Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары



бет1/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#124521
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының

2014 жылғы « 26» желтоқсандағы

№ 297


бұйрығымен бекітілген

Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда атом өнеркәсібінің геологиялық барлау, геофизикалық, тау кендерін өндіру, қайта өңдеу ұйымдарында, жобалау, ғылыми-зерттеу ұйымдарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және өндірістік бақылау органдарында, сондай-ақ геологиялық барлаудың, тау, бұрғылау, технологиялық, электрлік-техникалық және механизациялау және автоматтандыру құралдарының басқа да жабдықтарының барлық түріндегі дайындаушы – зауыттарда қолданылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер, терминдер және анықтамалар қолданылады:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) айдаушы ұңғымалар - бұл ұңғымалар арқылы кен қыртысына жұмыс ерітіндісі жіберіледі;

3) арнайы ұңғымалар - барраждық, геофизикалық, гидрогеологиялық, жоюшы және басқа мақсаттағы ұңғылар;

4) аналық ерітінді - пайдалы компоненттері алынған және сілтісіздендіру реагенттермен күшейткеннен кейін жұмыс ерітіндісі ретінде қолданылатын технологиялық ерітінді;

5) атом энергиясын пайдалану нысандары – ядролық қондырғылар, орналастыру бекеттері; қолдану шегінен жоғары деңгейдегі иондық сәуле шашу көздері, медицина, білім беру, зерттеу, коммерциялық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік, оның ішінде тау-кен өндіруші, қайта өңдеу ұйымдарды қоса отырып, сондай-ақ иондық сәуле шашу көздерін қолданатын басқа да ұйымдар;

6) бақылаушы ұңғымалар - сілтісіздендіру процесс немесе сілтісіздендіру жыныстарындағы жер асты суларының (ерітінділердің) тәртібін үздіксіз немесе мерзімді бақылауға арналған ұңғымалар;

7) геотехнология - жер қойнауындағы қатты пайдалы қазбаларға жылулық, массаалмасу, химиялық және гидродинамикалық процестерді қолдану арқылы оларды жылжымалы жағдайға келтіру және пайда болған сұйық немесе газ тәрізді пайдалы қазбаларды жер бетіне жақын қабатқа тасымалдау технологиясы;

8) жабдық - кәсіпорындар пайдаланатын негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың бөлігі: машиналар, аппараттар, ұстындар, өткізгіш құбырлар, электротехникалық және жылу техникалық жабдықтар;

9) жер асты өндіру тәсілі - пайдалы рудаларды химиялық реагенттермен әрекеттестіріп, рудалардың пайдалы құрамдарын сұйықтарға айналдыру арқылы, жер астындағы пайдалы қазбаларды өндірудің геотехнологиялық тәсілі;

10) жер асты өндіру тәсілінің ұңғымалық әзірлеу жүйесі – бұрғыланған жер үстінің бұрғылау ұңғымалары арқылы жер асты өнімі тәсілімен кен орындарын ашу, дайындау және пайдалануды көздейтін жүйе;

11) жер асты сілтісіздендірудің немесе жер асты топтап сілтісіздендірудің өндіру кешені - сілтісіздендіру процесін жүзеге асыру, өнімдік ерітінділерді айдауды және оларды одан әрі өңдеу үшін тасымалдау үшін жұмыс ерітінділерін беруді қамтамасыз ететін жерасты және жер беті құрылыстары мен техникалық құрылғылар кешені;

12) жер асты ұңғылап сілтісіздендірудің пайдалану учаскесі – жер асты сілтісіздендіру процесін геотехнологиялық тәртіптермен бақылау және басқару қондырғыларымен, өзіндік желілік жүйелері бар технологиялық блоктар тобы. Учаскелердің мөлшері кен қабаттарының морфологиялық, геохимиялық немесе тектоникалық (жағдаяттық) ерекшеліктеріне байланысты анықталады;

13) жер асты ұңғылап сілтісіздендірудің пайдалану блогы – бірыңғай гидротехникалық тәртіппен біртекті ұңғымалар өндірісінде өңделген және бір мезгілде пайдалануға берілген аралас қарапайым ұяшықтарының тобынан тұратын өнімдік қабат бөлігі;

14) жерасты ұңғымалық сілтісіздендірудің пайдалану ұяшықтары – қорлары бір айдау ұңғымасымен өңделетін өнімдік қабаттың бір бөлігі;

15) жерасты ұңғылап сілтілеу полигоны – жұмысы өнімдік ерітінділердің бірыңғай өндіруші жиынтығына үйлестірілетін технологиялық учаскелердің тобы;

16) жер асты сілтісіздендіру ұңғымалары - кен қыртысын ашуға және жер қойнауынан өнімді ерітінділерді бөліп алуға арналған ұңғымалар. Атқаратын қызметіне қарай олар технологиялық (айдаушы және сорушы), бақылаушы, тексеруші және арнайы ұңғылар болып бөлінеді;

17) желонка – ұңғымадағы сұйықтықтарды немесе бұрғылау қалдықтарын шығаруға арналған цилиндр тәрізді ыдыс. Желонканың төменгі жағында қақпақшасы бар, ал жоғары жағында арқанды ілуге арналған ілгіші бар;

18) жұмыс (сілтісіздендіру) ерітіндісі - ерітуге жарамды реагенттің пайдалы жиынтығы бар, және өнімді деңгейжиектер немесе үймелеп сілтілеу үйінділеріне айдауға арналған технологиялық ерітінді;

19) королёк – кішкентай шар түріндегі қымбат металдың құймасы, сондай-ақ қатып қалған металдың тамшысы түріндегі үлкен емес шар;



20) «коуш» – тросты (арқанды, жіпті) егелуден қорғайтын металл жапсырма;

21) қайтарма ерітінді - пайдалы компоненті өнеркәсіптік мөлшерінен төмен, бірақ (сілтісіздендіру реагенттерді қосқаннан кейін) өнімді деңгейжиектерге немесе сілтісіздендіру ретінде үйілмелі сілтісіздендіру штабелінің қайтадан беруге арналған жұтаң өнімді ерітінді;

22) қышқылдандыру (нығайтуға дейін) торабы - қайтарма және аналық ерітінділерді толық нығайтуға арналған құрылыстар мен техникалық құралдар жиынтығы;

23) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі – берілген тізбектелген және мерзімділігімен техникалық қызметі көрсету мен жөндеуді жоспарлау, даярлау, іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;

24) тастанды ерітінді - әртүрлі себептермен жұмыс ерітіндісін жасауға жарамайтын аналық немесе өнеркәсіптік емес (жұтаң) өнімді ерітінді. Зиянды қоспаларынан тиісті тазартылғаннан кейін ғана төгінді ерітінді гидрографиялық желіге жөнелтілуі мүмкін;

25) өнімдік ерітінді - жұмыс ерітіндісінің сілтісіздендіру тау-кен жыныстарының массасымен физика-химиялық әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан және шоғырлануында өнеркәсіптікке немесе оның ең аз мөлшеріне тең пайдалы компонент (компоненттер) құрайтын ерітінді;

26) сілтісіздендіру, қышқылдық немесе сілтілі – көп құрамдас қатты шикізатты іріктеп әрекеттесетін реагентпен еріту;

27) сорушы ұңғымалар - бұл ұңғымалар арқылы кен қабатынан жоғарыға өнімді ерітінді шығарылады;

28) судан сақтаушы қоспа - ұңғымаларды судан сақтау үшін қолданылатын су өтпейтін әрі химиялық тұрақты тұтқыр қоспа;

29) тексеруші ұңғымалар - пайдалы компонентті бөліп алу дәрежесін бақылау мен кеннің және сыйымды тау жыныстарының техногендік өзгерістерін зерттеу мақсатында өндірілетін кен қыртысының көрсетілген жерін ашуға арналған ұңғымалар;

30) технологиялық ерітінділер - реагенттердің және олардың сиымды ортамен әрекеттескендегі өнімдерінің сулы ерітіндісі. Олар жұмыс, өнімді, аналық, қайтарма, төгінді ерітінділер болып бөлінеді;

31) технологиялық процесс - белгілі бір мақсатта аппаратта (өзара байланыстырылған аппараттар, агрегаттар, машиналер және оларға ұқсас жабдықтар жүйесінде) жүргізілетін материальдық ортаның көрсеткіштерінің мөлшерін өзгерту және заттардың физикалық-химиялық немесе физикалық-механикалық өзгеруі;

32) топтап сілтісіздендіру тәсілі – ерітіліп, жер бетіне жақындатылып және белгілі бір тәртіпте жинақталған рудалардан пайдалы қазбаларды сілтілеп өндіру тәсілі;

33) тұндырғыштар - технологиялық ерітінділер мен қатты шөгінділерді жинауға арналған жер бетіндегі немесе тереңдетілген көлемді құрылыстар;

34) ұңғыма құрылымы - ұңғының диаметрі мен тереңдігінің өзгерісін, шегендеу құбырларының типтік өлшемі мен ұзындығын, сүзгінің түрі мен ұзындығын, судан сақтаудың аралығын және тағы да басқаларды анықтайтын ұңғының сипаттамасы;

35) ұңғыма құрылысы - ұңғыманы бұрғылауға дайындау, бұрғылау мен оның орнықты қалпын сақтау, құбырлармен бекіту және сүзгілермен жабдықтау, судан қорғау және арнайы жұмыстар жүргізу мен игеру жөніндегі кешенді жұмыстарды атқару;

36) ұңғыманы бекіту - жағалай қойылатын пайдалану бағаналарын монтаждау;

37) ұңғыманы тығындау - ұңғыманың жекелеген аралықтарын оқшаулауға арналған жұмыс кешені;

38) ұңғымадағы судан сақтау - пайдаланылатын өнімді сулы қат-қабатты онымен шектес құбыр сыртындағы кеңістіктен оқшаулау;

39) ұңғыманы игеру - пайдалану бағанының қуысын, өнімді сулы қат-қабаттың сүзу аймағының сүзгісін және бастапқы кеңістігін соқта мен қатты фазадан жуатын сұйықпен және басқа құралдармен тазарту, сондай-ақ талап етілген гидротехникалық көрсеткіштермен сүзу аймағын құру: айырмашылығымен, сулы қабаттардан шығарылған қою сұйықтықтардың санымен, жапсырма бағананың тұмшалануы және беріктігі мен тазарту жөніндегі жұмыс кешені;

40) ұңғының техникалық жағдайы - ұңғының құрама бөліктерінің күйі, оның пайдалану сипаттамалары, пайдалану барысында туындайтын уақытша және жөнделмейтін ақаулар;

41) ұңғыма сүзгісінің және сүзгі маңы аймақтардың бітелуі - тесіктердің, түтіктердің және саңылаулардың механикалық, химиялық және газды шөгінділермен бітелуі салдарынан сүзгінің және өнімді сулы қат-қабаттың сүзгі маңы аймақтарының сүзгіштік қабілетінің төмендеуі;

42) ұңғыма сүзгісін және сүзгі маңындағы аймақты тазарту - бітелу процесінің зардаптарын жою;

43) уранды қайта өңдеу кешені - өнімді ерітіндіден түпкілікті өнім алғанға дейін өңдеу жұмыстарын жүргізетін техникалық құралдар мен құрылыстар кешені;

44) үймелеп сілтісіздендіру үйіндісі - технологиялық ерітінділерді айдау мен соруға арналған құбыржол жүйесімен жабдықталған, жер бетіне белгілі қалыппен орналастырылған геометриялық шектеулі кен массасы;

45) үймелеп сілтісіздендіру үйіндісінің алаңы - технологиялық ерітінділердің алаңнан тыс кетуіне кедергі болатын, судан оқшаулайтын қабаттардан қатталған, үймелеп сілтілеу үйіндісін жиыстыруға және өнімді ерітінділерді жинауға арналған, үстіңгі бетте орналасқан геометриялық шектеулі алаң;

46) үймелеп сілтісіздендіру учаскесі - коммуникациялар жүйесімен және сілтісіздендіру процестерінің дайындау, өңдеу, бақылау және басқару қондырғыларымен біріктірілген, бір немесе бірнеше үймелеп сілтісіздендіру үйінділерінен тұратын тау-кен массасының белгілі ретпен жинақтау кешені.

4. Әрбір ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген және келісілген құжаттамалық жобасы (бұдан әрі - жоба), сондай-ақ маркшейдерлік және геологиялық құжаттамалары болуы қажет.

5. Жобадан және осы Қағидалардың талаптарынан шығатын ақаулары және ңа және қайта жабдықталған нысандарды іске қосу кезінде, ақаулары немесе олқылықтар бар жаңа және қайта реконструцияланған объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

6. Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеумен айналысатын әрбір ұйымда мынадай:

1) өндірістік бақылау туралы ережелер;

2) аварияларды жою жоспары;

3) технологиялық регламенттер әзірленіп, ұйымның техникалық басшысы бекітуі тиіс.

7. Ұйымдарда өндіріс аумағы бойынша жұмыс орындарына қауіпсіз бару және өрт немесе авариялық жағдай кезінде қауіпсіз жерге шығу жоспары дайындалып, оны әрбір қызметкерге таныстырып және кірер ауыздың, барлық цехтардың (учаскелердің) көрінетін жеріне іліп қою қажет.

8. Ұйымның аумағында, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда онда орналасқан жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдар ілесіп жүруші адамсыз болуға жол берілмейді.

9. Ұйым қызметкері байқаған осы Қағидалардың барлық бұзылуылары туралы, сондай-ақ құрылыстардың, жабдықтардың және механизмдердің ақаулары туралы өзінің тікелей басшысына, егер ол болмаған жағдайда – жоғары тұрған басшыға тез арада хабарлауға тиіс.

10. Таукендерін тесіп өту және өндіру жұмыстарына, топтау сілтілеу қабаттарын құру жұмыстарына ауысым сайын жазбаша рұқсатнамалар беріледі.

11. Уранды геологиялық барлаумен, өндірумен және өңдеумен айналысатын әрбір ұйымда арнайы киім, арнайы аяқ киім, сақтандыру белдіктері, қорғаныс көзәйнектері, қолғаптар, диэлектрикалық резеңке етіктер, бес саусақты қолғаптар, ауыз-мұрынға киетін шаң ұстағыштар, құтқару құралдары (кеудешелер, белдіктер және тағы басқалар) және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының нормалары болуы тиіс. Әрбір жекелеген жағдайда қорғаныс құралдарын таңдау ос өндіріс процестің немесе атқарылатын жұмыс түрі үшін қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.

2. Аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға және жабдықтарды пайдалануға қойылатын талаптар
1-параграф. Аумаққа, ғимараттарға, құрылыстарға қойылатын талаптар
12. Уранды өндіру және өңдеу нысандарының құрылысы үшін алаңдардды таңдау мен оларды бекіту Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізу қажет.

13. Ұйымның аумағында өндірістік қызметкерлердің қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруы үшін қауіпсіз өткелдер орналастырылуы тиіс.

14. Ұйым аумағы таза болуы тиіс және әрдайым тазалап тұру қажет. Жаз уақытында көлік жолдары, жаяу жүргінші жолдары мен өткелдері сумен шайылып, қыс мезгілдерінде қар мен мұздан тазаланып тұруы қажет.

15. Өндірістік алаңдың кірер қақпасында өздігінен ашылуы мен жабылуын болдырмайтын құрылғы орнатылуы тиіс. Ұйым аумағы бойынша автокөліктердің, автокарлардың, электрлік карлардың және басқа рельссіз көліктердің жүру жылдамдықтарын ұйым әкімшілігі белгілейді, бірақ өндірістік ғимарат ішінде және одан шығар кезде көлік жылдамдығы сағатына 5 километрден (бұдан әрі – км/сағ) аспауы тиіс. Аталған көліктердің ұйым аумағындағы жүрісі жол белгілерімен реттелуі тиіс.

16. Теміржол арқылы өтетін өткелдер рельс бетімен тегіс болуы тиіс, ал өткелдер поездың жақындағаны туралы ескертетін бағдаршаммен және дыбысты дабылмен жабдықталуы тиіс.

17. Ұйымның барлық аумағында және жұмыс үй-жайларында төгілген сұйықтықтар мен шашылған өнімдер (су, мұнай өнімдері, реагенттер, технологиялық ерітінділер) бейтараптандырылып, жойылуы, ал жинау орындары тазартылуы тиіс.

18. Өндірістік ғимараттар мен үй-жайлардың қабырғаларына шаң, конденсат, зиянды будың түзілуін болдырмау және тазалауды жеңілдету үшін олардың беті тегіс болуы тиіс. Қабырғаларға, құрылымдарға және жабдықтарға шаң жиналуына жол берілмеуі тиіс. Әр цехта (учаскеде) өндіріс жағдайына байланысты, едендерді және басқа құрылыс құрылымдарын, жабдықтарды, жұмыс алаңдарын, сатыларды, жаяу жүргінші өткелдері мен көлік жүргінші өткелдерді механикалық тазалау (сумен жуу, ауа қысымымен тазалау) кестесі болу тиіс.

19. Едендер:

1) технологиялық процестерде сұйықтар қолданылатын үй-жайларда -ылғал өткізбейтін, тайғанамайтын жабынды төселген және олардың трап пен сужимаға қарай ағып кетуін қамтамасыз ететін еңіс;

2) жебір заттар қолданылатын үй-жайларда олардың әсеріне төзімді;

3) электролиз қолданылатын үй-жайларда - электр өткізбейтін, жылу ұстағыш және ылғал жібермейтін;

4) технологиялық жабдықтардың жұмыс алаңдарында - тайғанамайтын, тозбайтын, тегіс материалдардан;

5) ғимараттардың жарылыс және өрт қаупі бар орындарында - жарылысқа қауіпсіз болуы тиіс.

20. Едендердің жалпы еңкіштігі 2% кем болмауы, негізгі өтетін жерлерде 4% және қызметтік өтетін жерлерде 10% аспауы тиіс.

21. Терезелердің, шамдар мен қораптардың желдеткіш ойықтарының жармасын қолайлы әрі қауіпсіз реттеу үшін, сондай-ақ биікте орналасқан терезе жақтауларын ашу үшін, өндірістік ғимараттың еденінен немесе жұмыс алаңдарынан ашып-жабуды атқаратын тетіктер орнатылуы тиіс.

22. Технологиялық мақсаттарға жасалған немесе құрылыс не жөндеу жұмыстары үшін уақытша ашық қалдырылған жармалар, люктер, құдықтар, ұралар, науалар, арналар, құбырлар жүйесінің камералары мен учаскелері биіктігі 1,1 метр (бұдан әрі - м) орташа білте тақтайшалармен, ернеуі 0,15 м кем емес тақтаймен немесе инвентарлық қалқанмен қоршалып, жол белгілері қойылуы және тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсірілуі тиіс. Жол белгілері мен қалқандардағы белгі бергіш (дабылдық) шамдар автокөліктің жүру мүмкіндігі мен жаяу жүргіншілердің қоршалған жерді барлық жағынан жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

23. Жыралардан, орлар мен шұңқырлардан өтетін жерлерде, таяныштармен қоршалған өтпелі көпірлер орнатылуы тиіс.

24. Төменгі жағында 0,6 м артық төсемі бар жер бетіндегі құбыржолдар үстінен ені 0,7 м, биіктігі 1,1 м жақтауы бар, төменгі жағы тұтас қапталған, астының биіктігі 0,15 м, ал құбырлар мен резервуарларға, көлбеулігі 200-ден артық тұндырғыштарға түсу мен шығу үшін траптарымен немесе басқыштарымен өтетін кішкене көпірлер орнатылуы тиіс.

25. Сору станцияларының тереңдетілген жұмыс жайларынан, ені 0,7 м, көлбеу бұрышы 45о артық емес, баспалдақпен жабдықталған сыртқа шығатын есігі болуы тиіс. Ұзындығы 12 м және одан кем жұмыс орындары үшін баспалдақтың көлбеу бұрышы 60о дейін болуы мүмкін.

26. Ыдыстар мен өзге жабдықтарға қызмет көрсету үшін, еденнен немесе алаңнан 0,8 м астам биікте орналасқан жұмыс өткелдерінің ені 0,7 м кем болмауы тиіс.

27. Едендері бірінші қабаттың еденінің деңгейінен 1,8 м тереңдіктегі, ұзындығы 18 м асатын жұмыс орындарының ғимаратында екі эвакуациялық шығатын есік болуы тиіс.

28. Ұйымдардың аумағындағы тұндырғыштардың, тоғандардың және ашық ыдысты құрылыстардың қабырғалары жоспарланған аумақтың деңгейінен 0,6 м аса көтерілсе, биіктігі 1,1 м кем емес таяныштармен немесе, сұйықтарды ішуден, шомылудан және малды суарудан сақтандыратын, ірі жазулы, бөлек-бөлек қалқандармен қоршалуы тиіс.

29. Ұйымдар аумағындағы жер қазу жұмыстары басшылықтың жазбаша рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін. Рұқсатқа қосымша, жұмыс жүргізілетін орынды белгілеп, көрсетілген бас жоспар немесе жобаның көшірмесі болуы тиіс.

30. Жұмыс аяқталғаннан кейін, барлық өзгерістер мен толықтырулар, ұйымның бас жоспарындағы коммуникацияларды атқару сызбасына енгізілуі тиіс.

31. Бір ғимараттағы басқару бекеті бар жұмыс орнының үстіне ылғалды технологиялық процесі бар жұмыс орнын орналастыруға рұқсат етілмейді.

32. Өндірістік аумақ пен ғимараттар қолдануға жарамды өрт сөндірудің алғашқы құралдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз етілуі тиіс.

33. Жұмыс орындарын, өткел жолдарын, өндірістік ғимараттардан шығу жолдарын, өрт сөндіру жабдықтары мен байланыс құралдарына баратын жолдарды тиіс сіз жабдықтармен кедергілеуге болмайды.

34. Жарылыс және өрт қауіпі бар өндірістік ғимараттарда темекі шегуге және ашық оттарды қолдануға болмайды, бұл туралы аталған өндірістік ғимараттардың сыртқы есіктеріне және олардың ішіне, қауіпсіздіктің тыйым салу белгілері орнатылуы тиіс.

35. Өндірістік ғимараттардың, қоймалардың және үй-жайлардың барлық есіктері мен қақпаларына белгіленген нормаларға сәйкес ескертпе белгілер мен жазулар, өндірістік ғимараттардың жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша санаттары және белгіленген талап бойынша аймақтық сынып белгілері тақтайшаға жазылып, ілініп қойылуы тиіс. Жүк көтергіш механизмдер (крандар) жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен жұмыс бөлмелерінде адамдар өтетін есіктер мен қақпалар, олардың орналасу орнына қарамастан, крандардың жұмысы туралы сақтандыратын жарықтық белгі беру құрылғыларымен және қауіпсіздік белгілерімен жабдықталуы тиіс.

36. Материалдар, бұйымдар және басқа жүктер ұйым аумағында арнайы бөлінген жерде (учаскеде) сақталуы тиіс. Жүктерді түсіру және жинау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс. Өндіріске қажетті жабдықтардың бөлшектері мен материалдары белгіленген мөлшерде ғана, олардың сақталу қағидалары бұзылмайтын, өздеріне бөлінген орындарда сақталуы тиіс.

37. Теміржолдардың бойына жиналған жүктердің (қатарларының) биіктігі 1,2 м дейін болса, жақын рельс басынан 2,0 м қашықтықта, ал одан биік болса - 2,5 м дейін жақын болмауы тиіс.

38. Ғимараттар және құрылыстар тікелей найзағай түсуден жеке орындалған найзағай сақтандыру құрылғысымен, құрамында найзағай қабылдаушысы, ток қашырғышы және жерге сіңіргіші бар құрылғымен қорғалуы тиіс.

39. Найзағайдан қорғау қондырғыларының жай-күйін тексеру, табиғаттың күн күркіреу мезгілі басталмастан бұрын және ақаулар байқалған жағдайда, сонымен қатар, көктем және күз айларында жүргізіледі. Тексеруді ұйымның басшылығы тағайындаған комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері актімен ресімделуі тиіс. Табылған ақаулар жедел жөнделуі тиіс.

40. Өндіріс ғимараттары және құрылыстары, олардың негізгі салмақ түсетін құылғылары жұмысқа жарамды болуы тиіс. Ғимараттар мен құрылыстардың барлық негізгі салмақ түсетін құрылғыларын жемір ортадан сақтау үшін оларды жемір ортаға қарсы сақтандыру шараларын жүргізу тиіс. Ғимараттардың негізгі салмақ түсетін құрылыс құрылғылары ұйымның жетекшісі бекіткен кесте бойынша сақтандыру жағдайларына тексерілу тиіс.

41. Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз үшін ұйым жетекшісінің бұйрығымен жұмысқа жарамды жағдайда және қауіпсіз пайдалануға жауапты қызметкер тағайындалады.

42. Бояулары әрдайым қалпына келтірілетін биіктіктерге шығу үшін ғимараттар жобаларында ол жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін құрылғылар ескерілуі тиіс.

43. Көму және жойылмаған қалдықтарды сақтау алаңдары ауыл аймақтарынан және өндіріс алаңдарынан шеткері жерлерде болуы тиіс.

44. Қалдықтарды сақтау алаңының жобасы құрылыс нысанының жобасымен бір мезгілде жасалу тиіс.

45. Қалдықтарды сақтау алаңының жобасында өндіріс қалдықтары туралы мәлімет болу тиіс:

1) көлемі және сапасы туралы мәліметтер (қауіптілік класы) өндірістік қалдықтардың көлемі, олардың физика-химиялық, улылығы және радиациалық қасиеттері;

2) өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға келтіретін мүмкін болатын салдарының әсері;

3) өндіріс қалдықтарын көму, жою, залалсыздандыру жөніндегі технологиялық шешімдер;

4) топырақты зиянды заттан қорғау және бұзылған топырақты және ластанған топырақты қалпына келтіру шаралары;

5) қоршаған ортадағы нысандардағы зиянды заттарды анықтау әдістемелер.

46. Жинау тәртібі және тәсілдері, улы заттарды жинақтау, қаптау, тасымалдау, залалсыздандру және көму химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып, орындау тиіс және қоршаған аймақты ластауға мүмкіндік бермеу, жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

47. Өндіріс алаңдарында құрамында улы заттар бар, қатты қалдықтарды жинауға, сондай-ақ, шлам үйінділерін және шлам жинағыштар жіберілмейді.

48. Қауіпті нысандарды жою, уақытша тоқтату және жаңғырту жобасы бойынша орындалады. Уран өндіретін ұйымдар кеннен пайдалы қоспаларды алу жұмыстары біткеннен кейін және қондырғыларды бұзған соң жоба бойынша қалпына келтіру тиіс.

2-параграф.. Жабдықтарды пайдалану талаптары
49. Жабдықтар олардың қажеттілігіне және өндірістік-техникалық сипаттамасына сәйкес пайдалануы тиіс. Жабдықтарды пайдаланатын жұмысшылар олардың жұмысының технологиялық режимін қатаң сақтауға міндетті, жабдықтарды таза күйде ұстап, үнемі олардың техникалық жағдайын қадағалап, ақауларын уақтылы анықтап, түзетуі тиіс. Техникалық пайдалану жөніндегі барлық бұзушылықтары, қолданыстағы жабдықтардың анықталған және түзетілген ақаулары туралы мәліметтер ауысым кітапшасында жазылуы тиіс.

50. Жабдықтардың, механизмдердің, аппараттар мен аспаптардың құрылымына өзгерістер енгізу тек әзірлеуші ұйыммен – жоба дайындаушымен немесе дайындаушы келісімімен ғана жүргізіледі.

51. Жабдықтарды жалпы құрастырылуы және орналастырылуы, қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің қолайлылығын, сонымен қатар, технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

52. Жабдықтардын нұсқаулықтары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында көрсетілгендей тиісті қоршаусыз, дыбыс немесе жарық дабылынсыз, бақылау-өлшеу және қауіпсіздік аспаптарынсыз, бекіткішсіз қабылдауға және пайдалануға рұқсат берілмейді.

53. Технологиялық жабдықтар мен аппараттардың барлығына технологиялық cызбаның нөмірлеріне сәйкес нөмірлер жазылуы тиіс.

54. Өндіру кешенінің технологиялық жүйелері мен коммуникацияларында немесе басқа да ашық өндірістік құрылымдарда (негізгі өндірістік ғимараттардан 1 км қашықтықта) жұмыс істеушілер үшін қысқы уақытта жылынатын және қолайсыз ауа райында қорғанатын жылжымалы пункттер (жылынатын үйшіктер, шағын вагондар және сол сияқтылар) қарастырылуы қажет.

55. Өткізгіш құбырларды, олардың тораптарын, бөлшектері мен бөліктерін жобалауда, жасауда, монтаждау мен жөндеуде жұмыс қысымы, қызуы және ортаның химиялық белсенділігі ескерілген материалдар, жартылай өнімдер мен бұйымдар қолданылуы тиіс.

56. Материалдардың, жартылай өнімдер мен бұйымдардың сапасы мен қасиеттері тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс, ол дайындаушы зауыттың сертификаттарымен расталуы тиіс.

57. Паспорттары немесе сертификаттары жоқ материалдарды, жартылай өнімдер мен бұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сынаудан және бақылаудан өткізгеннен кейін қолдануға рұқсат етіледі.

58. Жемір сұйықтарды айдайтын нығыздағышты сорғыларда, нығыздағыш тұрған тетікті жауып тұратын, тоттанбайтын материалдан жасалған қорғаныш қаптамасы болуы тиіс.

59. Өзінің құрылымы, материалдар мен механикалық беріктігі жағынан құбыржелілері мен арматура жұмыстың ерекше жағдайына және олармен тасымалданатын заттардың қасиеттеріне сай келуі тиіс.

60. Жемір сұйықты тасымалдайтын құбырлардың құрсаулы жалғанған жерлерінің қорғаныш қаптамасы (кожухтар) болу тиіс, ал тасымалдағыш құбырлар адамдар өтетін өткелдердің үстінен салынғанда, олар науамен жабдықталуы тиіс.

61. Эстакадаларда жемір сұйықты өткізгіш құбырларды көміртекті болаттан жасалған басқа өткізгіш құбырлар үстінен төсеуге болмайды.

62. Барлық бекіткіш тетіктер, сондай-ақ қайтарма және сақтандыру қақпақшалары, орнатылар алдында және жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мезгілімен, бекітілген кесте бойынша механикалық беріктігі тексеріліп, саңылаусыздыққа гидравликалық сынақтан өткізілуге тиісті. Сынақ нәтижелері журналға жазылып, тіркеледі.

63. Барлық құбыр жолдары және оларға орнатылған бекіткіш тетіктер құбыр жолдарын пайдалануын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес анық таңбалануы және ерекше боялуы тиіс.

64. Еденнен 1,5 м астам биіктікте орналасқан жабдықтардың бөліктеріне қызмет көрсету үшін, олар стационарлық алаңдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

65. Геофизикалық және бұрғылау жабдықтарын, машиналар мен электрқозғалтқышты механизмдерді, электр техникалық қондырғылар мен аппаратураларды күтуші қызметкердің электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі II дәрежелі топтан төмен болмауы тиіс.

66. Жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің, аппаратуралар мен бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыс жұмыс істеуіне және оны қауіпсіз пайдалануға жауапты адам, тиісті техникалық білімі бар лауазымды қызметкерлер құрамынан тағайындалуы тиіс.

67. Жабдықтарға пайдалану мен жөндеу құжаттамаларының талаптарына сәйкес қызмет көрсету тиіс.

68. Бұзылған жабдықты, аппаратураны, аспапты, қоршауларды, тетіктерді және жеке сақтану құралдарын пайдалануға, сондай-ақ белгіленген міндетінен бөлек қолдануға болмайды. Жабдықтарды, механизмдерді, аппаратуралар мен бақылау-өлшеуіш аспаптарын пайдаланатын бөліністе олардың пайдаланылуы мен жөнделуі туралы мәліметтер енгізілген пайдалану және жөндеу құжаттары, төлқұжаты болуы тиіс.

69. Жабдықтарды, механизмдер мен аспаптарды төлқұжатта көрсетілген жүктеме мен қысым мөлшерінен артық пайдалануға рұқсат берілмейді.

70. Электр энергиясы кенеттен тоқтаған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерлер қауіпсіздік шарттарына қайшы келетін өздігінен қосылуына жол бермейтін механизмдерді қозғалысқа келтіретін электр қозғалтқыштарды дереу ажыратуы тиіс.

71. Жабдықтарға орнатылған, бақылау-өлшеу аспаптарында тексерушілердің пломбасы немесе таңбасы болуы тиіс. Аспаптар пайдалану нұсқауларында көрсетілген мерзімде, сондай-ақ көрсеткішінің дұрыстығына күдік туған әрбір жағдайда, тексерілуі тиіс. Манометрлер, масса көрсеткіштер және басқа бақылау-өлшеу аспаптары оларға қызмет көрсететін өндірістік қызметкерлерге көрсеткіші айқын көрінетіндей етіп орнатылуы тиіс.

72. Манометрдің шкаласында жоғарғы жұмыс қысымына сәйкес қызыл белгі болуы тиіс.

73. Жабдықтардың жай-күйіне өндірістік бақылау және қадағалау жүргізетін лауазымды қызметкерлер тұрақты бақылау орнатуы тиіс айына бір реттен кем емес.

Тексеру нәтижелері жабдықтардың жағдайлары туралы арнайы кітапшаға жазылады.

Жабдықты жөндеу алдын-ала жоспарлы жөндеу кестесіне сәйкес жұмыс жүргізу жобасы немесе технологиялық карталар бойынша дайындаушы зауыттың ұсынысы бойынша жүргізілуі тиіс. Жөндеу нәтижелері арнайы жөндеу-пайдалану кітапшасына (бұдан әрі -ЖПК) жазылады.

74. Бұрғылау жабдықтары, мұнаралар (мачталар), жүк көтергіш құрылғылар мен механизмдері:

1) бұрғылау жұмыстарын жүргізетін учаскенің техникалық басшымен - 2 айда бір реттен кем емес;

2) бұрғылау учаскесінің (цехтың) бастығы (механигі) – айына 1 реттен кем емес;

3) бұрғылау мастері - тоқсанына 1 реттен кем емес;

4) бұрғылаушы – ауысымды қабылдау кезінде қарап, тексереді.

75. Келтірілген мезгіл аралықтары ең азы болып саналады, қажет болған жағдайда ұйым басшылығы басқа да мерзімдерді орнатуға құқылы. Бұрғылау мұнарасының (мачтасының) қалыпты жағдайын тексеру келесі жағдайларда, яғни:

1) бұрғылау қондырғысының орнын ауыстырғанға дейін және одан кейін;

2) айналдыру құбырын түсіргенге дейін және одан кейін;

3) ашық жердегі күші 6-7 балл болатын, орманды жерлердегі күші 8 балл және одан да жоғары болатын желдерден кейін;

4) авариялардың салдарын жою жұмыстарына дейін және одан кейін жүргізіледі.

76. Инженерлік-техникалық қадағалау қызметкерлері жүргізген тексерулер нәтижелері қарау журналына тіркеледі.

77. Қосалқы жүк көтергіш механизмдерді (саптамалар, элеваторлар және тағы басқалары) мезгілімен тексеру және үтілге шығару тәртібі дайындаушы пайдалану басқару құжаттарының талаптарына сай жүргізіледі.

78. Белгіленген пайдалану мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғыларды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы қорытындысы оң бағалаған жағдайда одан әрі пайдалануға жіберіледі.

Нормативтік қызмет көрсету мерзімі өткен басқа да жабдықтар одан әрі пайдалануға қайта тексеру мерзімі көрсетілген және сәйкес актінің толтырылуымен ұйымның басшысы тағайындалып бекіткен комиссия оң бағалаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

79. Амортизациялық мерзімі біткен жабдықтардың одан әрі пайдалану мүмкіндіктерін бағалағанда, оның үлгісі мен қызметіне қарай лайықты бақылау (сынау) әдістері - механикалық, электрлік, гидравликалық, бүтін күйіндегі сынақтар және басқа да сынақтар қолданылуы тиіс.

80. Төмендегі әрекеттерге рұқсат етілмейді:

1) жұмысты қоршаусыз және дұрыс қоршалмаған жерде жүргізуге;

2) қандай да болсын затты қоршауда қалдыруға;

3) қозғалушы бөліктердің толық тоқтағанынша қоршауды немесе оның элементтерін алуға;

4) қоршаудың үстімен немесе астымен жүруге;

5) қоршауға кіруге, қозғалыстағы қоршалмаған арқандар мен белдіктер үстінен өтуге немесе оларға жанасуға;

6) түймеленбеген арнайы киіммен, ұштары салбыраған шалмамен және орамалмен жұмыс істеуге.

81. Қызметкер механизмдерді, аппараттар мен аспаптарды іске қоспас бұрын жүргізуші қауіпті аймақта ешкімнің жоқтығына көзін жеткізуі тиіс және қажет болған жағдайда ескерту белгісін (дыбыстық немесе жарықтық) беру тиіс. Бекітілген белгілердің мәні барлық жұмысшыларға таныс болуы қажет.

82. Пайдаланудағы барлық тракторлар, тартқыштар мен бульдозерлер қозғалтқышты тікелей кабинадан іске қосатын немесе трансмиссия іске қосылып тұрған кезде негізгі қозғалтқышты оталдырмайтын тосқауыл тетіктермен қамтамасыз ететін қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

83. Жабдықтар жұмыс істеп тұрғанда:

1) оларды жөндеуге, қандай да бір бөлігін бекітуге, қозғалыстағы бөлігін қолмен немесе оған арналмаған тетіктердің көмегімен тазалауға, майлауға;

2) тетіктің қозғаушы бөлігін тоқтатуға, белбеуді, сына белбеуді немесе шынжырлы берілістерді кигізуге, шешіп тастауға, тартуға немесе босатуға, арқанды немесе кабельді шығыр барабанына сүймендермен, басқа да иінтіректердің көмегімен және тікелей қолмен бағыттауға болмайды.

3) сорғы қосулы тұрғанда, құбырларды, жапқыш құрылғыларды, аппараттарды жөндеуге болмайды.

Жабдықтар мен механизмдерді қарағанда, жөндегенде және тазалағанда олардың қозғалтқыштары сөндіріліп, электр сызба ажыратылуы және жаңсақ қосылуына бөгет болатын шаралар қолданылуы тиіс, ал қосу қондырғыларына "Қосуға болмайды – адамдар жұмыс істеп жатыр!" деген ескертпе белгі қойылуы немесе ілінуі тиіс.

84. Жабдықтар мен өткізгіш құбырларды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу жұмыстарында, сол сияқты жабдықтардың тораптарын ауыстыру кезінде жұмыс жүргізудің немесе технологиялық карталардың жобасында қарастырылған жабдықтардың бұрыннан қалған немесе жаңа орнатылған тораптарының орнықтылығын қамтамасыз ететін операциялардың жүйелілігін сақтау тиіс.

85. Қол аспабы сайлы болуы тиіс. Өткір жиектері мен жүзі бар аспаптарды қабымен немесе сөмкелерде алып жүру тиіс, ал жұмыс кезінде ол байлаулы болуы тиіс. Соқпалы металл аспаптармен жұмыс істегенде міндетті түрде сақтану көзілдірігін пайдалану тиіс.

86. Бөлшектер мен жабдықтарды жууға және майдан арылтуға керосин, бензин, бензол, ацетон және басқа да жанғыш және тез тұтанғыш заттарды, сондай-ақ үшхлорэтилен, екіхлорэтан мен басқа хлорлы көмірсутектерді қолдануға болмайды.

87. Өндіріс қажеттілігінсіз агрегаттар алаңдарында, люктер маңы мен тар жолдарда, сол сияқты реттеуші және сақтық тетіктерінің және жемір сұйықпен немесе қысыммен жұмыс істейтін құрсаулы өткізгіш құбырлардың жанында болуға рұқсат берілмейді.

88. Барлық өткізгіш құбырларды жүйелі түрде ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес тексеріп қарау және жөндеу тиіс.

89. Жабдықтардың жарылыс қауіпті ортада жұмыс істеу мүмкіндігі (ортаның қауіптілік санатын көрсете отырып) оның техникалық төлқұжатында, сонымен қатар, пайдалану нұсқаулығында көрсетіледі.

90. Жұмыс кезінде шаңданатын жабдықтар, шаңға қарсы құрылғылармен жабдықталады.

91. Геологиялық барлау жабдықтарының құрылымдары (бұрғылау қондырғылары, шурф тескіш агрегаттар, каротаждық көтергіштер) тальдің және көтергіштердің темір арқандары мен кабельдерінің дұрыс оралуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл олардың алдын ала тозуына жол бермейді.

92. Жабдықтардың, механиздердің, аппаратуралардың, және бақылау-өлшеу аспаптарының қалыпты жағдайы мен оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін адамдар ұйым басшысының бұйрығымен, лауазымды қызметкерлер арасынан тағайындалады. Жауапты қызметкердің орнында болмаған кезінде оның қызметін орындау ұйым басшысының бұйрығымен оның орнында қызметі бойынша қалған қызметкерге жүктеледі.

93. Геологиялық барлау жұмыстарының техникалық басшылығына тиісті саладағы таукентехникалық жоғарғы оқу орнын бітірген жұмыскерлер ғана тағайындалады.

94. Бұрғылау және тау-кен шеберлігі мамандығына жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар адамдар жіберіледі.

95. Әрбір ұйымда басшылықтың бұйрығымен (өкімімен) электроқұрылғылардың жалпы жай-күйі және қауіпсіз пайдалану үшін жауапты электротехникалық персонал (лауазымды адам) жауапты адам тағайындалады.

96. Бұрғылау қондырғыларын электр беру желілеріне қосу (бұдан әрі - ЭБЖ) оқшауланған сымдармен немесе кабелдермен жүргізіледі.

97. Кабелді желілер жер бетінен 0,7 м. кем емес тереңдікте төселеді, ғимаратқа және бұрғылау қондырғысына кірер жерде – 0,5 м. кем емес.

98. Уақытша кабелдерді тұрақты немесе жылжымалы бағаналар арқылы тартыуға болады, күш түсетін тросқа немесе бағанаға сенімді бекітілгенде. Кабелдің ілу нүтелерінің ара қашықтығы 3 м. артық болмау тиіс. Кабелді бекітетін қамыттың, шеңгектің және басқа құралдардың құрылымы кабелдерге зиян келтірмеуі тиіс.

99. Металдан жасалған (темірбетон) бағаналар жерлендірілуі тиіс.

100. Кабелдерді жер бетімен тартуға болмайды.

101. Жұмсақ кабелдердің жалғанған жерлері қорғалуы тиіс. Қорғалғаннан кейін олар диэлектрикалық төзімділіке тексерілу тиіс.

102. Мына жағдайларда электрлік жабдықтарды пайдалануға болмайды:

1) қорғау және бұғаттау құрылғыларының ақауы болса (қорғаныс және жұмыстық қысқа тұйықталу, нөлдік, ең жоғары токтық және артық токтан қорғау, бұғаттау);

2) сыртқы орамдарының бұзылуы, сыртқы қаңқасының (электрлі қозғалтқыштың, іске қосқыштың) бүлінуі;

3) қаңқаларында тұтанатын материалдардың болуы;

4) өздігінен қосылуы немесе ажыратылуы;

5) электр қозғалтқыштардың орамаларының шығатын сымдарының сенімді қоршауларының болмауы;

6) кабельдер сымдарының электрлік аспапқа және басқа да қозғалмалы (өздігінен жүретін) электр жабдықтарына жалғанған жерлерінің сенімді бекітілмеуі;

7) сенімді бекітілулерінің (іргетастарға, рамаларға және басқаларға) болмауы, егер бұл электр жабдықтарының құрылымдарында көрсетілген болса.

103. Әрбір ұйым электрмен жабдықтаудың жалпы және цехтар мен учаскелерінде бөлек сызбасы болуы тиіс. Сызбалар қондырылған электрлік жабдықтарға сай болуы тиіс. Электрлік қондырғыдағы немесе оның желілеріндегі әрбір өзгеріс, міндетті түрде кіммен, қашан, және қай өзгеріс не себепті жасалғаны туралы жазылуы тиіс. Сызба электрлік шаруашылығына жауапты тұлғамен бекітілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет