирек кездесетін басқа элементтерді сілтіден айыруға жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары үлкен көңіл бөлуде. Кен игеру негізінен шетел инвестициялары арқылы жүзеге асырылады.
2020 жылы аудан кәсіпорындары 289498,6 млн. тенгенің өнеркәсіп өнімінің өндірді, бұл облыс көлемінің 53,3% құрайды. Созақ ауданында өнеркәсіп өндірісі көлемінің 73,5% кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл өнеркәсіптің кәсіпорындары облыстағы кен өндірісінің негізгі (92,1%) өндірушілері болып табылады.
Ауданның ауылшаруашылық тауарөндірушілері, негізінен мал шаруашылығына маманданған. Аудан шаруашылықтарында облыстағы ірі қара малдың – 3,2%, сиырдың – 4,6%, жылқының – 6%, қой мен ешкінің – 5,6%, түйенің – 39,8% өсіріледі.
Олармен 2020 жылы 12,8 мың тонна ет (облыс көлемінің 5,3%-ы), 16 мың тонна (2,1%) – сиыр сүті, 2,9 млн. дана (1,3%) – тауық жұмыртқасы және 504,2 тонна (101,1%) – қой жүні өндірілді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет