Сельское хозяйство


Міндеттемелер бойынша берешек



бет79/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Міндеттемелер бойынша берешек – кәсіпорындармен уақытша тартылған және тиісті жеке және заңды тұлғаларға қайтаруға жататын ақшалай қаражаттар. Кредиторлық берешекті жөнелтілген өнімге төленбеген төлемдер, төленбеген салықтар, есептелінген төленбеген жалақылар құрайды.


Мерзімі өткен берешек - есеп беретін күнге өтелмеген берешектің өткен кезеңнен ауысқан қалдығы қосылған мерзімі өткен берешек сомасы.


Рентабелділік (пайдалылық) - салық салынғанға дейінгі пайданың (залалдың), өндірістік емес шығыстар есепке алғандағы, өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге кеткен шығындарға қатынасы анықталатын кәсіпорын жұмысының тиімділігінің көрсеткіші есептеледі.
Бастапқы құн – бұл негізгі құрал-жабдықтарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны, оған төленген, өтелмейтін салықтар мен алымдар қосылады, сондай-ақ жеткізуге, құрастыруға, орнатуға, іске қосуға жіберілген шығындар және одан әрі пайдалану үшін негізгі құрал-жабдықтарды жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты кез-келген басқа да шығыстар кіреді.
Баланстық құн – құнсызданудан жиналған амортизация мен жиналған залал сомасы алынған, актив бухгалтерлік баланста танылған сома.


Негізгі құрал-жабдықтарды жою (шығарып тастау) коэффициенті негізгі құрал-жабдықтарды ұдайы өндірумен сипатталады. Жыл бойы шығарылып тасталған негізгі құрал-жабдықтардың жыл басына нақты барына қатынасы ретінде анықталады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту коэффициенті қайта іске қосылған негізгі құрал-жабдықтардың жыл соңына олардың нақты барындағы үлес салмағын бейнелейді.
Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы (тозуы) бұл активті сатып алу құнының активтің пайдалы қолдануының мерзімі ішінде болатын, шығысқа немесе өнімнің өзіндік құнына бірте-бірте көшу үрдісі.
Тозу дәрежесі – негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құнына қатынасы.
Материалдық емес активтер – негізінен табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылық» берілген және баланста саналатын кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы немесе тұрақты табыс әкелетін активтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет