Семья indd


оай, арапайым дниелер. Алайда ойындарды, жаттыуларды



Pdf көрінісі
бет16/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

оай, арапайым дниелер. Алайда ойындарды, жаттыуларды 
кнделікті жасау ата-анадан орасан зор ебекті талап етеді.
4 жасқа дейін баладан дыбысты дұрыс айтуын талап етпеу 
керек. Бастысы сөйлей алса болғаны, 4 жастан кейін де қате 
дыбыстарды түзетуге болады.
«Қонаққа барамыз» ойыны. Баламен үй иесі және қонақ 
болып бөлініп, қонақты күтіп алып, оған ас ұсынып, онымен 
әңгімелесіп, қонақты шығарып салу әрекеттерін орындаймыз.


35
34
ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Балада қимыл-қозғалыс әрекеті белсенді болса, оның физи-
калық, психикалық дамуы қарқынды болады. Қимыл-қозғалыс 
екі үлкен топқа бөлінеді:
- Барлық дене мүшемен орындалатын қозғалыс: жүру, жүгіру, 
баспалдақпен көтерілу, түсу, ролик, коньки, велосипед тебу, 
суға жүзу, доппен ойнау т.б.
- Қолмен, саусақтармен орындалатын әрекеттер: қасық, ша-
нышқы, пышақ, балға, ине, қысқыш ұстап, оны қолдана білу, өзі 
киініп – шешіну, бауын байлау, түймелерін салу, тамақ пісіру, 
кір жуу, киім бүктеу т.с.с.
Ұсақ моториканың жақсы дамуы, баланың сөйлеу тілінің 
дамуына орасан зор үлесі бар. Яғни, үнемі баланы жаттықтыру, 
оны сөйлеуге ынталандырумен пара-пар:
- Баланың алақанынан білегіне дейін уқалау (қолдың ішкі 
және сыртқы жағынан);
- Бас бармақтан басқа саусақтарды 2-4 рет бүгіп-ашу;
- Бас бармақты алдыға- артқа, оңға- солға қозғалту;
- Қарандашты екі алақан арасына қысып сырғыту;
- Кішкене резиналы грушаны (дәріханадан алуға болады) 
қысып мақтаны ұшыру;
- Газет, керексіз қағаздарды умаждау;
- Пазл, конструктор құрау;
- «Қуыр-қуыр қуырмаш» ойнау;
- Екі саусақпен адам аяқтары тәрізді етіп, рөлдік ойындар 
ойнау.
Ұсақ моториканы дамыту арқылы бала тілінің дамуына төте 
жол таба аламыз. Қол, қолдың білезік және саусақтарының 
қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындарды біз 
көп аңғара бермейміз. Ал анығында бұл дамытушы құралдардың 
пайдасы орасан зор. Мозайкалар, конструкторлар арқылы баланың 
байқағыштығы, төзімділік пен табандылығы шыңдала түседі.
Моншатармен ойын
Екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған 
бау және әртүрлі теңдіктегі, әртүрлі өлшемдегі моншақтар беріледі. 
Көз- қол бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі 
ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамытады. Бұл 
жаттығуды 3 жастан асқан балалармен орындауға болады.
Баулармен ойындар
Арнаулы қатты қағаз бетіне түсірілген суреттер арқылы 
өткізілген бауларды дұрыс бағыттау ойынын ойнауға болады.
Мысалы: Сиырдың төлі- бұзау( сиырдан түйреген бауды бұзауға 
апарамыз), жылқының төлі – құлын, мысық – марғау т.с.с. Қанй 
жануардың тамағы: Сүйек – иттің тамағы, шөп – миырдың, сүт – 
мысықтың т.б. Сонымен қатар бәтеңкесінің бауын өткізіп, қайта 
тарқату жаттығуы пайдалы. Бауларды түстерге топтастырып 
жіктеп те ойнауға болады. Жоғары – төмен, оң- сол ұғымдарын 
игеруге жәрдемдеседі, тілді дамытып, зейінді тұрақтандырады. 
Қол икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.
‡аазбен ж мыс
Жай ғана қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай 
бөлшектерге жыртып, алақаннан қар ұшырғандай дем алу 
гимнастикасын орындауға болады. Оны умаждап доп жасап 
ойнап, баланың қиялын шыңдауға болады. Уйдегі дайын дөңгелек 
пішінді заттарды қағаздың ұсақ қиқымдарын сулау арқылы 
жабыстыруға болады. Баланың естияр кезінде оригами өнерін 
игерудің де пайдасы ұшан теңіз.
‡ыстырыштармен ойын
Қыстырғыштармен ойналатын ойындар да өте нәтижелі. Ол 
баланың ұсақ моторикасын, ақыл- ойының, тілінің дамуына зор 
ықпал етеді. Мысалы:Түрлі- түмті қатты қағаздардан дөңгелектер 
жасап, сондай түсті қыстырғыштарды қыстырып гүл құрастыруға 
болады. Жіпке қиылған суреттерді қыстыру арқылы фото зона 
жасауға болады.
Сурет салу
Бұл барлық балалардың сүйікті ермегі. Қарындаш, қылқаламмен 
парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. 
Қарда , құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға 
болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен және т.б әдістермен
яғни бейнелеудің дәстүрлі емес нехниакалары арқылы сурет салу 


37
36
өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әртүрлі пішінді фигураларды 
салу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін 
салу – шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті 
қабылдауды дамытады.
Ермексазбен ойын
Ермексаздың артықшылығы – оны бала қалауынша қалыпқа 
келтіре алуында және кез- келген уақытта ермексазды бүлдіріп 
алам деп қорықпастан жұмысына өзгерістер енгізеді, өз ісіне 
деген сенімділік тудырады. Бүгінгі дамыған технологиялар 
арқасында ермексаздың жетілдірілген түрі – хендгам шықты. 
Ол қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Мұндай 
ойындар ұсақ саусақ моторикасын дамытады, ашушаңдықты 
басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың 
бұлшықеттерін бекітеді.
ЕЛІКТЕУДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 
ОЙЫНДАР
ˆша
Бұл ойында «у» дыбысын еліктеу арқылы айтуға үйретеміз:
Ұшты- ұшты, 
Самолет ұшты 

Қанаттарымызды жаямыз да ұшамыз: У-У-У! Қолда-
рымызды екі жаққа созып, бөлмені айналып жүгіреміз.
Машина
Ойында екі бірдей дыбысқа еліктеу жүзеге асады

Кел кеттік машинамен ойнайық. Машинаны жүргізейік, 
міне: Ж-Ж-Ж!
Келе жатып сигналын басты: би-бип. Жолдан былай тұрыңдар!-, 
осылайша ойыншық машинамен немесе өзіміз машинаның 
рөлінде болып ойнауға болады.
Тамшылар
Екі-үш дыбыстан тұратын буындарды үйренеміз. Алақанды 
ашып, тамшылар тамғандай сұқ саусақпен ұрғылап:
Кап-кап-кап-кап,
Дин-дон-дин-дон.
Тереземді кім қақты
Таңертең жаңбыр жауып,
Балаларды оятты.
Барабан соу
Екі таяқпен тақтайдың үстінен ұрамыз немесе алақанымызбен 
кезектестіре қолды ұрғылап айтамыз:

Барабанды біз қалай соғамыз: ТА-ТА-ТА!
БОМ-БОМ-БОМ
БАМ-БАМ-БАМ
Ритм- сөйлеудің негізгі құрамдарының бірі. Ұйқас өлеңдерді 
ерте жастан естіп өскен бала, тілі шыққанда мағыналы,мәнерлі 
сөйлей алатын болады. Балалардың барлығы жеңіл ұйқас 
өлеңдерді сүйіп тыңдайды. Өлең баяу, нақты, қысқа ұйқас 
болғаны жөн.


39
38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет